Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат



бет13/19
Дата23.05.2022
өлшемі131.8 Kb.
#458534
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Д рістер конспектісі п н туралы а парат

9 дәріс.
Крест жорықтары
1. Крест жорықтарының қарсаңында Батыс Еуропада әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі.
2. Крест жорықтарының шығу себептері және католик шіркеуінің ролі.
3. Бірінші крест жорықтары. Кресшілердің Жерорта теңізінің шығысындағы мемлекеттері.
4. Діни-рыцарлық ордендер. Екінші, үшінші, төртінші крест жорықтары және оның тарихи ролі. Соңғы крест жорықтары, кресшілердің Шығыстағы иеліктерінен айырылуы.
5. Крест жорықтарының құлдырауы және оның себептері. Шығыстық мәдениеттің Батысқа әсері.

1. VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласына Рим папасының жоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық (жойқын) билік христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы христиандардың мұсылмандар әлеміне қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары ғана киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.


2. Ислам әлеміне қарсы жорыққа аттануды II Урбан папа бастады. Ол 1095 жылы Клермон қаласында (Франдия) шіркеу жиынында мыңдаған дінбасылар мен халықтың алдында сөз сөйледі. Халықты Византияның түрік салжұқтарына қарсы күресіне көмектесуге, Иса табыты жатқан Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды. Папа бұл жорыққа катысқандардың барлық күнәсі кешіріледі, шайқаста қаза тапқандар о дүниеде пейішке барып, рақатқа бөленеді деп жариялады. Папа киелі жердің байлығы мен құнарлылығы туралы да еске салды. II Урбанның қаһарлы сөзі жиынға қатысушыларға ерекше әсер етті. Олар тізерлеп отырып, Құдай табытын азат ету үшін өмірлерін аямайтыны туралы ант берді. «Құдай осыны қалайды» деп айқайлап жүріп, сол жерде маталардан крест қиып алып, оны киімдеріне тіге бастады. Бұл христиан жауларына қарсы жорыққа аттанушының белгісі болды.Шіркеу крест жорықшыларына көптеген жеңілдік жасады. Олар қарыздарын төлеуден босатылды, олардың дүние-мүліктері мен отбасылары шіркеу камқорлығына алынды. Папаның Шығыс елдерінің шұрайлы жері туралы, онда кедейлердің тез байып кететіні туралы үндеуі кедейлер арасында рақат өмірге бөлену үмітін қоздырды. Осындай уағыздың нәтижесінде, 1096 жылдың көктемінде Франция мен Германияның ондаған мың кедей шаруалары «қажылық жорыққа» аттанды. Аш-жалаңаш кедейлер жолдарындағы венгрлердің, болгарлар мен гректердің жерлерінен өтіп бара жатып, жергілікті халықтардың азық-түлік, мал-мүліктерін тартып алды, тонаушылыққа ұшыратты, қарсыласқандарын өлтіріп, зорлық-зомбылық жасады.
1096 жылы қазан айында салжұқ түріктерінің әскері Кіші Азияға басып кірген кресшілерді толық дерлік қырып жіберді. Діни ерлік жасап, байлыққа батуды аңсаған батыстың кедей шаруалары мен рыцарьлары осылай сәтсіздікке ұшырады.
Осы бірінші крест жорығы кезінде Батыс Еуропа елдерінің феодалдары бастаған, жақсы қаруланған әскері Шығыста қырылып жатқан кедейлерге көмекке аттанды. 1097 жылдың басында Константинопольге келіп жеткен кресшілер өздерін дөрекі ұстады: жергілікті халықты тонап, ұлттық дәстүрлерін мазақ етті. Шығыс Рим императоры алдап-арбап, пара беріп, кресшілер жасақтарын әрең дегенде Кіші Азияға жөнелтіп салды.
"Кресшілердің Иерусалимді алуы
Ұзақ, қанды шайқастан кейін кресшілер Антиохияны басып алды. Ол жерде кресшілердің бір көсемі өз кінәздігін құрды да, Иерусалимге бармай, сонда қалды. Тағы бір көсем армяндардың Эдесса деген бай қаласын басып алды. Осы арада кресшілердің тағы бір мемлекеті - Эдесса графтығының негізі қаланды. 1099 жылдың шілде айында кескілескен шабуылдан кейін кресшілер Иерусалимді алды. Кресшілер қалада шектен тыс баскесерлік жасады. Олар әйел-еркек, бала-шаға, кемпір-шал демей, қала халқын шетінен қыра бастады. Тіпті жас балаларды басын тасқа ұрып өлтірді. Қала халқының үйлерін мүліктерімен қоса кресшілер иемденіп алды. Кресшілер Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы шағын жерде өз мемлекеттерін құрды. Олардың ішіндегі ең бастысы Иерусалим корольдігі болды. Еуропалық басқыншылар ол мемлекеттердің халқын зорлықпен басыбайлы шаруаларға айналдырды. Оларға бұрын-соңды болмаған ауыр алым-салық салды. Батыс Еуропа феодалдары жаулап алынған елдердің халқын қанды қырғынға ұшыратты, зорлық-зомбылық жасап, құлдық езгіге түсірді.
Палестина мен Сирия халықтары басқыншы кресшілерді жек көрді, оларға қарсы күресті тоқтатпады. Сөйтіп басқыншылар өздеріне жау елде үнемі қауіп-қатерде өмір сүрді. Франциядағы Клерво монастырының аббаты Бернар христиандарды қолына қару алып, қайтадан Палестинаға аттануға шақырды. Бұл шақыруды француз королі VII Людовик пен неміс императоры III Конрад қабыл алып, 1147 жылы екінші крест жорығын жасады. Олар Кіші Азияда салжұқ түріктерінен жеңіліп қайтты. 1187 жылы Египет сұлтаны Салах-ад-Дин кресшілерді Палестина мен Сириядан қуып шықты. Иерусалим қайтадан мұсылмандар қол астына көшті. Енді оны қайтарып алу үшін Германия, Англия, Франция корольдері 1189-1192 жылдары үшінші крест жорығын жасады. Ол жорық та нәтижесіз аяқталды. Христиандар теңіз жағалауындағы енсіз жерді ғана иемденді. Иерусалим мұсылмандардың қолында қалды. 1204 жылғы төртінші крест жорығын III Иннокентий папа ұйымдастырды. Кресшілер қасиетті жерге теңіз аркылы бармақ болып, Венецияның кемелерін жалдады. Ақысын төлеуге ақшалары жетпей қалған соң, Венецияның оміршісі кресшілерді өздерімен бәсекелес Шығыс Рим империясының астанасына басып кіруге көндіреді. Сөйтіп кресшілер христиандар қаласы Константинопольді басып алып, оны талан-таражға салды. Еуропаның ең бай қаласын иемденген кресшілер Византияда өз мемлекетін қүрып, Палестинаға бармай қалды. Олардың мемлекеті Латын империясы деп аталып, 1261 жылға дейін өмір сүрді. Осы төртінші жорық кресшілердің құдайдың мүрдесін азат ету үшін күресушілер емес, өздерінің баюын ғана ойлайтын тонаушы басқыншылар екенін анық көрсетті.
Кресшілер жорығын жалғастыру мақсатындағы дінбасыларының уағызымен Еуропаның кейбір елдерінде балалар топтары құрылды. Оларды өздерін «құдай елшісі» деп жариялаған балалар басқарды. Олар құдай мүрдесін күнәға батпаған балалар ғана азат ете алады деп жариялады. Жас кресшілердің біразы жолда аштық пен аурудан қаза тапты, аман қалғандары теңіз жағасындағы Генуя және Марсель қалаларына жетті. Ол қалалардағы көпестер балаларды қасиетті жерге жеткіземіз деп алдап, кемелерге отырғызды да, Египетке апарып, құлдыққа сатып жіберді.
Соңғы крест жорықтары. Людовик ІХ кресшілердің басшылығында Қасиетті жерді азат етеміз деген кресшілер алғаш басып алған жерлерінен біртіндеп айырыла берді. Папалар мен корольдер 1217-1221 жылдары - бесінші, 1228-1229 жылдары - алтыншы, 1248-1254 жылдары жетінші жорықтар ұйымдастырды. Барған сайын ол жорықтарға қатысуға тілек білдірушілер қатары азая берді. Кедейлер де, феодалдар да Шығысқа енді бұрынғыдай үмтыла қоймады. Мұсылмандармен соғысудың оңай емес екеніне олардың көздері жетті. Папа кезекті крест жорығын ұйымдастыру үшін жаңа салық енгізіп жатты. Бірақ ол салықты жинау үлкен күшке түсті. Халық салық жинаушылардың көзінше қайыршыларға садақа беріп, «Христостан да күшті Мұхаммедтің аруағы үшін ал» деп папаны, кресшілерді мазақтай бастады. 1270 жылғы сегізінші крест жорығынан кейін Батыс Еуропа басқыншылары мұсылман елдеріндегі өздерінің барлық иеліктерінен айырылды.
Крест жорықтарының салдары. Крест жорықтары Батыс Еуропа елдері тарапынан жүргізілген әділетсіз, басқыншылық соғыстар болды. Бұл соғыстар дүниежүзілік өркениеттің дамуына едәуір кедергі келтірді. Жорықтар Еуропа елдерінің ғана емес, Шығыстағы мұсылман елдерінің де шаруашылығына, мәдениетіне орны толмас зиян әкелді. Көптеген өнер туындылары қирады, кітаптар мен құнды деректер жойылып кетті. Дегенмен бұл жорықтардың Батыс Еуропа елдері үшін біраз пайдалы жақтары да болды. Біріншіден, Жерорта теңізіндегі сауданың қыза түсуіне ықпал етті. Бұл саудада Солтүстік Италия қалалары үстемдікке ие болды. Екіншіден, Батыс Еуропа халықтары Шығыстан жоғары дәрежеде дамыган мәдениеттің үлгісін игерді. Кресшілер мұсылман халықтардан тамақ ішер алдында қолдарын жууды, ауықауық ыстық моншаға түсіп, іш киімдерін, төсек-орындарын ауыстырып тұруды, әдемі киінуді, ас ішкенде шанышқыны пайдалануды үйренді. Үініншіден, еуропалықтар Шығыстан жанд егіс дақылдарын көріп, Еуропада күріш, лимон, өрік, қарбыз өсіре бастады. Еуропалықтар Шығыс халықтарынан жібек мата тоқуды, айна жасауды, металды сапалы өңдеуді үйренді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет