Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Қолқа қақпақшасының тарылуы



бет76/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Қолқа қақпақшасының тарылуы Қолқа қақпақшасының тарылуына жиі әкеліп соғатын себептердің бірі - ревматизм. Сепсистік эндокардитте қолқа қақпақшасына қанмен келген тромбтар енеді. Бұл кезде қолқа доғасының өрлемелі бөлігінің кеңеюі байқалады.Сол жақ қарынша жиырылуының жоғарлауы, жүрек айдауын қамтамасыз ететін компенсаторлы механизмнің бірі болып табылады. Сол жақ қарыншадағы қысым қолқа тесігінің тарылуына пропорционалды жоғарылайды. Бұл себептер сол жақ қарыншаның айқын гипертрофиясына әкеледі. Оның жиырылу қызметі әлсірегенде, сол қарынша қуысы кеңейеді.
Қолқа қақпақшасының жекелеген тарылуында көп жылдар бойы теңгеру қабілетінің жойылуындағы симптомдары болмауы мүмкін. Айқын үдемелі қолқа сағасының тарылуы кезінде оған тән клиникалық белгілер байқалады. Науқас бас айналуына, жүрек аймағының ауырсынуына, ентігуге, кейде есінен тануға, стенокардияның ұстамасының болуына шағымданады. Науқасты қарағанда тері жамылғының бозаруы байқалады. Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралықта, сол жақ бұғана – орта сызығынан шамалы сыртқа қарай анықталады. Пальпация кезіңде төстің оң жағындағы ІІ қабырға аралықта жиырылу дірілі “мысық пырылын” байқауға болады. Тыңдаған кезде жүрек ұшы аймағында І дыбысының әлсіреуі байқалады. Қолқада артериалды қысымның төмендеуіне және қолқа қақпақшаларының өзгерістеріне байланысты ІІ дыбысының әлсіреуі мүмкін. Айқын қолқа тарылуында тамыр соғысы баяу, сирек болады. Рентгенологиялық тексеру кезінде жүректің қолқалық конфигурациясы анықталады.
Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі Бұл ақау үш жармалы қақ-пақша жармасының толық жабылмауы салдарынан жиырылу кезінде қан-ның оң жақ қарыншадан оң жақ жүрекшеге қайтуымен сипатталады. Үш жармалы қақпақшаның органикалық жеткіліксіздігінің себептері көпшілік жағдайларда ревматизм, септикалық эндокардит болып табылады.
Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігіндегі гемодинамикалық өзгерістер, оң жақ қарынша кездегі қанның бір бөлігінің оң жақ жүрекшеге қайта оралуымен бір қуысты көк тамырлардан да қанның жүрекшеге құйылуымен түсіндіріледі. Оң жақ жүрекшенің теңгерулік қабілеті шектеулі болғандықтан, тез арада үлкен қан айналымда көк тамырлы тоқырау дамиды. Жүрекше мен қуысты көк тамырлардағы қысымның жоғарылауы барлық ірі көк тамырларға беріледі, сондықтан үш жармалы қақпақшаның жеткілісіздігіне көк тамырлық қысым жоғары және бауыр мен ірі көк тамырларда жиырылу шуыл болады.
Үш жармалы қақпақша ақауының клиникасы жүректің оң жақ бөлігінің жеткіліксіздігі белгілерімен көрінеді. Физикалық күш түскен кезде аздаған ентігу байқалады. Әлсіздік, жүрек қағуы, жүрек аймағының ауырсынуы болады. Кейде науқастар оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне, диспепсиялық өзгерістерге, ұйқышылдыққа шағымданады. Қараған кезде тері мен көзге көрінетін шырышты қабықтарындың айқын көгеруі, мойын көк тамырларының пульсациясы байқалады. Жүректің жиырылу кезінде бауырдың жиырылулық толысуы байқалады. Жүректің салыстырмалы тұйықтығы едәуір оңға ығысқан, кейде ортаңғы бұғана сызығына дейін, шынайы тұйықтық төс сүйегінің оң жақ қырынан сыртқа қарай анықталады, бауыр – жүрек бұрышы тұйықталады. Жүрек ұшында бірінші дыбыс әлсіреген. Рентгенологиялық тексерістерде жүрек көлемін едәуір ұлғайғаны,алдымен оң жақ жүрекше мен қарыншаның есебінен байқалады. ЭКГ – да жүректің электрлі өсінің ауытқуы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет