14 дәріс.
Нидерланд буржуазиялық революциясы
Нидерладттардың құрылу тарихы.
ХҮІ ғ. экономикалық жағдайлары. Нидерланды буржуазиялық революциясының басталуы, себептері, этаптары.
Құрама провинциялар респубикасының құрылуы
Батыс Еуропаның кальвинизм кең тараған аймақтарының бірі, Голландия жаңа еуропалық өмір салтының қызған ортасына айналады. Орта ғасырлық діни орталықтардан бұл орталықтардың ерекшелігі, олардың жердегі өмірдің, яғни — шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда және ғылыми-техникалық қатынас әрекеттерінің орталығына айналуында еді.
Протестанттар индивидуализмнің етек алуын кеңінен мақұлдап, әркім өзі үшін нысанасына жете мән беретін көзқарасты ұстанды. Осындай нысаналы ұстаным әр адамның табыс табуы мен оның жеке мүдделерін құрметтеуге жағдай жасауға жетелейтін. Адам бәрінен де бұрын өзінің жеке мүмкіндігіне арқа сүйеуі керектігі жаңа заман адамының әрбір қадамы сайын көптеген жәйттерге кез болатындығын ұғындыра, оларды үнемі өзгеріп отыратын өмір жағдайына бейімдеуге мәжбүр етті.
Енді, революцияның экономикалық және әлеуметтік себептерінен бұрын, революцияның ең негізгі, Мотлей айтқандай «бүкіл халықты көтеріліске итермелеген» - тарихи себептеріне тоқталған жөн болар. Революцияның алғы шарты XVI ғасыр бойына қалыптасты. Бургундия герцоктігінің билеушілерінің бірі Мария Бургундская XV ғасырдың аяғында құдіретті Максимилиан Габсбургпен некеге тұрды. Бұл неке оның әлсіреп тұрған билігін күшейтті. Осыдан кейін Нидерланд жері династиялық Гаубсбургтерге бағынышты болды.
Карл V Габсбургтың (1500 – 1558 жж.) билігі кезінде 1548 жылы Аугсбург келісімі бойынша және 1549 жылы Прагматика санкциясы кезінде Нидерландияның 17 облысы, оның ішінде Фландрия, Голландия, Зеландия, Фрисландия және Утрехт бір тұтас мұрагерлік аймақ ретінде заңды түрде Габсбург империясына қосылды. Нидерландияның оңай қосылуы жай жасалған шешім емес еді. Нидерлан жерінің Габсбургтер құрған одақ құрамына кіруі үлкен пайда берді, нақтырақ айтқанда империя салығында жеңілдіктерге ие болды. 1555 жылы империя тарағаннан кейін, Нидерландықтар Филипп ІІ-нің билігіне өтті. Бұл ортағасырлық саяси жүйеде айтарлықтай елең еткізерлік жаңалық болмағанмен, кейін жаңа заманның қоғамдық қатнастары қалыптаса бастағанда Нидерлендияға үлкен зиян келтірді. Нидерланд жері Испанияның провинциясына айналды және испан шенеуніктері тағайындаған штатгальтерлер арқылы басқарылды. Сырттай қарағанда тек саяси орталық ауысқандай болғанмен, шындығында мәселе тереңде жатыр еді. Нақтырақ айтар болсақ, Нидерланд жерінде кімнің билігі орнаса да, тұрғылықты халық нидерландықтар еді. Шет жерлерден келген саяси билеушілердің саяси-экономикалық шешімдерді өз қалауларынша қабылдауы, жергілікті халықты төмендетуі Нидерланд тұрғындарының ұлт ретінде қалыптасуып, бірігуіне себепкер болды. Тарихтан білетініміздей кез-келген аймақтың тұрғындары ұлт ретінде қалыптасып, біріккенде өзгелерге тәуелсіз жеке мемлекет құруға ұмтылады. Бұл табиғи заңдылық. Олай болса, өндірісі дамып, экономикасы өркендеу кезеңіне аяқ басқан Нидерланд жерінің Испан карольдігінің қанауына қарсы шығуын тәуелсіздікке ұмтылу деп айтуымызға толық негіз бар. Сондықтан, Нидерландияның саяси эволюциялық дамуын буржуазиялық революцияның негізгі себептерінің бірі деп айтуға болады.
Филипп патша Нидерланд буржуазиялық революциясының көтерілуіне негізгі себепші болған адам. Оның қорғанысы әлсіз, бірақ бай Нидерландықтарды тонауға бағытталған саясаты халықты қарулы көтеріліс жасауға мәжбүр етті.
Филипптің бүкіл саясаты байлыққа болашақта бағынышты аймақтардан салық салу арқылы баюды көздеген ақсүйектер мен патша қаржыгерлерінің жоспарларына негізделген болатын. Оның үстіне Испанияның тоқыраған өз ішкі экономикасы Нидерландия балығын тонауына агрессивті сипат берді. Испанияның Нидерланд жерін түрлі жолдармен тонауы оның экономикалық және әлеуметтік жағдайын бірден көтерді. Жалпы испандықтар кез-келген өзге тілді өлкені шелек салып алтын ала беруге болатын ешкімнің иелігіне кірмейтін қорғаусыз құдық секілді қабылдады. Бірақ XVI ғасырда Испанияға бағынатын жерлерде Нидердандия секілді сауда арқылы экономикасы жоғары дәрежеде дамып келе жатқан өлке жоқ болғандықтан, қажетті қаржылардың барлық ауыртпалығы осы жерге салынды.
Филипп Нидерланд жерінен қолы жеткеннің бәрін алуды мақсат етті. Сондықтан, темірдей тәртіп орнату қажеттілігі туған уақыттарды пайдаланып, өз ойларын жүзеге асырып отырды. Ол Нидерланд жеріне Францияға қарсы соғыс кезінде кіргізілген әскерді қалдырды.
Осы әскер арқылы бағынышты өлкедегі Мемлекеттік кеңес құрамындағы өз адамдарына биліктің бар мүмкіншіліктерін жасап берді. Бұл салықтар мен баж салығын көтеруге кедергілердің барлығын жойды. Нақтырақ айтқанда, Испанияға Нидерландияны тонудың барлық жолы ашылды.
Аймақта Испан әскерінің тұрақты орналасуы Филипп ІІ үкіметіне кез-келген жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасады. Бірақ ол Нидерландияның ұлттық қорына қол салды. Барлығын заң жүзінде жасады: Филипп нидерланд қаржыгерлерінен бірнеше жылға жобамен айтқанда 3 млн. гульдендей ақша қарызға алды. Бұл ақшаның барлығы қайтаруға мәжбүр болған Филипптің шет елдегі қарыздарына төленді.
Бірақ алған қарызды нидерландтық қаржыгерлерге де қайтару керек болатын. Испан каролі ақшаны қайтармау жоспарымен 1557 жылы испан мемлекетін банкрот болды деп жариялады. Бұл нидерланд қаржыгерлеріне үлкен шығын алып келді.
Негізі саудасы мен өнеркәсібі жаңа дамып келе жатқан ел үшін ақшаның ел ішінде айналымда болуы үлкен маңызға ие. Ақша біріншіден, саудада керек. Сауда айналымын тоқтатпай жүргізіп отыру және жаңа сауда орындарын ашу ақшаға бағынышты әрекеттер. Ал ол кезде мұндай қолайсыз кезеңдерге арнап сақталған ақша жоқ болатын. Бұл әрекеттер өз кезегінде экономикаға серпін береді. Әр түрлі көлемдегі өндріс орындарын ашып, дамыту үшінде нақты ақшаның қолда болғаны керек. Экономика саласындағы сауда мен өнеркәсіптің дамуы кедей халықты өз жағдайларын жасауға мүмкіндік жасайтын жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Айналымдағы еркін ақшаның сыртқа қайтарымсыз кетуі нидерланд экономикасын апатты жағдайға алып келді. Шаруалардың кедейленгені соншалық тамақ тауып жеу үшін үйі мен дүниесін сатып, қаңғып кетті. Ол ақша экономикалық жүйеде содан кейін екінші орын алатын мануфактураның кең қанат жаюуына да мүмкіндік жасайтын.
Дегенмен, XIV ғасырдан бері экономикалық даму жүйесі кең ауқымды даму арнасына түсіп алғандықтан, Нидерландия біраз есеңгіреп қалғанмен, көп ұзамай есін жинады. Бүкіл қаражатынан бір күнде айырылған қиын жағдайдан шығу нидерландияның мүмкіндіктерін айқындап берді. Филипп ІІ өзінің бұрынғы саясатын жалғастырды. 1560 жылы Испания жүн импортының баж салығын 40% көтерді. Осыған байланысты Нидерландияда импорт екі есеге қысқарды. Бұл нидерланд халқына жасалған қанаушылық әрекеттердің бірі еді. Сонымен бірге, испандықтардың нидерландықтар бұған қалай әсер берер екен деген сыни әрекеті десе де болады. Бұл сын нидерландықтарды естен тандырарлық жағдайда қалдырды. Бұл жерде мата шығаратын мануфактуралар көп пайда беретін. Енді жоғарыдағы испан қанаушыларының туғызған қиындықтарынан кейін матаға қажетті шикізат өнімдерін өздерінде өндіруде көп қиындықтар туғызды. Сондықтан мануфактуралар қажетті жүнді Испаниядан ала бастады.
Нидерландықтардың басқа жолы қалмағандықтан не үлкен экономикалық аппатпен өндірісін жабады, не кез-келген шартқа келісетіндігін испандықтар өте жақсы білді. Өйткені Англия мен басқа еуропалық мемлекеттер ол уақытта нидерландияны қажетті шикізатпен қамтамасыз ете алмайтын еді. Бұл Нидерланд экономикасына үлкен соққы болып тиді.
Қалыптасқан жағдай осы жерде XIV ғасырдағы Француз каролі Филипп IV-тің Фландрияны көтеріліске алып келген жағдайға ұқсас. Өндірістік қалаларға карольдің ауыр салықтар салуы халықтың наразылығын тудырған. Кароль Фландрия арқылы Англияға зиан жасамақ болған. Нақтырақ айтқанда ол Фландрия саясатына ықпал ете отырып жауына қарсы пайдаланғысы келді. Бірақ Филиппен арадағы саяси қатынасқа қарағанда Англиямен арадағы экономикалық қатынас күштірек болып кішкентай Фландрия Француз патшасынан қорықпай ашық қақтығысқа шықты. Өкінішке орай фландриялықтардың батыл әрекеті француз әскерінің қатты соққысымен басылды. Жеңістен кейін Филипп патша Фландрияның теңіз жағалауындағы бөлігін өз қарауында ұстап, Франциядан сырт жерлерден шикізат алуға тыйым салды. Бұл Нидерланд саудасының XIV ғасырдың өзінде сыртқы импорт-экспортқа тәуелді болғанын көрсетеді. XVІ ғасырда өндірістің дамуына және сауданың көлеміне байланысты бұл тәуелділік экономикалық құрылыстың негізі болып қалды.
Испан каролі Филип ІІ баж салығын көтергендіктен сырттан алынатын шикізатқа тыйым салмады. Бірақ нидерландық саудагерлерге испан колонияларына баруға рұқсат бермеді. Ал англо-испан қақтығыстары Англиямен арадағы саудаға зиянын тигізді. Нидерландияның шет елдермен саудасының кең дамығандығын бұл жерде ешқашан болып көрмеген, флоренциялық дипломат және тарихшы Людовико Гвиччардини: «Нидерландияда шет елдік саудагерлер әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда, барлық жерде еркін жүреді екен» деп жазғандығынан аңғаруға болады. Сол заманның көзі ашық адамының айтқан сөзі XVІ ғасырда нидерланд жерінде сауда орындары экономикалық жүйеде үлкен орынға ие болғанына дәлел болады. Мұндағы сауданың дамуымен бірге Филиппке осы аймақтан жылына 2 млн. флорин табыс тұрақты түсіп отырды. Бұл қаржы Испанияға бағынышты өлкелерден түсетін барлық табыстың тең жартысы еді. Мысалы: Испанияға Италиядан жылына 1 млн., Жаңа Әлемнен 0,5 млн., Испанияның өзінен 0,5 млн. салық жиналған. Кішкентай Нидерланд жері үшін бұл өте үлкен соққы болды. Филипп ІІ нің жоғарыда көрсеткен қысымдарының барлығы халық арасында үлкен наразылық тудырды. Сонымен қатар, кальвинистер мен анабаптистер өндірістік ірі қалаларда, Фландрия, Брабант, Голландия, Фрисландия және басқада провинциялардың елді мекендері мен тұрақтарында өз идеяларын жеткізуде үлкен жетістіктерге жетіп, халықтың қолдауына ие болды. Олар енді өз ойларын халық көп жиналған алаңдарда ашық насихаттай алатын дәрежеге жетті. 1561 жылы Валансьеде жаңашыл идеалистердің насихатынан кейін жандармерия мен магистрат мүшелерін қуып, өртегелі жатқан екі еретикті босатып алды. Ерестіктердің орталығы болған Антверпенде 1564 жылы монах Кристоф Фабрициюсті өлім жазасына кесу кезінде халық пен сақшылар арасында қақтығыс болды.
Иконаға қарсы болған көтеріліске қатысушылар испан қанаушылығынан әбден титықтаған шаруалар мен қала кедейлері болатын. Өйткені, салықтың ауырлығнан байлардың өзі қиналып жатқанда, кедейлер мүлде далада қлған еді. Көптеген адамдар тұрғылықты мекендерінен кетіп, жат жерлік басқыншыларға қарсы соғыс бастады. Бірақ бұл көтеріліс біріншіден, көтеріліс қатарында қоғамның барлық өкілі болмады; екіншіден, қозғалыс бүкіл қоғамдық сипатқа ие болмады; үшіншіден, барлығын топтастырып, ұйымдастыратын талантты қол басшылар болмады. Осныдай әлсіздітері көп көтеріліс бір жылдан кейін оңай басылды. Көтерілісшілер не істеді? дегенге келер болсақ. Бақылаудан шығып кеткен көтерілісшілер иконалар мен католик шіркеулерін бұзды.
1576 жылы қазанда Гент қаласында билікті өз қолына алған Бас штаттың жиналысы болды. Елдегі төңкерістік жағдайға қарамастан патрициаттардың, саудагерлер, католиктер құрамы толық жиналды. Жиналыста солтүстік провинциялардан келген депутаттар пікірлерін ашық айтты. 1576 жылы 4 қарашада испан жалдамалылары Антверпен цитадельінен шығып қаланы қырғын мен тонауға ұшыратты. Мәліметтерге қарағанда сол жолы Антверпеннің 8 мың тұрғыны қаза тапқан. Мыңдаған үйлер өртенген. Осы келеңсіз оқиғадан кейін Антверпен әлемдік экономикалық жүйедегі ықпалдылығын жоғалтты. Шарасыз қалған Бас штат 8 қарашада асығыс түрда дайындалған «Гент бейбітшілігі» келісімін жариялады. Аталмыш құжатта мынандай мәселелер қабылданды:
Наместниктің сатқындығы Фландрия, Брабант және оңтүстік провинциялардан бастау алған жаңа саяси-әлеуметтік келбеттегі революцияның басталуына себепкер болды. Нидерлан тұрғындары үшке бөлінді. Біріншісі, Испанияның саясатын қолдаушы католиктік дініндегі ақсүйектер, саудагерлер, қала патрициаттары Филипп ІІ мен келісімге келудің жолын іздеді; екіншісі, Ұлт-азаттық соғысқа бекінген кальвинистік ағымды қолдаушы ірі және ұсақ буржуазия, қала халқы шаруалар; үшінші, басқыншы Испан саясатына қарсы, бірақ елдегі түбегейлі төңкерістің бақылаудан шығып кетуін қаламайтын ханзада Оранский бастаған ақсүйектердің бір тобы бейтарап бағыт ұстанды; Сатқындыққа ашуланған халық магистраттарды орнынан алып, испандықтарды қолдаушы басшыларды тұтқындады және католик дінін таратушыларды елден қуды. Брюсельде, Антверпенде, Ипрда және Гентта революциялық бағыттағы «Он сегіздер коммитеті» құрылды. «Он сегіздің» құрамына кальвинизмді қолдаушы буржуазия өкілдері, адвокаттар, цех шеберлері, саудагерлер, қала патрициаттары кірді. Коммитет мүшелері өздерінің басты міндеттері қалалар мен елді мекендерді испан басқыншыларынан қорғау деп есептеді. Бірақ уақыт өте келе олар саясатқа араласып, қалалрды басқаруға араласып, магистраттарды қатаң бақылауға алып, өз қалағандарын жүзеге асырып отырды. Мысалы: Брюсельде «Он сегіздер коммитеті» мемлекеттік кеңес пен Бас штатқа қысым жасап мемлекеттік қызметтерде маңызды орындарда отырған испан патшасының өкілдері мен олардың жақтастарын қызметтен кетіруді және халықты қаруландыруға рұқсат беруді талап етті. Дегенмен, «Он сегіздер коммитетінің», кальвинист консисторлардың және халықтық қозғалыстың және қалталы буржуазияның әрекеттері бір мақсатта болғанмен, бір бағытта бірікпеді. Нәтижесінде ұлт-азаттық қозғалысты ұйымдастырып, басқарушы орталық болмағандықтан Нидерланд жері Испан үстемдігінен құтыла алмады. Өз билігін күшейтуді көздеген ханзада Оранский осыны пайдаланып 1577 жылы Брюссельге келіп, өз жақтастарының жанкешті әрекетінің нәтижесінде Брабант провинциясының руворды (төтенше жағдайлардағы ниместник) дәрежесіне қол жеткізді.
Жан-жақты қысымға душар болған Испанияны жақтаушы ақсүйектер осы уақытта Фландриядағы билікті қолдарына алып, оның астанасы Гентті өз орталықтарына айналдыруға талпынды. Бірақ 1577 жылғы қазан айындағы Гент тұрғындарының көтерілісі олардың жоспарын іске асырмай тастады. Кертартпа ақсүйектердің басшысы герцог Арсхот пен оның жақтастары тұтқындалды. Фландрияда толығымен «Он сегіздер коммитеті» мен консисторлардың билігі орнады. Осы оқиғадан кейін «Гент бейбітшілігінің» ресми түрде күші жойылды деп жарияланбағанмен, іс жүзінде аталмыш құжат еш жерде ескерілмейтін болған еді. Нақтырақ айтқанда онда көрсетілген талаптар мен тиымдар орындалмады. Мысалы: «Он сегіздер коммитеті» кальвинистік идеядағы уағыздарын Нидерландияның барлық провинцияларында еркін жүргізе бастады. Бұрынғы билеушілерге бағынышты әскер жасақтары таратылды немесе қалалардан қуылды. Олардың орынына қалаларды қорғау үшін жаңа құрамдағы әскер жасақталды. «Он сегіздер коммитеті» шіркеу мүлкін тәркіледі және оны сатудан түскен қаржыға қаланың қажеттілігіне, әскердің шығынына, сонымен қатар, 1539 жылғы көтерілісті басу кезінде Карл V жойып жіберген цехтық-муниципальдық құрылысты қалпына келтіруге жұмсады.
XVI ғасырдың алғашқы жартысындағы Нидерландияның экономикалық дамуы
Достарыңызбен бөлісу: |