Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет151/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Науқастану сыртартқысы

  1. Әкеліп соғатын мәнбірлер 5. Жүргізілген тексерістің

  2. Себептері нәтижелері

  3. Басталуы, дамуы 6. Қолданылған ем

4. Асқынулары
Өмір – баян сыртартқысы

  1. Сырқаттанған аурулары 6. Бас жарақаттары

  2. Тұқым қуалаушылығы 7. Жағымсыз мамандық

  3. Тамақтану мінездемесі мәнбірлері

  4. Жағымсыз қылықтары 8. Еңбек жағдайы

5. Мамандығы 9. Күйзелістер
Пациентті тікелей тексеру
Қарау Сипалау

  1. Көз белгілері 5. Шиқан шығу 1. Терінің жағдайы

  2. Семіздік 6. Терінің дақтануы 2. Қалқанша безі

  3. Жүдеу 7. Тырнақтың, тілдің 3. Тамыр соғуы

  4. Қалқанша бездің шаштың өзгеруі

үлкеюі 8. Қолдың дірілдеуі
Зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру
Қалқанша безі Ұйқы безі

  1. Сканерлеу 1. Аш қарында қандағы қанттың

  2. Ультра дыбыс арқылы зерттеу мөлшерін анықтау

  3. Қандағы гормон мөлшерлерін 2. Тәулікті глюкозурия

анықтау 3. Ацетонурия

  1. Негізгі зат алмасу дәрісін анықтау 4. Қанның сілтігі серпілісіні

  2. Қандағы ақуызбен байланған анықтау

йодтың мөлшерін анықтау
науқастардың кірпігі, қасы, мұрты, шашы керісінше түсіп қалады. Ішкі сөлденіс бездері зақымданғанда тері асты майы әртүрлі дамиды. Ол қалқанша бездің қызметі бұзылуымен байланысты болса, денеге біркелкі жиналады, ал гипофиз бен жыныс бездерінің қызметінің өзгеруінен шел май негізінен іштің төменгі жағын, бөксе мен санды басып кетеді. Бет пен тұлғаны май басу – Иценко – Кушинг ауруының айқын белгілерінің бірі. Тым жүдеп, арықтау қант сусамырымен тиреотоксикозда жиі кездеседі. Әтектердің жіліктер эпифизінің жетілуі кешеуілдесе, акромегалияда қаңқаның түрлі сүйектері бір – біріне сәйкессіздеу әрі тым қалың болып қалыптасады. Қалқанша маңы безінің қызметі жеткіліксіздігінен қанда кальций азаяды, сондықтан бүкіл бұлшық еттер құрысып, “акушер қолы” деп аталатын белгі немесе бет бұлшық еттері құрысып, “күлегіш кейіп” байқалады.
Сипалау. Пальпация тәсілімен негізінен қалқанша без зерттеледі. Бездің тығыздығын, оның сипатын, түйінді - түйінсіздігін анықтайды. Ол үшін дәрігер екі қолының бүгілген саусақтарын төс – бұғана сүйір бұлшық еттердің артқы қырына тереңдете сұғып, бас бармақтарды оның алдыңғы қырына қоюы керек, сол кезде науқас жұтынса, қалқанша без кеңірдекпен бірге қозғалып, саусақтардың арасымен сырғиды. Бұл тәсіл бездің көлемінің шамалы ғана өзгерісін, оның жылжымалығын, механикалық әсерден ығысу мөлшерін, ауырсынуын, тамырларының соғуын анықтауға мүмкіндік береді.
Тықылдату. Перкуссия тәсілімен төстің артында жайғасқан жемсауды анықтауға болады.
Тыңдау. Тиреотоксикозбен ауыратын сырқаттардың қалқанша безі ұлғайып, негізгі зат алмасу процессі күшейіп, қан ағысы үдейді. Сөйтіп, онда шу мен үн туындайды. Сол дыбыстар тыңдағанда жақсы естіледі.
Зертханалық тексеріс. Қандағы ішкі сөлденіс бездері гормондарының мөлшерін анықтау маңызды роль атқарады. Қант сусамырында дерт анықтама жүргізгенде қандағы және зәрдегі қант мөлшерін анықтау басты мақсат болып табылады (гликемиялық және глюкозуриялық сынамалар). Қалқанша безі ауруларында тиреоидтық гормондардың мөлшері көбейіп (тиреотоксикозда) немесе азаяп (гипотиреозда) анықталынады.
Құрал – жабдық арқылы тексеру әдістері. Қалқанша без ауруларында негізгі зат алмасу дәрісін анықтау маңызды. Сонымен қатар ультрадыбыс және сканерлеу зерттеулері кеңінен қолданылады. Ұйқы безі, қалқанша безінің көлемі, орналасқан жері, тығыздылығы анықталынады. Ажырату диагнозын қолданған жағдайларда қалқанша безінен биоптат алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет