Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»


газқағармен жұмыс аймағындағы ауаны тексергеннен кейін жүргізіледі



Pdf көрінісі
бет10/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

газқағармен жұмыс аймағындағы ауаны тексергеннен кейін жүргізіледі. 
Қысылыс жағдайында болған құтқарушы арқанмен сақтандырылуы керек. Жұмыс 
орны мен баратын жолына жарық түсіру үшін арнайы фонарлар қолданылады. 
Қарда жылжу. Құтқарушылар қарда – жаяу, шаңғы, шана, қарда жүргіш, жол 
талғамайтын 
техникаларды 
қолданып 
жылжуды 
жүзеге 
асырады. 
Кең таралған тәсілдің бірі – жаяу жүру. Оның жылдамдығы қар жамылғысының 
биіктігі мен құрылымына, жер өзгешелігіне байланысты. Қар жамылғысының биіктігі 
0,3 м және одан да көбірек болса, жаяу жылжу ауыр болады. Бұл жаңа жауған қарда 
немесе қар жатқан жекелеген шұңқырларда тұтас жол салу ерекшелігімен 
байланысты. Бұның бәрі көп күшті қажет етеді және тез шаршатады. Сондықтан терең 
қарда жаяу жылжу кезінде алдыда жүрген құтқарушыны жиі ауыстырып отыру қажет. 
Қар аяқ киімге түспес үшін шалбар киіп, оның балағын төменгі жағынан байлап қою 
керек. 
Құтқарушылардың қарда жылжу жылдамдығын арттыруға және уақытты үнемдеуге 
арнайы ыңғайлы қар да киетін аяқ киім (снегоступтар) көмектеседі. Олар қалыңдығы 
7 мм, ұзындық пішіні 420 мм және ені 200 мм қырлы сопақша ағаш рамадан жасалған. 
Рама ернеуінен диаметрі 8-9 мм 20-25 тесік тесіледі, сол арқылы ремен баулармен 
айқастырылып байланады. Жасалған торға брезент немесе 80 х 270 мм өлшемді тығыз 
мата 
және 
снегоступтарды 
байлап 
қоятын 
шығыршық 
бекітіледі. 
Кейде қардың үстіне қабыршақ – мұз жамылғысы пайда болады. Ол қалың қатты және 
шамадан тыс тайғанақ болады. Құтқарушылардың мұз – қатқақпен жылжуы жоғарғы 
дәрежедегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды және арнайы құрылғыларды қолдануды 
талап етеді (имек темірлер, тіреуіштер). Құтқарушылардың қар басқан беткейлерде 
жылжуына ерекше көңіл аударулары керек. Мұндай жағдайларда міндетті түрде 
альпеншток, мұз жарғыш, сырғанамайтын ыңғайлы аяқ киімдерді пайдалану керек. 


10 
Қалың қарда мұз жарғыш қалақпен, аяқтың ұшымен немесе бәтеңкенің өкшесімен 
тесіп 
тепкішек 
жасауға 
болады. 
Қарлы беткейде құлаған кезде құтқарушы ішімен айналып, беткейге бетін қаратып 
отырып, аяғын жинап, аяғының ұшымен беткейді тірей отырып, козғалысты тоқтатуы 
керек. 
Кейбір жағдайларда құтқарушылар ІҚЖ өткізу орнына шаңғы арқылы жетеді. Кедір 
– бұдыр жерлерде туристік шаңғыны қолдануға болады, олардың жұмыс беті үлкен 
және аяқтың ұшы мен өкше жағы жалпағырақ. Онымен қалың қарда еркін жүруге 
болады, оларды көп кедергілер (ағаштар, бұталар, тастар) арасында меңгеру оңай. 
Таудан түсуге немесе шаңғымен жылжуға спорттық (жүгіретін) шаңғылар 
қолданылады. 
Барлау жасау, зардап шеккендерді іздеу және оларды тасымалдауда
құтқарушыларды және жүктерді жұмыс орнына тасуға қарда жүргіштер, жол 
талғамайтын 
көліктер 
және 
тау 
шаңғылары 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет