Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет116/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Диспепсиялық шағымдар- бұл жүрек айну,құсу,тәбеттің төмендеуі,метеоризм,ықылық тию,іштің өтуі:нәжіс сүйықтау,майланып жылтыраған,өте жағымсыз иісті болады. Ұйқы безінің сөлі бөлінбегендіктен тағам қорытылмай науқастар тез жүдеп,әлсірейді, терісі құрғақтанады. Патологиялық процесс ұйқы безінің басында орналасқанда болады. Сарғаюдың механизмі: үлкейген ұйқы безінің басы өт қабының түтікшелерін қысып қалып, өт ішекке өтпей қалып, қанға сінеді. Ұйқы безінің ішкі секреция қызметі бұзылғанда науқаста шөлдеу,бас айналу, талып қалу мүмкін.
Анамнез. Пациентті сурастырғанда ерекше көңілді тамақтануына, әсіресе майлы тамақты көп мөлшерде қолдануына және тамақтану уақытына аударады. Яғни ішімдік,нашақорлық,созылмалы холецистит туралы сұрайды.
Зерртеудің физикалық әдістері.
Қарау: жалпы қарауда жүдеу,кейде кахексияға дейін,тырналған іздер,гемморагиялар,сарғаю,терінің бозаруы,құрғауы,тургорының төмендеуі анықталады.Жедел панкреатитте тіл құрғақ,сұр тұтықпен қапталған,шеттерінде тістің іздері.
Пальпация. Беткей пальпацияда эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауырсыну бұлшық еттердің қатаюы анықталады.Ұйқы безінің терең пальпациясы өте күрделі,арық адамдарда іштің прессін босатқан кезде анықтау болады. Пальпацияны ертенгісін ішті өткізетін дәрілерді бергеннен кейін ашқарынға жасайды. Сипап анықтауды терең жылжымалы пальпация әдісімен жүргізеді. Сипайтын қол асқазанның төменгі шекарасынан 2-3см жоғары орналасып теріні жоғары көтереді,пациент әр ауа шығарған сайын қол терең кіреді.артқы қабырғаға тірелген кезде қол жоғарыдан төмен жылжыйды.Қалыпты жағдайда ұйқы безі көлденең орналасқан диаметрі 1,5-3 см жұмсақ. Созылмалы панкреатитте қатайған болады.
Перкуссия. Ұйқы безінің үстінде түйықталған тимпаникалық дыбыс анықтауға болады,ұйқы безі үлкейген кезде түйық дыбыс естілуі мүмкін.
Ұйқы безінің ауруларында кездесетін синдромдар:

  1. Ұйқы безінің алғашқы сыртқы секрециясының жетіспеушілігі оның жетілмеуінде және муковисцедозда болады

  2. Ұйқы безінің екіншілік сыртқы секрециясының жетіспеушілігі әр түрлі паренхимасы зақымданған ауруларда, өзегінің таспен бітелуінде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет