Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі



бет137/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дегеніміз баяу, біртіндеп нефрондардың санымен жұмыс істеу қабілетінің төмендеп, ұлғаюымен сипатталатын жалпы бүйрек ауруларының қалпына қайтып келе алмайтын асқынулық жағдайы. Осы аталған жағдайдың әсерінен ағзадағы зат алмасу дәрісі қышқылмен сілті тепе – теңдігін өзгертіп, уыттану белгілерінің пайда болуын тудырады. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің қарқынды түрде дамуы, ағзадағы басқа жүйелердің қызметтерінің бұзылуына да кері әсерін тигізеді.
Этиологиясы. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің себебіне біріншіден созылмалы гломерулонефрит орын алса, ал екіншіден созылмалы пиелонефрит ауруы болып саналады. Басқа да себептерінің ішінде қант сусамырлы гломерулосклероз, амилоидоз, бүйректің жылауықтары және зәр шығару жолдарының ауруларын назардан тыс қалдырмау керек екендігін ескерген жөн.
Клиникалық бейнесі. Бұл сырқат негізінен үш кезеңмен өтеді. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі біртіндеп басталады. Алғашқы кезеңінде полиурия және никтурия байқалады. Науқастар әлсізденіп, жұмысқа деген қабілеті бұзылып, ұйқысының қашуы, тамаққа деген тәбетінің төмендеуі байқалады. Бет пішінінде існуі таңертеңгі уақыттарда және ісіктің білінуі беттен басталып, айқын түрде көрінеді. Науқастың сергектік қасиетінің төмендеуі, ұйқының басуы, қоршаған ортаға қызығушылығы жоқтығы байқалынады. Біртіндеп улану белгілері ұлғайып, диспепсия белгілері қосылады: лоқсу, құсу, нәжісінің өзгеруі, азоттың қалдықтары тері арқылы шығып, терінің қышуын тудырады. Осы өршу кезеңінде орталық жүйке жүйесінің өзгерістері байқалады: ұйқышылдық, бұлшық етерінің жиырылып қалуы, денесінің құрысып – тырысуы. Денедегі сүйек буындарының ауырсынуы, ураттардың буын қалтасына жиналуынан пайда болады. Кеуде қуысында ауырсыну сезімі, өкпеде сырылдар және жүрек жеткіліксіздік белгілері байқалады. Бұл кезеңде қан қысымы тұрақты түрде, үнемі болады. Қан ұю дәрісі бұзылып, анемия белгілері дамиды. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің келесі бір белгілеріне қатысты ауыз қуысында жағымсыз иіс болуы және құрғауы, тамаққа бет қаратпауы, лоқсу, құсу жатады. Сырқаттың соңғы терминалды кезеңінде олигурия, анурия белгілері білінеді. Бүйрек сүзу жұмысын доғарады. Осы кезеңде ісіктер көлемі ұлғаяды. Сутегі иондардың шығуы бұзылуымен қанда ацидозға қатысты белгілері біліне бастайды. Урикемия белгілері тұрақты түрде сақталынып қалады. Қанда көп мөлшерде азоттың керексіз қалдық заттары көбейеді. Науқастың ауызынан зәрдің иісі шығады, құсу, лоқсу, тамаққа деген тәбетінің болмауы, іштің өтуі, шулы демнің естілуі, қызыл иектен, мұрыннан қанның кетуі, сіңірлерінің тартылуы және денесінің құрысып тырысуы білініп, есінен танады.
Емі. Этиотроптық емі жоқ. Негізінде сырқаттың кезеңіне байланысты симптомға қарсы ем қолданылады. Қатаң төсек тәртібін сақтау және бүйректі жылы қалыпында сақтау керек. Сол себептен беліне, аяғына жылытқыш қойылады. Науқасқа №7а емдәмі тағайындалады. Тағам құрамында ақуызды шектеп, тұздың мөлшерін тәулігіне 1,5 г – ға дейін азайтады. Ацидозға қарсы улану белгілерін жою мақсатымен көк тамырға 5% глюкоза, 4% натрий гидрокарбанат ерітінділерін, гормон дәрілерін жібереді. Ағзадағы зат алмасу дәрісін жақсарту үшін ретаболил, нерабол дәрілерін қолданады. Ісікті басу үшін зәр шығаратын дәрілерді пайдаланады: фуросемид, урегит, верошпирон. Қан қысымы қатты көтерілген жағдайларда гипотензиялық дәрілерін қолданады: энам, эднит, клофелин және тағы басқалары. Қансырауды басу үшін кальций хлорид ерітіндісін, кальций глюконатын, аминокапрон қышқылымен қолданады. Қан аздықта салмақтық эритроцитті құяды. Ауыр жағдайда асқазанды жуып, гемодиализді қолданады. Іс жүзінде гемодиализ ғана бірқатар жағдайларда науқастың өмірін бірнеше жылға ұзартуға мүмкіндік береді.
Болжамы. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне әкеліп отырған негізгі аурудың өту ағымына байланысты. Сондықтан бүйрек ауруларын уақытында толық емдеп, алдын алған жөн. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дамыған жағдайда науқастың өмірін тек қана гемодиализді немесе жасанды бүйрек аппаратымен қолдану арқылы ұзартуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет