Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі



бет75/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі Қолқа ақаулары жүре пайда болған жүрек ақауларының ішінен жиілігі бойынша екінші орын алады. Жекелеген қолқа қақпақшаларының зақымдалу көбіне еркектерде кездеседі. Қолқалық жеткіліксіздік ревматикалық васкулит, септикалық эндокардит, қолқа атеросклерозы, мерездік қолқа қабынуы, қолқаның созылмалы аневризмасы, кеуде қуысының жарақатынан кейін дамиды. Босаңсу кезіңдегі қанның кері ағуы жиырылу алдында сол жақ қарыншада қысымның жоғарлауына әкеледі. Осының нәтижесінде изометриялық жиырылу қысқарады да айдау кезеңі ұзарады, бұл сол жақ қарыншаның көбейген қанда шығаруына жеңілдік жасайды. Қайта оралған қанның көлемі негізінде тесігінің жабылмаған көлеміне байланысты. Сол қарыншаға қанның кері қайтуы оның кеңеюіне әкеледі, оның дәрежесі оралған қанның көлеміне қатысты. Сөйтіп, қолқалық жеткіліксіздік кезіңдегі сол қарыншаның дилятациясы теңгерулік мәнбір болып табылады. Аурудың өршуі кезіңдегі сол жақ қарыншаның қатты кеңеюі және митралды қақпақшаның салыстырмалы жеткіліксіздігі байқалады. Кіші қан айналым шеңберінің тамырлар жүйесіндегі тоқырау дамуы өкпе артериясында қысымды жоғарылатады, соның салдарынан сол жақ қарыншаның гипертрофиясы дамиды. Осы жағдай оң қарыншалық жүрек жеткілісіздігі пайда болуы мүмкіндігін түсіндіреді. Қолқадан сол қарыншаға қанның кері ағуынан диастолдық қысым артерияларда өте төмен болуы мүмкін.Қолқалық қақпақшалардың шамалы жеткіліксіздігі кезіңде науқастарда көп жылдар бойы ешқандай шағымдары болмайды және көбінесе ақаудың бар екендігін білмейді. Шамамен әр үшінші науқаста жекелеген қолқалық қақпақшалардың жеткіліксіздігі кездейсоқ тексеріс кезіңде анықталады. Айқын қолқа қақпақшасы жеткіліксіздігі бар науқастарды тәптіштей сұраған кезде дене қалпын өзгерткен кезде басының айналуы, жүрек қағуы, физикалық күш түскенде жүректің шалыс қағуы, жүрек тұсындағы ауырсыну сияқты шағымдарды анықтауға болады. Қарағанда терісінің бозаруы, мойынның ірі артерияларының биі («каротид биі»), тырнақ ұшын аздап басқанда олардың тарылуы мен кеңеюі анықталады. Тыныштық күйде отырған науқасқа бүйірінен қарағанда, қолқа доғасының, сол жақ басты бронхының және кеңірдектің айқын пулсті ауытқуымен байланысты, басының ырғақты шайқалуын байқауға болады. Қарағанда жүрек аймағында жайылған, көтеріңкі жүрек ұшының түрткісі анықталады, ол әдетте солға және төмен алтыншы және жетінші қабырға аралыққа ығысады. Тықылдатқанда жүректің сол жақ салыстырмалы тұйық шекарасының сол жақ қарынша дилятациясының әсерінен алдыңғы қолтық асты сызыққа дейін кеңеюі анықталады. Артериалды қысым бұндай ақауда қалыпты болуы мүмкін, әдетте босаңсулық қысым төмен кезіңде жиырылу қысым жоғарылайды. Рентгендік зерттеу кезіңде сол жақ қиғаш проекцияда сол жақ қарынша доғасы айқын томпайып, жүрек ұшы жұмырланады. Сол жақ қиғаш проекцияда үлкейген сол қарыншаның жұмырланған контуры омыртқаға және оның артына проекцияланады, өрлеме қолқаның контуры алға шығады, қолқалық “терезе” сақталған, қолқалық доға жазылыңқырамайды. Жиі сол жақ қарынша мен қолқа контурының арасында айқын “мойын ағаш қозғалысы” байқалады. Қолқалық қақпақшалардың ревматизмдік жеткіліксіздігінің болжамы мен ағымы толығымен қолқадан сол жақ қарыншаға қанның регургитациясының дәрежесіне тәуелді. Қолқалық қақпақшалардың айқын емес ақауында босаңсу кезіңде қолқадан сол жақ қарыншаға салыстырмалы шамалы қанның көлемі қайтып оралады, бұл тіпті үлкен физикалық күш түскен жағдайдың өзінде де соншалық гемодинамикалық бұзылыстарды туғызбайды. Бұл науқастарда көптеген жылдар бойы жүрек қызметінің толық теңгеруі сақталынады. Қолқалық қақпақшаның аумақты ақауында қолқадан сол жақ қарыншаға қайта оралатын қан мөлшері жиырылу көлемінің 50% және одан жоғары мөлшерін құрауы мүмкін. Бұған қарамастан сол жақ қарынша миокардының гиперқызметі мен гипертрофиясы арқасында науқастарда көптеген жылдар бойы жүрек қызметінің теңгеруі байқалады. Бірақ үлкен физикалық күш түскенде бұларда жүрек қағуы, шалыс соғуы, жүрек аймағының ауыруы жиі кездеседі. Уақыт өте сол жақ қарыншаның әжептәуір миогенді дилатациясы дамиды. Сол жақ қарыншада қысымның жоғарылауы босаңсудың басында сол жақ жүрекшенің босауын қиындатып, кіші қан айналым көк тамырлары мен қылтамырларында қанның іркілуіне, жүректің оң жақ қуыстары миокарды қызметінің жоғарылауына, кейін оның теңгеру қабілеттілігінің жойылуына әкеледі. Бұл ақау кезіндегі бүкіл жүрек жеткіліксіздігі миокардтың теңгерулі мүмкіншіліктерінің сарқылғанын көрсеті, сондықтан науқастар салыстырмалы тез өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет