Пациенттің ауруы мен өмірінің анамнезі
Аурудың басталу жағдайын анықтау өте қажетті. Жедел басталу жедел бронхитпен пневмонияда кездеседі. Плеврит біртіндеп басталады. Байқаусыз басталу және ұзақ ағым туберкулезбен өкпе рагына тән. Жедел аурулардың басталуы көбінесе салқын тиюмен байланысты, яғни эпидемиологиялық жағдайды анықтау қажет, мысалы :грипп эпидемиясында грипозды пневмония кездеседі.
Пациенттің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына көңіл бөлу керек. Қолайсыз жағдайлар туберкулез және басқа созылмалы ауруларға әсер береді. Аурудың дамуына еңбек ету жерде әсер береді: ызғар,шаң,суық. Мүқият бұрынғы ауырған ауруларын анықтау керек, қазіргі жағдайын солармен байланыстыру болады.
Зерттеудің физикалық тәсілдері
Қарау. Кеуде сарайын бір ретпен қарау керек. Кеуде сарайының түрін, бұғана асты, үсті ойықтарың, тыныс алу түрлерін,ырғағын, тереңдігін анықтайды.
Кеуде сарайының қалыпты түрлері:
Нормостеникалық түрі-нормостениктерде кездеседі
Гиперстеникалық кеуде сарайы- гиперстениктерде
Астеникалық кеуде сарайы- астениктерде кездеседі
Кеуде сарайының патологиялық түрлері:
Эмфизематозды кеуде сарайы: алдыңғы-артқы және көлденең мөлшерлері бірдей болады,кеуде сарайы күбі сияқты үлкееді.Бұл түр атына сәйкес өкпе эмфиземасында кездеседі
Паралитакалық не тегіс кеуде сарайының екі көлденең мөлшерінен анағұрлым төмен- пневмосклерозда,кахексияда кездеседі.
Мешең /құс төсті/ кеуде сарайы. Төс алдыға қарай шығыңқы болады, көлденең мөлшері кішірейген
Қайық төсті кеуде сарайы, қысымның әсерінен төстің төменгі немесе жоғарғы бөлігі шұңқыр болады.
Кеуде сарайының деформациясы омыртқаның қисайғанында, кездеседі: сколиоз-қисаю шетке қарай болады, кифоз- омыртқа артқы қарай қисайып бүкір болады, лордоз- алдыға қарай, кифосколиоз-шетке және артқа қарай.
Кеуде сарайы түрінің өзгерісі қос жақты емес, бір жақты болуы мүмкін. Кеуденің бір жағының кішіреюі- пневмосклерозда. Кеуденің бір жағының ұлғаюы плевра қуысына ауа не сүйықтық жиналғаннан.
Дем алу түрлері:
Қалыпты жағдайда дем алудың үш түрі бар.
кеудемен дем алу- дем алуға қабырға аралық бұлшық еттер қатынасады. Көбіне дем алудың бұл түрі әйелге тән.
Ішпен дем алу, не диафрагмалық дем алу еркектерге тән.
Аралас дем алу ол қарт адамдарға тән.
Тыныс алу жиілігі: қалыпты жағдайда сау адам 1 минутына 16-20рет тыныс алады. Тыныс алу жиілеуі- тахипноэ, сиреуі- брадипноэ. Қалыпты жағдайда тыныс алудың жиілеуі дене қызметінен, тамақ ішкеннен кейін және әр түрлі психикалық факторлардың әсерінен болады. Патологиялық жағдайда дем алудың жиілеуі өкпенің дем алатын бетінің азаюынан және дем алғанда кеуденің шаншуынан болады. Қалыпты жағдайда тыныс алудың сиреуі ұйқы кезінде болады/ваготония/. Патологиялық жағдайда дем алудың сиреуі бас сүйек іші қысымының өсуінен және уланудан болады. Оның механизмі дем алу орталығы сезімталдығының төмендегендігінде.
Сау адамның дем алуы ырғақты, тереңдігімен ұзақтығы бір қалыпты болады. Бір дем алған ауаның мөлшері 300-800мл болады.
Достарыңызбен бөлісу: |