11
жайсыздық туғызады. Су мөлшерінің көптігі киімдердің,
аяқ киімдердің, керек
жабдықтардың су болуына әкеледі. Батпақпен жүру жылдамдығы өте баяу. Құрғақ
қырат
жерлердің
болмауынан
от
жағу
тіпті
мүмкін
емес.
Жылжу алдында жергілікті тұрғындардан батпақтың «сипатын», соқпақ жолдарды,
батпақты жерге салынған құрғақ жолдарды, қауіпті учаскелерді қалай айналып өту
қажеттігі туралы ақпарат алу қажет. Барлық киімдер су өткізбейтін матамен оралу
керек. Жол қапшықтың бауын барынша босату керек. Құтқару кеудешесі болса, оны
киуі тиіс. Денеге поролонды кілемшелерді бекітіп қоюға болады, ал аяқ киімді аяққа
мұқият
байлап
қою
керек.
Батпақпен жүретін құтқарушылардың арасы 5-7 м болу керек. Алдағы жүрушіні
арқанмен сақтандыру керек. Қозғалысқа қатысушылардың бәрінде тереңдікті өлшеу
үшін ұзындығы 3-4 м сырықтар, түбін қармалаушылар, тепе – теңдікті ұстайтын және
құлаған жағдайда тірейтін тіреуіштері болу керек. Сырықты оңтайлы жағдайда кеуде
алдына жерге қатарластыра ұстап жылжуға перпендикуляр бағыттайды. Батпақ пен
мүкті алқаптарда, бұталармен немесе тамырлы өсімдіктер арқылы томардан томарға
секіре жылжуға болады.
Қадамдар қысқа болу керек, бір орыңда тоқтап қалуға
болмайды. Тек қана қапы жерлерде немесе ағашы бар жерлерде ғана дем алуға
болады.
Батпақта
жалғыз
жүруге
болмайды.
Егер адам батпаққа құласа, онда оған жол қапшығын тастап, көлденең жағдайға түсіп,
қадаға сүйенуі керек.
Бірден шұғыл қимыл жасамай, тырбаңдамай жайлап шығу
керек. Зардап шегушіге арқанды немесе сырықты қолданып көмек көрсету қажет.
Зардап шегушіге жақындау кезінде құтқарушы арқанмен сақтандырылу керек.
Батпақ арқылы жүруді жеңілдету үшін құтқарушылар фанер кесектерінен,
бұталардан, жеңіл металлдардан жасалған «батпақта жүргіштерді» қолдана алады.
Батпақта жүргішті аяққа бекіту, олардың қажетті жағдайда
тез шешілуін қамтамасыз
ету қажет. Құтқарушылардың батпақпен жылжу кезінде жолындағы ағаштарды
белгілермен таңбалап,
бұталарға бұйымдар, қарақшылар іліп жүруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: