Үш жармалы қақпақшаның тарылуы Үш жармалы қақпақшаның жүре пайда болған тарылуы ылғида ревматизмдік болады және жүректің басқа ақауларымен қабаттасады. Ол басқада ревматизмдік ақаулар сияқты ревматизмнің нәтижесінде дамиды. Өте сирек жағдайда оң жақ жүрекше – қарынша тесігінің тарылуы септикалық эндокардит кезінде пайда болады.
Оң жақ жүрекшеде қысым жоғары болады. Оң жақ атриовентрикулярлық тарылуы бар науқастарда босаңсу кезінде қалыпты жағдайда анықталмайтын жүрекше мен қарынша арасындағы қысым градиенті жоғарылаған. Оң жақ жүрекшеде қысымның көтерілуімен бірге барлық көк тамырлық жүйеде қысым көтеріледі, ірі көк тамырларда әсіресе бауырда тоқырау ерте байқалады. Ұлғайған бауыр және қақпалық көк тамыр жүйесі қанның үлкен қоймасына айналады, бұл көк тамырлық қысымның көтерілуі мен шеткергі ісіктер дамуын біршама шектейді. Қақпалық гипертензиямен бірге асцит пайда болады, ол бауыр фиброзы дамуымен үдей түседі. Ақауды оң жақ жүрекшенің теңгеруленуі жетілмеген және қысқа мерзімді болады.
Үш жармалы қақпақшаның тарылуындағы науқастардың негізгі шағымдары: оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі, жүрек соғуы, ісіктер, жалпы әлсіздік және тез шаршағыштық. Қарағанда айқын көгеруден басқа мойын көк тамырларының лүпілі байқалады. Кейде дем алу шегінде семсер өсінді тұсында босаңсулық діріл байқалады. Ішті сипалағанда бауырдың ұлғаюы және оның пульсациясы байқалады. Тамыр соғысы жұмсақ, төмен. Артериалдық қысым жиі төмен болады. Қан айналым жылдамдығы өте төмендеген.
Жүрек ақауларындағы алдын алу шаралары. Науқастарды диспансерлік нұсқауы бойынша ревматолог, учаскелік терапевт бақылайды. Аурудың ағымына байланысты жылына 2 - 4 рет қарап отырады. Қажет болған жағдайда басқа маманды дәрігерлер тексереді:кардиолог, отолариноголог, стоматолог.Қаралған сайын қан, зәр анализдері тексеріледі, ЭКГ, ЭХО-КС жүргізіледі. Тұмауға қарсы иммунизация жүргізіп, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдеткен жөн.
Коронарлық жетіспеушілік синдромы(стенокардия,миокард инфаркты). Атеросклероз туралы түсінік. Себептері. Симптомдары, олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы. Артериальды гипертензия синдромы. Симптомдары, механизмдері. Диагностикалық маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |