Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет134/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Дәріс жоспары:
1.

45минут

4

Өткен материалды бекіту(әдістері мен тәсілдері)
Фронтальді сұрақтар:
1.

30минут

5

Сабақтың қорытынды кезеңі:
а) Оқушыларды бағалау
б) Үйге тапсырма

5 минут







100 минут

1.3 Дәріс тезистері.
1.4 ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ: слайдтар, тақырыптық постер, сөз жұмбақтар, ситуациялық есептер
ӘДЕБИЕТТЕР:
НЕГІЗГІ:

  1. Василенко Х.В., Гребенова А.Л «Пропедевтика внутренних болезней» Москва, Медицина 1989 год.

  2. Аванесьянц Э.М. «Пропедевтика клинических дисциплин» Ростов-на- Дону. Феникс 2002г.

Қосымша:
1.Қағаз және электронды нұсқадағы оқу-әдістемелік құралдар
2. Дидактикалық және көрнекі құралдар
3. Демонстрациялық оқулық фильмдер


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)
1. Негізгі синдром: бүйрек ұстамасы, нефротикалық синдром, бүйрек жетіспеушілігі, артерилды гипертензия синдромы.
2. Синдромдардың себебі, олардың симптомдары, оларды анықтау тәсілі, диагностикасы
ДӘРІС ЖОСПАРЫ
1. Бүйрек - зәр шығару жүйесі ауруларының негізгі синдромдарымен таныстыру және түсіндіру: бүйрек ұстамасы, нефротикалық синдром, бүйрек жетіспеушілігі, артерилды гипертензия синдромы.
2. Синдромдардың себебі, олардың симптомдары, оларды анықтау тәсілі, диагностикасын үйрету
Нефротикалық синдром — күнделікті несеппен ақуыздың көп мөлшерінің жоғалтылуымен, бүйрек шумақшаларының қызметінің бұзылуы салдарынан организмде үшглицеридтер және холестерин деңгейінің жоғары болуымен сипатталатын жағдай.
Несеп бөлу жүйесі бүйректен, несепағардан, үрпіден және несепқаптан (қуық) тұрады. Бүйрек –жұпты ағза. Әр бүйректің тостақшасы, түбекшесі, өзектік және қабықтық заттегі бар. Бүйректің қан айналымы бүйрек арериясымен қамтамасыз етіледі, ал бүйрек венасы бүйректен веналық қанды шығарады. Бүйректе қан сүзіледі және организм қоқыстардан тазартылып, несеппен несепағар арқылы шығарылады. Сүзілудің бұзылысында нефротикалық синдром байқалуы мүмкін.
Нефротикалық синдром кез келген жаста пайда болады. Балаларда ауру 2-6 жас аралығында ке таралған. Бұл бұзылыс әйелдерге қарағанда ерлерде жиірек кездеседі.
Себептері
Әрқашан дерлік нефротикалық синдромның негізінде нефриттің (стрептококктан (микроб түрі) туындаған бүйрек ауруы) қандай да бір түрі жатады.
Синдромның жіті түрінің өзі біртіндеп басталады, алайда, синдромның дамуы туындатушы факторлардың бірінің әсер етуінде үдейді, мысалы, стрептококты баспада немесе басқа ауруда. Нефротикалық синдромның нақты осындай дамуын жіті атайды, себебі, барлық симптомдары тез көрініс береді.
Алайда, ауру көрінетін алғашқы белгілерінен біраз уақыт бұрын дами бастайды. Егер ауру біртіндеп ушығатын болса, бұл түрі жітілеу аталады.
Нефротикалық синдромның созылмалы барысы кезеңді қайталанбалы ауру саналады.
Ауру келесі аурулардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін:
· Қант диабеті
· Генетикалық бұзылыстар
· Иммундық жүйенің бұзылыстары
· Инфекциялар (мысалы, жіті фарингит, гепатит немесе мононуклеоз)
· Қатерлі ісік.
Сондай-ақ, ауру дәрілердің кейбір түрін қолдану нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Нефротикалық синдром бүйректің келесі ауруларымен қатар пайда болуы мүмкін:
· Фокустық және сегменттік гломерулосклероз (бүйректің зақымдануы)
· Гломерулонефрит (гломерулалардың қабынуымен сипатталатын бүйрек ауруы)
· Мезангиокапиллярлық гломерулонефрит (гломерулонефриттің түрі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет