Экссудат түрлері.
1. Ұйымалы эксудаттар сары түсті мөлдір болады.Тығыздық салмағы >1,015; белоктің саны >3%. Микроскопияда - лимфоциттер. Түберкүлезге тән.
2. Ұйыма - іріңді және іріңді экссудаттар. Ұйыма - іріңді экссудат түберкүлезге тән. Іріңді экссудат жасыл қоңыр лайлы сұйықтық. Микроскопияда – нейтрофилдер. Эмпиемаға тән.
3. Геморрагиялық экссудаттар плевраның қатерлі ісігіне, түберкүлезге, кеуде жарақаттануына және геморрагиялық диатезге тән. Құрамында эритроц көп болады, түсі қоңыр болып келеді.
4. Эизинофильді экссудаттар сирек кездеседі. Жұқпалы аурулардағы
плевритке, жарақат плевритіне тән. Құрамында эозинофил көп (50%
жоғары).
5. Холестерин экссудаты - ескі қалталанып қалған плевритта кездседі.
Қара қоңыр түсті. Микроскопияда - холестерин кристалдары табылады.
6. Хилезды (гр. сhylos - шырын, сөл) экссудат - сүт тәрізді эксудат.
Құрамында белок пен қан элементтерінен басқа 0,25%-тен 9%-ке дейін май болады. Лимфа тамырлары жарақаттанғанда пайда болады.
Өкпе ауруларының көпшілігі қабыну дәрісімен сипатталады. Сол себептен қанда жиі лейкоцитоз және ЭТЖ артуы байқалып тұрады.
Өкпе тінінің тығыздалу синдромы Өкпе тінінің инфильтрациясы (ішке ену) деп қышқыл элементтердің, сұйықтардың өкпе тінінде жиналуымен сипатталатын патологиялық жағдайды атайды. Тығыздалу синдромы пневмонияларда, өкпе туберкулезінде, өкпенің аллергиялық зақымдануында (эозинофильдік инфильтрат), өкпенің лейкоздар және жүйелі қызыл жегі кезінде зақымдануында жиі кездеседі.
Бұл синдромның клиникалық белгілері ең алдымен осы синдромды туғызған ауру түрімен, қабыну үдерісі өршігендігімен, оның көлемімен, орналасуымен және асқынуымен тікелей байланысты. Бұл синдромның негізгі шағымдарына жөтелу, ентігу және кей кезде қан түкіру жатады. Инфильтрация ошағы плевраға жақын орналасқан жағдайда ауыру сезімі пайда болады. Қосымша шағымдар арасында ең жиі кездесетіні дене қызуының көтерілуі, яғни қалтырау, әлсіздік, терлегіштік, бастың ауруы. Жетел өкпе инфильтрациясының даму кезеңімен, бронхтардағы және өкпе қабындағы айқын өзгерістермен байланысты болады. Өкпенің қабынуының алғашқы кезеңінде құрғақ жөтел байқалады. Кейін аз да болса қақырық бөліне бастайды, әрі қарай альвеолаларда жалқық пайда болғандықтан және бронх ішіндегі инфильтраттың гиперсекрециясымен байланысты жөтел ылғалды болып өзгереді. Өкпе қабынуында қақырық шырышты-іріңді немесе темір тотығы түсті (крупозды пневмония) болуы мүмкін. Өкпе тінінің ыдырауында (деструкция), өкпе рак және туберкулез кезінде қан кетуі мүмкін. Ірі және жайылмалы өкпелік инфильтраттарда ентігу жиі кездеседі.
Көзбен қарап тексергеңде, тыныстың жиіленуі (тахипное), сол сияқты кеуденің өкпе инфильтрациясы пайда болған белігін сау бөлігімен салыстырғанда, тыныс алу актісінде кейін қалуы байқалады.
Өкпелік инфильтрат үстінен дыбыс жақсы өтеді, сондықтан да оның үстінен пальпация жасағаңда дыбыс дірілінің күшейгенін анықтауға болады. Қабыну инфильірациясының бірінші сатысында, өкпедегі ауа азаюымен қатар оның серпімділігі де төмендеуі нәтижесінде өкпенің анық перкуторлы дыбысы тұйықталған тимпаникалық дыбысқа өзгереді. Кейін, ауаның орнын сұйықтық басқанда, перкуторлы дыбыс пайда болады. Қабынудың бастапқы кезеңінде, яғни өкпенің ісінуі кезінде везикулярлы тыныс әлсіз естіледі. Өкпе қабынуы айқын дамыған сатысында, яғни альвеолалар жалқықпен толған кезде везикулярлы тыныс жойылып, оның орнына бронхиалды тыныс пайда болады.
Өкпенің қабыну инфильтрациясының үстінен ылғалды сырылдар, сықырлау және бронхофонияның күшеюін табуға болады. Өкпе инфильтрациясына ең тән белгі - ол жақсы естілетін ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Олар қабыну үдерісінде ұсақ бронхтардың, бронхиолардың зақымдануы нәтижесінде пайда болады.
Сықырлау альвеолалардағы жалқыққа байланысты дамиды. Ол өкпе қабыну үдерісінің бірден-бір белгісі болып саналады.Құрал-саймандармен тексеру әдістерінің ішінде ең маңыздысы ренттеноскопия, ренттенография және спирография әдістері. Қабыну инфильтрациясында өкпенің караюы, ошағының пішіні біркелкі болмайды.
Өкпе көлеңкесінің қарқындылығы жай ғана болғанымен, зақымданған жақтың өкпе түбірінің кеңеюі байқалады.
Спирография өдісімен альвеолалық вентиляцияның бұзылуының рестриктивті түрі анықталады, бұл кезде өкпенің өмірлік сыйымдылығы және өкпенің максимальды вентиляциясы (ӨМВ) азаяды. Бронхыларды кеңейтетін дәрілермен сынама жасағанда, теріс өзгерістер пайда болады
Достарыңызбен бөлісу: |