Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет92/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

1.3 Дәріс тезистері.
1.4 ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ: слайдтар, тақырыптық постер, сөз жұмбақтар, ситуациялық есептер
ӘДЕБИЕТТЕР:
НЕГІЗГІ:

  1. Василенко Х.В., Гребенова А.Л «Пропедевтика внутренних болезней» Москва, Медицина 1989 год.

  2. Аванесьянц Э.М. «Пропедевтика клинических дисциплин» Ростов-на- Дону. Феникс 2002г.

Қосымша:
1.Қағаз және электронды нұсқадағы оқу-әдістемелік құралдар
2. Дидактикалық және көрнекі құралдар
3. Демонстрациялық оқулық фильмдер
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

  1. Өңеш, асқазан, ішек ауруларымен науқастарды тексеру

  2. Науқастың негізгі шағымдары анамнез жинау ерекшелігі, ішті пальпация жасау техникасы, ішті перкуссия жасау техникасы, диагностикалық маңызы

ДӘРІС ЖОСПАРЫ
1 Өңеш, асқазан, ішек ауруларымен науқастарды тексеру
2 Науқастың негізгі шағымдары анамнез жинау ерекшелігі, ішті пальпация жасау техникасы, ішті перкуссия жасау техникасы, диагностикалық маңызы

Ас қорыту мүшелеріне жатады: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек. Ауыз қуысында тағамдар сілекейленіп өңеш арқылы асқазанға түседі. Асқазан дененің орташа сызығының сол жағында орналасады. Асқазанға 12 елі ішек жалғасады. Бұл мүшелердің жанында ұйқы безі, бауыр, өт қалтасы, аш ішек орналасады.


Асқазанға түскен тағамдар асқазан сөлімен қорытылады. Ас қорыту дәрісіне ұйқы безі қатысады. Ұйқы безінің сөлі 12 елі ішектің ішіне түсіп, өт қалтасының сөлімен қосылып, майларды, көмір қышқылдарын ыдыратады.
Асқазан сөлінің құрамына су, сілті қышқылы, пепсин және де басқа ферменттер кіреді. Асқазан ауруларында асқазан сөлі азаяды, көбейеді немесе мүлде жойылады. Гипосекреция дегеніміз - сілті қышқылының азаюы. Гиперсекреция дегеніміз - асқазан сөлі мөлшерінің көбеюі. Гиперхлоргидрия дегеніміз - асқазан сөлі қышқылдығының көбеюі.
Асқазан ішек ауруларындағы негізгі шағымдар: іштің ауруы, тамаққа тәбетінің өзгеруі, кекіру, қыжылдау, лоқсу, құсу, іштің кебуі, нәжістің кідіріп қалуы, іштің өтуі. Асқазан кілегейлі қабаты қабынғанда, тітіркенгенде сырқат белгілері байқалады. Ауырсынудың шоғырлануы, қаттылығы әртүрлі және тамақпен байланысты. Ас қорыту мүшелерінің ауруларында жиі кездесетін шағымдарға тәбеттің бұзылуы, дәм сезімінің бұзылуы, кекіру, қыжылдау, жүректің айнуы, құсу, лоқсу, кіндік түбінің ауруы, қансырау жатады. Кекіру, қыжылдау, жүректің айнуы, құсу – диспепсиялық шағымдар деп аталады. Диспепсия дегеніміз – ас қорыту дәрісінің бұзылуы. Тәбеттің жоғарлауы немесе төмендеуі жиі кездеседі. Ойық жара ауруында, әсіресе ұлтабар ойық жарасында науқастың тәбеті жоғарылайды. Сөлі аз асқазан ауруында тәбет керісінше төмендейді. Дәм сезудің бұзылуы – ауызда жағымсыз дәмнің сезілуімен сипатталады. Кекірік дегеніміз – кенеттен ауыздан ауаның шығуы. Бұл ауа кекірігі, асқазанның бұлшық еті жиырылғаннан пайда болады. Ауа кекірігі атмосфералық ауаны көбірек жұтып қалғаннан да болуы мүмкін. Кейбір жағдайда кекірік жағымсыз иісті болады. Мұндай кекірік асқазан кеңейіп, тамақ іркіліп тұрып қалғанда байқалады. Қыжылды кекірік көбінесе асқазан сөлі көп бөлінгенде білінеді. Қыжылдау - төстің тұсында күйіп тұрған сезімнің болуымен сипатталады. Бұл кез – келген ауруларда асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарылағанда байқалады. Жүректің айнуы – рефлекторлық акт, кезеген жүйкенің тітіркенуімен байланысты. Көбінесе жүректің айнуы терінің бозғылттануымен, жалпы әлсіздікпен, терлеумен, аяқ – қолдың мұздауымен бірге кездеседі. Бұл жағдайда құсық болуы мүмкін. Асқазан ауруларында жүрек айнудың ерекшелігі көбінесе тамақтан кейін байқалады. Жүрек айну жиі асқазанның сөлденістік жетіспеушілігінде білінеді. Көбінесе жүректің айнуы құсықпен қатар жүреді. Дерт анықтамасын жүргізгенде құсықтың түріне, түсіне, құрамына назар аударады. Мысалы, асқазаннан қан кеткенде құсықтың түсі “кофе” тәрізді болады, кейбір жағдайда өт аралас болады (өт қалтасының ауруларында). Асқазан жара ауруларымен ауыратын науқастарда құсықтан кейін жағдайлары жақсарады. Құсық келесі асқазан ауруларында болуы мүмкін: жедел гастритте, созылмалы гастриттің қозуында, асқазан ойық жара ауруларында, асқазан қақпақшсының қатаюында, асқазан қатерлі ісігінде. Шағымдардың ішінде ерекше орында тұратын белгілердің бірі – ауырсыну. Науқастың дәл қай жері ауырғанын анықтап сұрау маңызды роль атқарады. Кейде қабырғалардың төменгі жағында ауырсынудың пайда болуы асқазан ауруымен байланысты болмауы да мүмкін. Ол бауыр ауруларында, ұйқы безінің ауруларында байқалуы мүмкін. Ауырсыну жергілікті немесе жайылмалы түрде кездеседі. Ауырсынудың мінездемесі әртүрлі – ұстама тәрізді, үнемі, жыл мезігілімен байланысты, қабылдаған тамаққа байланысты, күш түсумен, қиналумен байланысты болып өтеді. Асқазан ауруының түріне байланысты тамақтан кейін ауырсыну әртүрлі уақытта білінеді. Сөлі аз асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдаған бетте білінеді, асқазан ойық жара ауруында ауырсыну түнде және аш қарында болады, сөлі көп асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдағаннан кейін басылады. Асқазаннан қан кету – асқазан, ұлтабар ойық жара ауруында жиі кездеседі. Оны қан араласқан құсық және қан араласқан нәжіс арқылы байқауға болады. Көбінесе асқазаннан қан кету қан араласқан құсық арқылы байқалады. Қан араласқан құсық асқазан қатерлі ісігінде және жалақ жарада да кездеседі.
Ас қорыту мүшелерінің ауруларында субъективті тексеру әдісінің маңызы өте зор. Ауырсынудың мінездемесі, тамақ қабылдаумен байланыстылығы, ұзақтығы, орналасуы, басқа мүшелерге әсері, диспепсия белгілері дерт анықтамасын жүргізуге көмек береді.
Ас қорыту ауруларында дерт анықтама жүргізгенде науқастың ауыз қуысын тексереді. Ауыз қуысын қарағанда қарайған тістеріне көңіл бөлу керек, өйткені тағам арқылы асқазанға қарайған тістерден жұқпа қоздырғыштары түседі. “Тіл – асқазан айнасы” деп ертеден бекер айтылмаған. Тілде ауруға тән өзгерістер кездеседі. Мысалы, асқынбаған асқазан ойық жарасында тіл таза және дымқыл, жедел гастритте уылған болады. Құрсақ қуысы жарақаттанғанда және өткір ұйқы безінің қабынуында тіл құрғайды. Науқасты жалпы қарағанда науқастың түрін, дене бітімін, іштің пішінін, кіндіктің түрін, терінің түсін, ылғалдығын, терідегі дақтарға, тыртықтарға көңіл аудару керек. Ішке сары су жиналғанда (асцит), бауыр ісінгенде, ішке ауа жиналғанда - іш көлемінің үлкейгенін байқауға болады. Осымен бірге күре тамырдың солқылдауына, тері астындағы, іш маңайындағы көк тамырдың варикозды кеңеюіне назар аудару керек.
Пальпация арқылы патологиялық өзгерісті анықтауға болады. Бұның екі түрі бар: беткей және терең. Пальпация В.П. Образцов және Н.Д. Стражеско тәсілі бойынша жүргізіледі. Беткей пальпация арқылы ауырсыну аймағын анықтайды, ал терең түрімен мүшенің орналасуын, тығыздығын, көлемін анықтайды. Ішті сипалағанда науқас төсекте көлденең жатады, кейде түрегеліп тұрады. Сипалау әдісінің көмегімен қабырға астында пайда болған ауырсынуды, құрсақ тітіркенуін анықтауға болады. Кейбір жағдайларда дерт анықтама жүргізгенде тыңдау әдісімен қолданады. Бірақ асқазанды тыңдаудың аса мәні жоқ. Тыңдауды сипалаумен бәрге асқазанның төменгі шекарасын анықтау ретінде пайдаланады. Бұл қарапайым әдіс болғанымен кейде дұрыс емес нәтиже береді. Қалыпты түрде іш қуысында тықылдату арқылы тимпанит дыбысы анықталады. Бауыр, көк бауыр ауруларының қатерлі ісіктерінде, іш шеменінде топас дыбыс естіледі.
Зертханалық тексеру әдістерін қолдана отырып ас қорыту мүшелерінің ауруларының белгілерін анықтауға болады. Нәжісті әртүрлі зерттеулерге тексеріп, асқазан және ішек қызметін анықтауға болады.
Мысалы, ішек қабыну ауруларында нәжістің құрамында сілекей, ірің болады, асқазан ойық жара ауруында нәжістің құрамында қан білінеді. Асқазан және ұлтабар сөлін тексере отырып, ас қорыту мүшелерінің сөл шығару қызметін бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет