Тыныс алудың ырғағының бұзылуы:
Биот тынысы- ырғақты терең,сирек, мезгілді үзіліспен демалу. Бұл түр менингитпен ауырғанда және агональды жағдайдағы науқастарда кездеседі.
Чейн-Стокс дем алысында дем алудың біртіндеп тереңдеуі мен біртіндеп баяулауы тән, одан кейін үзіліс болады. Үзілістен кейін бәрі қайтадан қайталанады. Ми гипоксиясында кездеседі.
Куссмауль дем алу бұзылысында сирек және терең , шұлы дем алу жатады.
Грокк тынысы- толқын тәріздес,Чейн-Стокс дем алуына ұқсайды,бірақ толық тоқтамайды.
Қабырғаларды алдынан санағанда бұғанадан бастайды,өйткені бірінші қабырға оның астында орналасқан,артынан-жауырынның төменгі бұрышы УІІ қабырғада орналасқан. Мойын омыртқалардан ең шығынқысы- жетіншісі.
Кеуде сарайының пальпациясы. Кеудені сипап тексергенде: кеуденің ауыратын жерлерін,кеуденің эластикалық/серпінділік/ қасиетін,дауыс дірілінің өзгерістерін анықтайды.
Пальпация екі қолмен симметриялық жерлерде жүргізіледі. Бұл әдіспен кеуде сарайының бір жағының дем алудан қалыңқырауын, эпигастральды бұрыштың еңін, ауырсынудың орналасуын және оның тарауын анықтау болады. Қабырға аралық жүйке талшықтарымен бұлшықеттер қабынғанда ауырсыну тұтас қабырға аралыққа тарайды. Бұл беткей орналасқан ауырсынулар,олар қимылда,терең демалғанда, жөтелде күшееді. Терең немесе плевральды ауырсыну сау жағына еңкейгенде немесе жатқанда күшееді, ал кеудені қысқанда азаяды.
Пальпация дауыс дірілін анықтауда да қолданылады. Бұл мақсатпен екі алақанды симметриялық жерлерге қойып «р» әрібі бар бір неше сөз айтқызады, мысалы : «тридцать три». Қалыпты жағдайда кеуде сарайының екі жағындағы симметриялы нүктелерде дауыс дірілінің күші бірдей болады. Егер бұл симметриялық бұзылса,ол ауруды білдіреді. Патологиялық жағдайда дауыс дірілінің күшеюі, әлсіреуі, не жойылып кетуі мүмкін, күшеюі-өкпе бөлігі тығызданғанда, әлсіреуі-плевра қуысында сүйықтық немесе ауа жиналған кезде, жойылып кетуі-өте әлсіреген адамдарда және плевра қуысында өте көп сұйықтық жиналғанда. Пальпациямен плевраның үйкелес шуыда естіледі және құрғақ сырылдар,сынған қабырғалар анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |