Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет49/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Пневмотахомстрия. Демнің көлемдік жылдамдығын өлшеуді пневмотахо-метрия деп аталады. Демді сыртқа шығарудың көлемдік жылдамдығы еркек-терде 5 - 8 л/с, әйелдерде 4 - 6 л/с шамасында болады. Демді ішке алудың мөлшері аздау болады. Демді ішке алу мен іштен шығарудың өзара қатынасы = 1 : 1,2 болады.
Пневмотахография тәсілімен өкпенің жазылғыштығын, эластикасыз (серпінділіксіз) кедергісін, демді жай және тездетіп алғандағы ауа толқынының көлемді жылдамдығын қағазға жазады.
Пневмотахометрия және пневмотахография тәсілімен бронх өзегінің өткізгіштігін анықтайды. Бронх өзегі өткізгіштігінің төмендеуі бронхитқа, тыныс демікпесіне, бронхтың сырттан қысылуына тән.
Оксигематрия және оксигсмография методтарымен қанның оттегімен қанығуын тексереді. Қалыпты жағдайда артерия қанының оттегімен қанығуы - 95% - ке, ал венар қанының қанығуы 60—70%-ке тән.
Лабораториялық әдістермен зерттеу Қақырықты зерттеу. Тексеруге ертеңгі қақырықты алу керек. Қақырыққа сілекейді араластырмай алу керек. Егер қақырык аз болса, оны бірнеше сағат не бірнеше тәулік бойында жинаған жөн.Қақырықты макроскопиялық және микроскопиялық жолмен тексереді.Макроскопиялық тексеру кезінде қақырықтың, көлемін, түсін, иісін және түрін анықтайды. Қақырықтың бұл өзгерістерінің клиникалық маңызы туралы жоғарыда айтылды. Қақырықты микроскопия жолымен қарау үшін қақырықтың екі түрлі (боялған және боялмаған) препаратын дайындайды.
Боялған препаратты бактериологиялық тексер үшін қолданады.
Жоғарыда көрсеткендей, қақырық тастау тек ауру жағдайда гана болады. Қақырықта жиі кездесетін элементтер:
1. Қақырықта лейкоциттердің, оның ішінде нейтрофия лейкоцитінің
көбеюі, қақырықтың іріңді түрін көрсетеді. Тыныс демікпесінің ұстамалы кезінде бөлінген қақырықта эозинофия болады.
2. Қырықта эритроциттің көбеюі қан түкіруге тән.
3. Қақырықта эластикалық талшықтардың табылуы өкпе тканінің
талқандалып бұзылуына тән (өкпе түберкүлезі абсцессі және гангренасы).
4. Шарко-Лейден кристаллдары - түссіз, сүйір бұрышты жалтыраған
ромбтар. Эозинофил талқан болғанда, оның заттарынан пайда болады.
Тыныс демікпесінде кездеседі.
5. Куршман спиралі (серіппелі) - муциннен тұратын, ұзындығы 1-2 см.
спираль. Бронхиолада пайда болады. Бронхиоладағы муцин бронхиола
түйіліп қалғанда, соның түрін қабылдап, шиыршықталады. Кейін
бронхиола кеңігенде қақырықпен бөлінеді. Куршман спиралі тыныс
демікпесінде кездеседі.
6. Өкпенің қатерлі ісігінде қақырықта «ісік клеткалары» пайда болады.
7. Құрамында қан пигменті гемосидерин бар (протоплазмада қоңыр-сары
түйіршектер) альвеолалық эпителийді жүрек ақауының клеткалары деп
атайды. Себебі олар жүректің митральды ақауларында қанның өкпеде
іркілуіне байланысты пайда болады.
8. Эхинококкте қақырықта эхинококктің хитин қабығы мен ширатылмасы
табылады.
Бактериоскопиялық тексеруде қақырықты екі жолмен Циль-Нильсен және Грамм тәсілдерімен бояйды. Өкпе ауруларына себеп болатын негізгі патогендік микробтар: пневмококк, стрептококк, стофилакокк, Фридлендер диплобацилласы, Пфейффер бациласы, туберкулез микобактериялары, саңырауқұлақтар және т.б.
Өкпе ауруларыньң диагиозын қоюда қанның жалпы клиникалық анализінің да маңызы зор.
Диагностикалық манипуляциялар Плевра пункциясы деп плевра қуысында сұйықтық бар жоқтығын анықтау үшін, ол сұйықтық түрін (транссудат не экссудат) анықтау үшін және ем жасау үшін плевра қуысын тесуді айтады.
Плевра пункциясының техникасы. Алдын ала жауырын не артқы қолтық сызықтары бойынша нағыз тынық дыбыс бар жерді анықтайды. Дәрігер қолын тазалағаннан кейін (иод және спирт), тесетін жердің терісін тазалайды (спирт, иод). Одан кейін қабырғасын жансыздандырады. Пункцияны алдын ала стрелизациядан өткен ине және шприцпен жасайды. Ол үшін ұзындығы 8—10 см, көлденең қимасы 1 мм ине және 20 грамдық шприц қолданылады. Әдетте пункцияны 8-ші не 9-шы қабырға аралығында төменгі жатқан қабырғаның жоғары шетін ала жасайды. Ине қабырға аралық тканьдарды өткенде кедергі кездестіреді, одан кейін иненің бос кеңістікке тән болғаны сезіледі. Алынған сұйықтықтың түрін анықтау үшін оның тығыздық салмағын, құрамындағы белоктің мөлшерін, Ривальт реакциясын анықтап және пунктат тұнбасын микроскопия жасау керек. Плевра қуысынан алынған әр түрлі сұйықтықтардың ерекшеліктері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет