Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Қолқа(аорта) саңылауының тарылуы-



бет47/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Қолқа(аорта) саңылауының тарылуы- сол жақ қарынша жиырылғанда қан қолқаға кедергіге тап бола отырып өтеді. Қолқа саңылауы тарылу себептері: ревматикалық, бактериалдық эндокрадит және атреосклероз. Қолқа жармаларының бірімен бірі қабысқаннан және тыртықтың әсерінен тесіктің тарылуы пайда болады.
Гемодинамикасы: Қолқа саңылауының аз ғана тарылуы қан айналымын бұзбайды. Тесіктің тарылуы қалыпты жағдайда 3см-ден 1,0-0,5см-ге дейін болса, сол жақ қарынша қаннан түгел босай алмайды, қан түгел тар тесіктен қолқаға өтіп үлгермейді. Диастола кезінде қалған қанның үстіне сол жүрекшеден қалыптағыдай қанның мөлшері келеді, осының әсерінен сол қарыншадағы қысым көтеріледі.
Клиникалық көрінісі: Қолқаның тарылуы көп жылдай клиникалық жағынан байқалмайды. Қолқаның тесігінің тарылғанынан артерия саласына қан аз мөлшерде түседі, сондықтан миокардтың қоректенуі бұзылады. Осының әсерінен науқастардың жүрек аймағындағы ауыру сезімі жүрек ұстама ауруына асқынады. Мидың қанмен қоректенуінің бұзылуы салдарынан бастың айналуы, ауруы, есінен тануы кездеседі. Қарап тексергенде - терісінің бозаруы байқалады. Пальпацияда- жүрек аймағында, қолқа үстінде систолалық діріл -"мысық пырылы" сезіледі. Перкуссияда- жүректің сол жақ шекарасы солға қарай ығысып және оның қолқа пішінді болып қалыптасуы сол жақ қарыншаның қалыңдауының әсерінен болады. Аускультацияда - жүрек ұшында 1 тон әлсіз, қолқа үстінде 11 тон бәсеңдейді.
Рентгенологиялық зерттеуде - қолқалық тарылуда сол жақ қарыншаның қалыңдауы және қолқалық пішін байқалады. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның және тәждік қан тамырдары қызметінің жетіспеушілік белгілері байқалады. ФКГ- да жүрек тондарының өзгерістері: жүрек ұшында 1 тонның, қолқада 11 тонның амплитудасының қысқаруын көрсетеді.
ЭХОКГ- да - систола кезінде айшық тәрізді қақпақшаның ашылуының күрт төмендеуін және сол қарыншаның қалыңдауының белгісін көруге болады.
Үш жармалы қақпақшаның(трикуспидальді) қызметінің жетіспеушілігі - органикалық және салыстырмалы түрде болады. Органикалық жетіспеушіліктің сирек кездесетін ақауы: ревматикалық эндокардиттен кейін, үш жармалы қақпақшаның папиллярлы талшықтарының зақымдануы әсерінен бұзылуы мүмкін. Бұл жеке ақау ретінде сирек кездеседі, бірақ басқа ақаулармен қосарласып келеді. Салыстырмалы жетіспеушілігі жиі кездесетін ақау - оң жақ қарыншаның ұлғаюына және оң жақтағы оң жақтағы атриовентрикулярлық тесіктің кеңеюіне орай пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет