Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»


Апат  аймағынан зардап шегушілерді



Pdf көрінісі
бет44/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Апат 
аймағынан зардап шегушілерді 
шығарып 
алғаннан 
кейін 
оларды одан ары тану үшін қаза болғандардың сүйектерін жинауға кірісу керек. Тек 
осыдан кейін ғана әуе кемесін және ол тасымалдауға алып бара жатқан жүктерді 
құтқаруға кіріседі. Егер жүктер жоғары материалдық және мәдени құндылыққа ие 
болса, сондай – ақ аса қауіпті жүктер ерекше жағдай (жарылыс қауіпі бар және 
радиоактивті заттар, ҚӘУЗ және т.б.) болып табылады. Мұндай жағдайда адамдарды 
және жүктерді құтқару бір уақытта жүргізіледі. Кейбір авиациялық апатарда әуе 
кемесінің бортында болғандардың бәрі қаза болады. Бұндай апат орындарында 
құтқарушылардың жұмысы қаза болғандардың сүйектерін іздеуге, әуе кемесінің 
сұлбасын және «қара жәшік», ТЖ даму суретін қайта жасаудан аспайды. 
Теміржол көлігінде ІҚЖ жүргізу. Көлік жүйесіндегі жетекші орынға теміржол 
көлігі тиесілі. Қазақстанның темір жолымен арнайы құрамдағы мыңдаған жүктер, 
жолаушылар 
жүріп 
тұрады. 
Теміржол 
көлігі 
құрамына: 
 
теміржол төсемдері (рельстер, шпалдар, бұру тетіктері); 
 
теміржол құрамы (локомотивтер, вагондар, цистерналар, платформалар); 
 
теміржол депосы (жөндеу шеберханалары, қоймалық ғимараттар, запас 
жолдар), теміржол вокзалдары кіреді. 
Теміржол 
көлігінің 
ерекше 
сипатына: 
 
жылжымалы составтың үлкен массасы жатады. Жүк поезінің жалпы массасы 
шамамен 5 мың.т, жолаушылар составының массасы шамамен 1 мың. т, 
цистернаның массасы - 80-100 т.; 
 
составтағы вагонның санын анықтау: жолаушылар тасымалдайтын поездарда 
ортамен 16, жүк поезында 75. Составтағы вагонның ең көп саны – 110; 


45 
 
жоғары кернеулі электртоғы (30 кВ дейін), жылжу составының жоғары 
жылдамдығы, жолдың қауіпті учаскелері (көпірлер,тоннелдер); 
 
қолда бар адамдар факторы (локомотивті басқару, құрамдарды іріктеу, 
диспечерлік қызмет ету); 
Теміржол адамдар үшін потенциалді қауіп төндіреді. Бұл қауіпті жүктерді 
тасымалдаумен, олардың поезға, станцияға, қоймаларға жиналуына, локомотивтерге 
ЖЖМ 
отын 
түрінде 
пайдалануға 
байланысты. 
Барлық жоғарыда айтып кеткен факторлар теміржол көлігінде әртүрлі авариялар мен 
апаттардың болуына әкеледі. Теміржолдағы ТЖ ретінде: жылжымалы составтың 
жолдан шығуы, құлау, апаттар, өрттер, жарылстар, қауіпті жүктердің жойылуы және 
өлімге, жарақаттануға, улануға, эгологиялық шығынға ұшыратуға алып келетін басқа 
да оқиғалар. Теміржол көлігіндегі ТЖ туралы ақпаратты телефон байланысы арқылы 
немесе поезд бастығы арқылы жақын арадағы кезекшіге хабарлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет