Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат


дәріс. IX-XI ғасырлардағы Солтүстік Еуропа



бет11/19
Дата23.05.2022
өлшемі131.8 Kb.
#458534
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Д рістер конспектісі п н туралы а парат

7 дәріс.
IX-XI ғасырлардағы Солтүстік Еуропа.
IX-XI ғасырлардағы Англия.

Батыс Еуропада өмір сүрген «Нормандар» деп аталған тайпалар қазіргі норвегтердің, шведтердің, даниялықтардың арғы аталары болып келеді. Олардың негізгі отаны Ютланд, Скандинав түбектері мен кейбір Балтық аралдары. Еуропаның солтүстігіндегі ауа-райы өте қатал еді, олар қиын жағдайда өмір сүрді. Жері тау-тасты, көп бөлігін ормандар алып жатқан, топырағы құнарсыз, егіншілікпен айналысу өте қиын еді. Олар теңізде жүзуден мықты еді. Сол арқылы тамақтарын асырады. Солтүстік және Балтық теңізінде жүзіп, азық-түлік табатын еді. Шағын, бірақ берік, жылдам жүзетін кемелер жасады.


IX-XI ғасырлар Солтүстік Еуропа тарихында «викингілер дәуірі» деп аталады. «Викингілер дәуірінде» скандинав халықтарының материалдық және рухани өмірінде алға басушылықтар байқалады. Скандинавия жарты аралының орманды жерлері игеріле бастады. Тез жүретін жетілген кемелер жасай бастады.
«Викинг» термині тарихта әртүрлі түсіндіріледі. Батыста «викингтерді» «нормандар» деп атайды, орыстар болса «варягтар» дейді екен.
IX ғасыр бойы дат викингтері Солтүстік Германияны, Францияны, Англияны тонап отырды шабуылдар жасау арқылы.
Скандинавия елдеріндегі феодалдану процесінің өзіндік ерекшелігі болды. Бұл ерекшелік Скандинавияның географиялық жағдайына байланысты еді. Ерте феодалдық кезең Скандинавияда XII-XIII ғасырларда болдлы. Оларда шаруалардың жеке бағыныштылығы мен барщина кең қанат жайған жоқ. Норвегия жеке бас тәуелсіздіген мүлде білген жоқ, феодалдардың ленге деген құқығы шектеулі болдлы, вассалдық қатынастар Еуропамен салыстырғанда жетілмеген еді. VIII-XI асырларда бүкіл Еуропаны үрейлендірген нормандардың өмірі, ең алдымен, «Халықтардың ұлы қоныс аудару» дәуіріндегі германдарға ұқсайтын еді.
IX-XI ғасырлардағы Англия. Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде V ғасырдың ортасынан бастап (449ж.) Британияға германдықтардың ағылшын-сакс тайпалары, юттар барып қоныстанды. Олар алғашқы кезде өзара қырғи қабақ соғыстар жүргізіп отырған жеті корольдік құрды.
Олар оңтүстікте орналасқан сакстердің үш королдығы:
1. Уэссекс (Уессекс)
2. Сессекс
3. Эссекс
(Батыс, оңтүстік және шығыс сакстер).
Орталық пен солтүстік-шығыстаАнглдер құрған королдіктер:
1. Мерсия
2. Нортумбрия
3. Шығыс Англия
Қиыр оңтүстік-шығыста V-VI ғасырларда юттер құрған.
1. Кент королдығы
IX ғасырда олар бірікті. Біріктіруді жүзеге асырған Уэссекс королі Экберт (802-839ж.) еді. Елді біріктіру шамамен 829 жылдары жүзеге асты. X ғасырдың аяғынан бастап бұл бірлестік Англия деп аталды. Оны алғаш даниялықтар жаулап алды. Англия бірлестігі тек XI ғасырда ғана даниялықтардың үстемдігінен құтылды. Алайда Англия корольдігі әлсіз еді. Феодалдар өзара қырқысып, әрі корольмен қактығысып, жауласып отырды. Нормандардың Англияны жаулап алуы. Англия корольдігінің осындай әлсіздігін пайдаланып, 1066 жылы Британ аралдарына Нормандия герцогі Вильгельм басып кірді. Гастингс маңындағы шайқаста ол ағылшындар королі Гарольдті жеңді. Вильгельм Лондонға басып кірді. Сөйтіп өзін Англия королі деп жариялады. Ол «Жаулап алушы» деген атаққа ие болды. "Жаулап алушы" Вильгельм Англияны нормандықтардың жаулап алуы нәтижесінде ондағы король билігі күшейді.
Вильгельм ағылшын-саксондық ақсүйектердің жер иеліктерінің біраз бөлігін тартып алып, өзімен бірге келген рыцарьларына таратып берді. Барлық ағылшын-саксондық феодалдар Вильгельмге адалдық жөнінде ант берді. Олардың бәрі корольдің бағыныштыларына айналды. Вильгельм 1086 жылы жер, халық және мүлік санағын жүргізді. Ол санақтың барысы жазылған кітап «Қаһарлы сот кітабы» деп аталды. Англия халқының саны 1,5 млн болды. Оның 95%-ы ауылдық жерде тұрды. Бұрынғы ерікті шаруалардың көпшілігі тәуелді, басыбайлы шаруаларға айналды. Шаруалар феодалдарға қарсы күреске шығып отырды. Англия бірлестігі тек XI ғасырда ғана даниялықтардың үстемдігінен құтылды. Алайда Англия корольдігі әлсіз еді. Феодалдар өзара қырқысып, әрі корольмен қақтығысып, жауласып отырды.
VIII- XI ғасырлардағы Испания. Рим империясының құлдырау кезеңінде Испания территориясына вестготтармен қатар свевтер, вандалдар, аландар қоныстанған. Вестготтар 414 жылдары келген еді. Тулуза қаласы VI ғасырдың басына дейін вестготтардың орталығы болды.
711-714 жылдары Пиреней түбегіндегі Вестгот корольдігіне арабтар өз үстемдігін орнатты. Бұл жерде арабтарды маврлар деп атады. Себебі олар Солтүстік Африкадағы Мавритания аймағынан келген болатын. Арабтар мұнда 756 жылы Кордова әмірлігін құрып, оны 929 жылдан бастап тәуелсіз халифаттық деп жариялады. Тек түбектің солтүстігіндегі шағын Астурия облысы ғана тәуелсіздігін сақтап қалған еді.
Кейін Испания деп аталған Вестгот корольдігінің арабтар иелігіне көшкен бөлігі гүлденген өлкеге айналды. Шаруалар бірсыдырғы жеңілдіктер алды. Соның арқасында Испанияның ауыл шаруашылығы жедел қарқынмен дами түсті. Арабтар бірсыпыра жаңа дақылдар өкеліп, өсіре бастады. Арабтар кеңінен қолданған суару каналдарының жүйесі егіншіліктің өркендеуіне септігін тигізді. Испанияда мал шаруашылығымен қатар қолөнер кәсібі де дамыды.
Реконкиста. Арабтардың, олар әкелген озық ислам дінінің табыстары католик шіркеуіне көзге шыққан сүйелдей көрінді. Сондықтан да бұл шіркеу иелері жергілікті христиан дініндегі халықты арабтарға қарсы айдап салып отырды.
Бұл арабтарға қарсы күрес реконкиста деп аталды. Ол «қайтарып алу» дегенді білдіретін. Реконкистаның орталығы түбектің солтүстігіндегі христиандык Астурия, Галисия және Баскония иеліктері, сондай-ақ шығыстағы Испан маркасы болды. Реконкистаның барысында Пиреней түбегінің солтүстігінде Кастилия және Арагон, Пиренейде Наварра корольдіктері құрылды. Түбектің батысында Кастилиядан Португалия корольдігі бөлініп шықты. 1030 жылы Кордова халифаты бірнеше ұсақ тәуелсіз кінәздіктер мен әмірліктерге бөлініп кетті.
1085 жылы Леон мен Кастилияның королі VI Альфонс әскері Толедоны басып алды. Заллактағы шайқаста біріккен мұсылман әскері христиан жасақтарын талқандады. Арабтардың бұл жеңісі реконкистаны біраз уакытқа тоқтатты.
Алайда арабтар арасындағы алауыздық пен бытыраңқылық 1212 жылы олардың испандық-христиандық мемлекеттерден жеңілуіне әкеп соктырды. Арабтардың осы жеңілісінен кейін реконкиста қайта күшіне енді. Арабтар Пиренейдің қиыр оңтүстігіндегі Гранада әмірлігін ғана иемденіп қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет