Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет229/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Этиологиясы: созылмалы, оның ішінде латентті вирустық инфекцияның ролі бар. Онковирус типті баяу вирустар жасуша геномына орналасып, өмір сүре береді. Организмге қолайсыз жағдайларда осы вирустардың белсенділігі артып, жасушалардың биологиялық тепе-теңдігін өзгертеді, сөйтіп олар аутоантигендік қабілет алып, өзінің иммундық қорғаныс күштерінің шабуылына ұшырайды. А1, В8, DR3 HLA- антигендердің склеродермия ауруына генетикалық бейiмдiлiгi болады.
Себепші факторлар әр түрлі болуы мүмкін: физикалық жарақат, суық әсеріне ұшырау, созылмалы инфекция ошағының асқынуы, жедел инфекциялық (тұмау, ангина, скарлатина т.б) аурулар, вакциналар мен дәрі-дәрмектерді (сульфаниламидтер, антибиотиктер) қабылдау, стресс алу.
Патогенезі
1.Иммунды механизм-иммунокомпетенті жасушалардың активациясымен қамтамасыз етіледі. Т-лимфоцит және макрофагтар дерманның алғашқы ошағына белсенді көшеді (клиникасы- тығыз ісіну, бастапқы индурация)
2. Күшейтiлгенколлагеннiңмеханизмі-фибробластармен және коллагентүзуші жасушалармен қамтамасыз етіледі. Функциональды белсенділігінің жоғарлауы пiспегенколлагеннiңкүшейтiлгенсинтезiне алып келедi. Бұл ішкі мүшелер мен терінің айқын фиброзына, ал содан соң склерозға алып келеді.
3. Микроциркуляция бұзылысының механизмі-эндотелийпролиферациясы мен деструкциясы, интиманның тығыздалуы мен гиперплазиясы, фибриноидты өзгерістерімен байланысты. Клиникалық механизмі Рейно синдромы мен көрінеді, яғни өкпе мен бүйрек бұзылыстары, ол трофикалық, ишемиялық, некротикалық өзгерістерді шақырады.
4. Аутоиммунды реакция механизмі- піспеген коллагенмен шақырылады, ол антигеннің белсенділігіне ие болады. В сарысуында аурудың қанында АТ жоғарлауы көрінеді, сонымен қатар иммунды жүйесінің, субпопуляцияныңТ-жасушасыныңсупрессорлы белсенділігінің төмендеуі байқалады.
Клиникалық көрінісі: Склеродермияның ең негізгі тұрақты белгісі- терілік синдром. Тері бұзылыстары көбінесе бет пен қолда ( ЖС-ныңакросклеротикалық варианты), бірақ дараланған ошақты түрде басқа жерлерде де болады.

Склеродермия ошағының көлемі мен саны әр түрлі, пішіні дөңгелек, сопақ немесе жолақты келеді. Бұзылыс ошағындағы тері әуелгі кезде аздап ісіңкі, төңірегі қызыл түспен көмкеріледі, соңынан қатайып, піл түсіне ұқсап, тері өзгерісі ақыры атрофияға ұласады. Ошақты бұзылыстың “қылыш сабы” типінде құбылысқа тек тері ғана емес, оның астындағы шел қабаты, кейде сіңір және сүйек қатысады. Аяқтағы тері бұзылыстары бұлшыұеттер мен сүйек атрофиясы, контрактура, деформациямен бірге байқалады.

ЖС-ныңакросклеротикалық вариантында аурудың бет әлпеті өзгереді: бет қатаюында, аотрофиясына байланысты, бірте-бірте мимика қимылдары азаяды, мұрын ұшы үшкірленеді, ерні жұқарып, аузын ашу, тілін шығару қиындайды, қасы мен кірпіктері және склеродактилия дамуымен көрініс алады.
Склеродермияныңдиффузды вариантында бұзылысқа кеуде, арқа,іш, бұған қоса аяқ терілері біржақты өзгеріске қшырайды (гемисклеродермия).
Кеселдің ең ерте және тұрақты көріністерінің бірі-тірек-қозғалыс аппаратының бұзылысы: жүріс өзгерісі, ірі және кіші буындарда контрактура дамуы. Осылар кейін балаларды мүгедектікке соқтырады. Бұл құбылыс миопатиялық синдром, миалгиямен қабаттасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет