Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Сыртқы секрециясының жетіспеушілігінің 3 кезеңі



бет117/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Сыртқы секрециясының жетіспеушілігінің 3 кезеңі

  1. бірінші/бастауыш,жасырынды/көп тамақ ішкенде сөл жетіспейді.

  2. екінші/айқын панкреатикалық жетіспеушілік/жиі және үнемі іш өту,стеаторея,креаторея,амилорея

  3. үшінші- дистрофиялық ,дене салмағы кахексияға дейін төмендеп ,басқада мүшелермен ұлпаларда дистрофиялық өзгерістер пайда болады.

Ұйқы безінің ішкі секреция жетіспеушілігі қант диабеті белгілерімен білінеді.
Ұйқы безі сырқаттанған науқастарды зерттеу



Шағымдары:

  1. Ауырсыну/мінездемесі, тамақпен байланысы,иррадиациясы/

  2. Жүрек айну

  3. Құсу

  4. Жалпы әлсіздік

  5. Сарғаю

  6. Іш өту/түрі/

  7. Шөлдеу

  8. Талып қалу

  9. Бас айналу

10. Жүдеу




Ауру анамнезі:

  1. аурудың себебі

  2. аурудың басталуы

  3. ағымы

  4. жүргізілген зерттеулер

  5. емдеу,нәтижесі




Өмір анамнезі

  1. ауырған аурулары/холецистит/

  2. тамақтану ерекшеліктері

  3. зиянды әдеттері

  4. тамақтану тәртібі




Науқасты тікелей зерттеу

Қарау

Пальпация

Перкуссия

  1. жүдеу

  2. сарғаю

  3. теріде тырналған іздер,гемморагиялар

  4. циааноз

  5. терінің құрғақтығы

  6. метеоризм

  1. сол жақ қабырға астында Щеткин симптомы

  2. Ұйқы безін

  3. Ішекті

  4. Бауырды

  5. Аортаны құрсақ бөлімі

1Ұйқы безі үлкейгенде үстінде түйықталған дыбыс




Лабораториялық ж/е аспаппен зерттеу әдістері

  1. ЖҚА

  2. БҚА/белок,фракциялары,билирубин,амилаза/

  3. Копроцитограмма

  4. Панкреатикалық сөлді зерттеу

  5. Несепті диастазаға зерттеу

  6. Іш құрсағының рентгенографиясы

  7. Ұлтабардың Р-скопиясы

  8. Ұйқы безінің УДЗ-і

  9. Сканерлеу



Бауыр,өт жолдары сырқаттанған
пациенттерді тексеру әдістері.


Жоспар:

  1. Бауыр,өт жолдарын тексеру

  • шағымдары

  • анамнезі

  • қарау

  • пальпация

  • перкуссия

  • схема

Сұрастыру


Шағымдары. Бауыр және өт жолдары ауруларына тән шағымдарға ауырсыну, диспепсиялық шағымдар,қызу көтерілуі ,тері қышуы,сарғаю және қан кетуі жатады.
Ауырғандықтың себептері:

  1. бауыр мен өт қабын жауып турған іш пердесінің жедел және созылмалы қабынуы

  2. қабынған және қан іркілгеннен бауырдың үлкеюі

  3. өт қабымен өт жолдарының қабынуы

  4. өт тас ауруы

  5. өт жолдарының дискенезиясы

Ауырғандық тұрақты ұзақ және ұстамалы болады. Ұзақ аурғандықта оң жақ қабырға асты сыздап кернеп ауырады, кейде ол жерде ауырлық бар сияқты сезім болады. Ұстамалы ауырсыну өт не бауыр шаншуы деп аталады. Ауырғандық шыдауға болмайтын өте күшті болады және кенеттен пайда болады, бір күшейіп, бір бәсеңдеп бірнеше сағатқа не бірнеше тәулікке созылуы мүмкін. Басталған сияқты кенеттен тоқтайды.
Ауырудың орналасқан орны- оң жақ қабырға асты және эпигастрий аймағы. Иррадиациясы-оң жақтағы жауырын, жауырынаралық маң, оң қол.
Ауырғандықты тұдыратын факторларға өткір және майлы тамақ ішу,ауыр күш түсу,көліктің селкілдетіп жүрісі жатады. Осы жағдайларда өт қабындағы құм,тастар жылжып өте күшті ұстамалы түрде ауырсыну береді.кейде ауырсыну етеккір алдында,не одан кейін және босанғаннан кейін өт қабы қызметіне гормональды өзгерістердің әсер етуіне байланысты пайда болады.
Өт жолдарының дискенизиясында ауырсыну өт қабының жиырылуымен сфинктер Одди босансу координациясының бір- біріне сәйкес келмеуінен дамиды. Осы жағдайда өт қабының босауы бұзылып,өт қабында өт іркіледі,соңдықтан қабырғалары кеңіп, тырысқақ жиырулар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет