Дәрістер кешені Дәріс №1. Интернет технологиясына кіріспе



бет4/48
Дата07.10.2022
өлшемі2.09 Mb.
#462134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Лекция

Интернет негізгі қызметі
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әркашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютсрмен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC(Internet Society — Internet коғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық еш нәрсе жоқ.. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәліметтер


INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінін APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол — желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең, үлкен компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNET -тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
INTERNET -пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);
- почталық байланыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет