Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»


Құтқарушылардың үңгірлерде жылжуы. Үңгір



Pdf көрінісі
бет13/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Құтқарушылардың үңгірлерде жылжуы. Үңгір – жердің үстіңгі бетінде ашылатын 
бір немесе бірнеше саңылаудан кіретін жер қабатының жоғарғы қалыңдықтағы 
қуысы. Егер үңгірдің ені мен биіктігі оның ұзындығынан артық болса, онда ол үңгір 
деп аталады. Тік қуыстың тереңдігі 20 м кем болса құдық, ал 20 м артық болса шахта 
деп 
аталады. 
Үңгір еріген су мен қардың әсерінен, бүлінген су тасқындарынан, адам әрекеттерінің 
нәтижесінде пайда болады. Жанар таулы, мұзды, тұзды, теңізді, үңгірлер бар. 
Үңгірлер түрлеріне қарай цилиндрлі, конусты, саңылаулы, күрделі (құдық және 
шахта) болады. Орналасуы бойынша – көлденең, еңкіш, тік. Үңгірлер бір қабатты 
және 
көп 
қабатты 
болады. 
Құтқарушылардың 
үңгірлерде 
жылжуының 
ерекшелігі толық қараңғылық пен жүз пайызды ауа дымқылдығымен белгіленеді. 
Қараңғыда 
қашықтықты 
дұрыс 
бағаламағандықтан 
және 
тастардың 
орнықсыздығынан тастан тасқа, кемерден кемерге секіруге болмайды. Қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету үшін арқандар мен сатылар қолданылады. Үңгірлерді арнайы үңгірге 
арналған 
шамдармен, 
фонарлармен 
жарықтандырады. 
Үңгірлерде жылжудағы негізгі қауіп – қатер табиғи опырылып құлаулар және тас 


12 
құлаулар, ластанған ауа, қолда бар су қоры, адасу мүмкіндігі, түтін шығулар, тар 
жолдар, психикалық шалдығулармен байланысты. 
 
4 дәріс. Жергілікті жерді бағдарлау 
 
Жалпы сұрақтар 
1. Көкжиек жағын құбылнамамен, аспан шырақтарымен, (компаспен) анықтау. 
2. Топографиялық карталар 
3. Дабыл берудің түрлері мен белгілері
Құтқарушылардың маңызды кәсіби шеберлігі жергілікті жерге бағдар жасау болып 
табылады. Бағдарлау – өзіңнің тұрған жерінің көкжиек жағына қарай шамамен 
анықтау. Солтүстік (N), Оңтүстік (S), Шығыс (О), Батыс (W). Бағдарлауды 
құбылнамамен (компаспен), аспан шырақтарымен, жұлдыздармен, айналадағы 
заттармен, жер белгілерімен, топографиялық карталармен жүзеге асыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет