Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»


Өнім өткізгішінде болған ТЖ кездегі іс – әрекеттер



Pdf көрінісі
бет52/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Өнім өткізгішінде болған ТЖ кездегі іс – әрекеттер, құтқарушылар жұмыстың 
келесі 
түрін 
орындайды: 
 
бірінші кезекте адамдарды қауіпті аймақтан (әсіресе бұл авария болған 
кәсіпорынға қатысты), сонымен қатар қажет болған жағдайда, жергілікті 
жердің іргелес аудандарынан құтқару және көшіру; 
 
екінші рет зақымдау факторлары болуы және және ТЖ қайта өрбуі мүмкін 
масштабтарды бағалау үшін зақымданған ошақтарға барлау жүргізеді; 
 
жұмысты жүргізу үшін қажетті адамдардың, техникалардың, қорғаныс 
құралдарының, құралдар мен аспаптардың санын анықтайды; 
 
зақымданған ошаққа жылжитын бағыттыжұмыстың орындалу реттілігін, 
авария орнында құтқарушылардың тіршілігін қамтамасыз етуге көмектесетін 
қажетті жабдықтардың, техникалардың, жүйелердің қажетті орналасу 
орнын анықтайды; 
 
аварияны оқшаулайды және оның зардабын жоюды жүзеге асырады. 
Өнім өткізгіш зақымданған кезде қандай жағдай болса да, тез арада ысырманың, 
сұқпаның және басқа да тиекті, ілгекті құрылғылардың көмегімен авариялық 
участкені оқшаулау қажет. Бір мезгілде сиымдылық өзгереді, сорғыштардың және 
компрессорлардың жұмыстары тоқтатылады. Ірі авариялар кезінде барлық 
кәсіпорындардың 
қызметі 
тоқтатылуы 
мүмкін. 
ҚӘУЗ және басқа да агрессивті заттардың төгілуі кезінде төгілудің құрамын және 
концентрациясын анықтау мақсатында химиялық барлау жүзеге асырылады. Бұл 
үшін химиялық барлаудың әскери аспаптары және шаруашылық нысанасында 
қолданылатын 
индикациялық 
аспаптар 
пайдаланылады. 
Химиялық барлаудың 
әскери аспаптары келесіге 
бөлінеді: 
 
индикаторлық түтік қолданылатын аспаптар (ППХР, ВПХР, ПХР – MB және 
т.б.); 
 
индикацияның иондық және биохимиялық (ПРХР және т.б.) әдісімен жұмыс 
істейтін аспаптар (ГСА – 12, ГСА – 13 және т.б.). 
Шаруашылық нысаналарында әмбебап газ сараптағыш УГ – 2 қолданылады. 
Химиялық барлау комплектациялық аспабына оларды сақтау жұмысқа дайындау 
және 
пайдалану 
нұсқаулығы 
кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет