Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Десенсибилизациялық терапия



бет237/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Десенсибилизациялық терапия: супрастин 2%-2,0 б/е. Супрастин , димедрол б\е беруге болады.

  • Ісік көмей және жұтқыншаққа жайылған кезде қосымша 0,3 мл араласқан адреналинді тері астына баяу енгіземіз.

  • Зәр айдағыш дәрілік заттар: лазикс 40-80 мгк/т ағызып 10-20 мл физиологиялық ерітіндімен.

  • Бронхоспазм болса , небулайзер арқылы қабынуға қарсы β2-адреномиметиктерді қолданамыз - сальбутамол 2,5-5,0 небулайзер арқылы;

  • Бронхоспазм қайтпай, сақталып тұрса көктамырға біртіндеп ағызып (струйно) 5-6 мг/кг 2,4 % аминофиллин ерітіндісін 20 минут ішінде құяды. Немесе көктамырға тамшылатып, 0,2-0,9 мг/кг/сағбронхоспазм жоғалғанға дейін құяды.

  • Брадикардия болса, теріастылық атропин иньекциясы жасалынады (0,3-0,5 мг). Қажеттілік болса 10 минуттан кейін қайталауға болады.

    Артериялық қан қысымы төмендеп кетсе, кристаллоидтық ерітінділерді енгізеді. Ол сонымен қатар қанайналымның тазаруын жүзеге асырады:

    • декстран, орташа молекулярлы массасы 35000-45000 Дальтон;

    • натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін 1-2 литр мөлшерде құю (5-10 мл/кг алғашқы 5-10 минут ішінде), (немесе басқа изотоникалық ерітінділерді қолдану)

    Сонымен қатар, вазопрессорлы аминдерді беруге болады:

    • норэпинефрин, 2-4 мг (1-2 мл 0,2% ерітінді), 500 мл 5% глюкоза ерітіндісіне немесе 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісіне бөліп құю, инфузия жылдамдығы 4-8 мкг/мин АҚ қалпына келгенге дейін.

    Допамин (в/в тамшылатып):

    • - 400 мг ерітіндіні 500 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісіне немесе 5% глюкоза ерітіндісіне ерітеді, енгізу жылдамдығы 2-20 мкг/кг/мин, систолалық қан қысымының деңгейі 90 мм сын.бағ . болғанға дейін дозаны титрлейміз.

    • анафилактикалық шоктың ауыр түрінде допаминді енгізу жылдамдығы 50 мкг/кг/мин немесе одан жоғары болуы мүмкін;

    • -тәуліктік дозасы 400-800 мг (максимальді- 1500 мг).

    • Гемодинамикалық көрсеткіш тұрақталған сайын дозасын азайтамыз.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   239




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет