Мұздағы жылжулар. Құтқарушылардың мұзбен қозғалулары оларға жоғары талап
қояды: қауіпсіз мұздың қалыңдығы тұщы суда 10 см және ащы суда 15 см болып
есептеледі. Мұздың қалыңдығын анықтау үшін оны бұрғылау (ою) керек.
Мұздың сенімділігін анықтау үшін салмағы жеңіл бір құтқарушыны қауіпсіздік
мақсатында міндетті түрде арқанмен сақтандырып оны мұз үстімен жүргізу қажет.
Егер мұз өзіне тән дыбыстар шығарса, онымен жылжу кезінде сытырласа онда жүруге
болмайды. Мұз сынған жағдайда міндетті түрде ауыр киімдерді тастап, мұздың үстіне
шығып ішімен жатып, шаңғыға немесе шаңғының таяғына сүйеніп, жағаға қарай
еңбектеу
керек.
Бетін қар немесе су жапқан мұздың үстінде жүру кезінде сақ болған жөн. Бір мұздан
екінші мұзға секіру кезінде тіреуіштер мұздың шетіне 50 см жақын болмауы керек.
Мұзда бірнеше адам топталып алуға немесе жүкті бір орынға үйіп жинап қоюға
болмайды. Мұзбен жүрушілер мен құтқарушылардың қауіпсіз арасы 5м және одан да
көбірек
болу
керек.
Мұз шоғырларында жылжу кезінде тек қана мықты мұз сеңін ғана басу керек.
Көктемдегі еру кезінде мұздың бетіне су молырақ жайылады, мұз кеуекті және нашар
болады, Мұндай мұзбен жылжуға болмайды. Олардан жүзу құралдарының көмегімен
өту
керек.
Құтқарушылар мұзбен жылжу кезінде табаны сырғанамайтын аяқ киімдер немесе
арнайы сырғанамайтын құрылғы пайдалану керек. Егер мұздың бетін еріген су басса,
онда
рифленген
табанды
резеңкелі
аяқ
киім
кию
қажет.
Негізі қауіп мұз басқан батпақтан келеді. Олардың бетінде жұқа мұзды «саңылау»
жиі қалады ол адам салмағынан сытырлап сынады. Балдыр шөппен, ағаш
өскіндерімен немесе бұталармен жабылған батпақтар нашар қатады. Дөңесті
батпақтар біркелкі қатпайды. Ереже бойынша, батпақтың ортасы оның шетінен
жақсы қатады. Қалың қар қабатымен жабылған батпақтар өте қауіпті ондағы су баяу
және
әрелкі
қатады.
Достарыңызбен бөлісу: |