Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


ПАЦИЕНТТІ КЛИНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ



бет14/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

ПАЦИЕНТТІ КЛИНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
Пациентті тексеру әдістері. Пациентті зерттеуде қолданылатын тәсілдер, негізгі және қосымша болып екі топқа бөлінеді. Негізгі тәсілдерге жататындар:

  1. Субъективті зерттеу- ауру адамды не оның тума- туысқан, жақындарын сурастыру

  2. Объективті зерттеу/ инспекция/

  3. Сипау/ пальпация/

  4. Қағу, тақылдату/ перкуссия/

  5. Тыңдау/ аускультация/

Қосымша тәсілдер:

  1. Лабораториялық тәсілдер

  2. Аспаптамен / инструментальды/ зерттеу

  3. Дәрігерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар.

Ауруды анықтау үшін оның белгілерін және сол ауруға тән ағзадағы өзгерістерді білу керек. Аурудың әр түрлі белгілерін анықтап білу үшін зерттеудің әр түрлі әдісін, тәсілдерін қолдану керек. Зерттеу толық болу үшін, оны белгілі жоспармен жүргізеді.
Зерттеудің түрлері: Субъективті, объективті, аспапты және лабораториялық.
Субъективті симптом - науқас адам ауруының белгісін сезіп, ауруы туралы өзі айтып жеткізу. Мысалы: бас айналу, тұншығу, жүрек айну.
Объективті симптом: бұл тексерген кездегі анықталған белгі, мысалы: көгеру, ісіну, бауырдың ұлғаюы.

Субъективті зерттеу әдістері


Субъективті зерттеу әдісіне пациентті сұрастыру әдісі кіреді, оны белгілі жоспармен өткізеді: науқас туралы жалпы мәлімет, пациенттің шағымдары, ауру анамнезі/тарихі/, пациенттің өмірінің анамнезі.
Анамнез - /грек тілінен анамнезис- еске түсіру, еске алу/ - сұрау барысында науқастың өзі немесе жақындары, таныстары науқас жайында және оның ауруы жайында берген мәліметтері.
Науқас туралы мәліметтер: бұл сұрастыру, бөлімшеде пациент туралы мәлімет жинау: аты, жөні, тегі, жасы, (туған күні және толық жасы), жынысы, ұлты, мекен жәйі, білімі, мамандығы, жұмыс орны және атқаратын қызметі. Пациент өз жасынан үлкен көрінсе, онда атеросклероз немесе гипертониялық ауру деп ойлауға болады. Мамандығымен әлеуметтік- тұрмыстық жағдайын білсек, онда аурудың даму себептерін анықтауға болады / мысалы улану, салқын тию және т.б/.
Соңында басқа мүшелері бойынша сұрастыру жатады, әр жүйенің бұзылуына байланысты симптомдарды біліп оларды сұрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет