Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат


дәріс. ХІ-ХV ғғ. кезіндегі Англия



бет15/19
Дата23.05.2022
өлшемі131.8 Kb.
#458534
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Д рістер конспектісі п н туралы а парат

11 дәріс.
ХІ-ХV ғғ. кезіндегі Англия
1. Норман жаулаушылығы және оның Англия феодализміндегі ролі.
2. «Зәрлі сот кітабы» бойынша ағылшын қоғамы.
3. ХІ-ХІІ ғғ. ІІ Генрих Плантагенет билігіндегі Англия қалалары.
4. ХІІІ ғ. Ағылшын ауыл шаруашылығы.ХІІІ ғ.
5. Иоанн Беззземельный билігі кезіндегі Англиядағы саяси соғыс.
6. Еркіндіктің Ұлы хартиясы. ІІІ Генрих. Борондық соғыс.
7. Ағылшын парламентінің қалыптасуы.
8. Англия феодализмі. «Қара өлім», «Жұмысшы заңнамасы», Джон Виклиф және лоллардтар. 1381 ж. көтерліс. ХV ғ. Экономикалық даму: «ескі» және «жаңа» дворяндық Джек Кэд көтерлісі. Ақ және қызыл раушан соғысы.

1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде Британияға германдықтардың ағылшын-сакс тайпалары барып қоныстанды. Олар алғашқы кезде өзара қырғи қабақ соғыстар жүргізіп отырған жеті корольдік құрды. IX ғасырда олар бірікті. X ғасырдың аяғынан бастап бұл бірлестік Англия деп аталды. Оны алғаш даниялықтар жаулап алды. Англия бірлестігі тек XI ғасырда ғана даниялықтардың үстемдігінен құтылды. Алайда Англия корольдігі әлсіз еді. Феодалдар өзара қырқысып, әрі корольмен қактығысып, жауласып отырды.


Нормандардың Англияны жаулап алуы. Англия корольдігінің осындай әлсіздігін пайдаланып, 1066 жылы Британ аралдарына Нормандия герцогі Вильгельм басып кірді. Гастингс маңындағы шайқаста ол ағылшындар королі Гарольдті жеңді. Вильгельм Лондонға басып кірді. Сөйтіп өзін Англия королі деп жариялады. Ол «Жаулап алушы» деген атаққа ие болды.
"Жаулап алушы" Вильгельм Англияны нормандықтардың жаулап алуы нәтижесінде ондағы король билігі күшейді. Вильгельм ағылшын-саксондық ақсүйектердің жер иеліктерінің біраз бөлігін тартып алып, өзімен бірге келген рыцарьларына таратып берді.
Барлық ағылшын-саксондық феодалдар Вильгельмге адалдық жөнінде ант берді. Олардың бәрі корольдің бағыныштыларына айналды.
Вильгельм 1086 жылы жер, халық және мүлік санағын жүргізді. Ол санақтың барысы жазылған кітап «Қаһарлы сот кітабы» деп аталды. Англия халқының саны 1,5 млн болды. Оның 95%-ы ауылдық жерде тұрды. Бұрынғы ерікті шаруалардың көпшілігі тәуелді, басыбайлы шаруаларға айналды. Шаруалар феодалдарға қарсы күреске шығып отырды. XIV ғасырдағы балладаларда езілгендердің адал досы Робин Гудтың ерлігі туралы айтылады.
Англияда бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің күшеюі.
"Жаулап алушы" Вильгельм тұсында Англия қуатты державаға айналды. Ол әсіресе Вильгельмнің шөбересі II Генрих Плантагенет (1154-1189) тұсында онан сайын қанат жайды. II Генрих Англиямен қатар Франция жерінің 3/2 бөлігін иемденді. Егер Нормандия оған бабасынан мұра ретінде калған болса, Аквитания оның әйелі Алеонораның жасауы ретінде берілген үлесі болатын.
II Генрих Плантагенет сот реформасын енгізді. Бұрынғы феодалдардың «Тәңір сотының» орнына король соты орнады. Оған халықтың бәрі бірдей шағымдануға құқылы болды.
II Генрих әскери реформа да жүргізді. Енді феодалдар әскери қызмет аткарғысы келмесе «қалқандық ақша» төлеуге тиіс болды. Ол ақшаға өкімет рыцарьларды жалдады. Король шонжарлардың феодалдық жасағына тәуелді болуын азайтты.
II Генрих ағылшын шіркеуін де тікелей өзіне бағындыруға тырысты. Оның бұйрығы бойынша Англияның бас епископы Фома Беккет өлтірілді. Себебі, ол корольдің іс-әрекеттерін сынаған болатын.
Осындай реформалар король билігін нығайтып, бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуына көмектесті.
Парламенттің құрылуы. II Генрих өлгеннен кейін оның мұрагерлері Франциядағы иеліктерінен айырылды. Оның үстіне елде феодалдар бүлігі күшейді. 1215 жылы корольге қарсы көтеріліс болды. Көтерілісшілер 1215 жылғы 15 маусымда корольді «Еріктіліктің ұлы хартиясы» деген құжатқа қол коюға мәжбүр етті. Ол құжат бойынша король халыққа біраз жеңілдіктер берді. Шетел көпестерінің Англияға емін-еркін келіп-кетулеріне рұқсат берілді. 1216-1272 жылдары Англияда III Генрих билік құрды. 1258 жылы ол Италияға қарсы соғыс ашып, барондардан барлық табыстарының 1/3-ін өзіне беруді талап етті. Бұл талапқа барондар наразылық білдірді. Барондар өкімет билігін бақылайтын Кеңес құрды. Ол кеңестің келісімінсіз король ешқандай шешім қабылдай алмайтын болды. 1259 жылы III Генрих Кеңеспен санасудан бас тартты. 1263 жылы Англияда король мен барондардың арасында басталған соғыс нәтижесінде барондар жеңіске жетті. 1265 жылы олар халық өкілдерінің жиналысын шақырды. Ол жиналыс ағылшын парламентінің (фр. parle - «сөйлеу» деген сөзінен шыққан) бастамасы болды. Парламент екі палатадан тұрды. Бірінші палата лордтар палатасы деп аталды. Оған ірі жер иелерінің өкілдері - герцогтер, маркиздер, графтар, виконттар мен барондар, епископтар сайланды. Екінші палата қауымдар палатасы деп аталды. Оған рыцарьлар мен халық бұқарасының өкілдері сайланатын.
Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісі. 1381 жылы көктемде Англияның оңтүстік-шығысында шаруалар көтерілісі басталды. Оған Франциямен соғысты жалғастыру үшін жаңа салықтың енгізілуі себеп болды. Көтерілісшілер салық жинаушыларды ұрып-соғып, олардың кейбіреулерін өлтіріп те жіберді. Көтеріліске бүрын Жүз жылдық соғысқа қатысқан Уот Тайлер басшылық етті. Лондонға жақын жатқан екі графтықтың шаруалары астанаға қарай аттанды. Олар корольдің «ақымақ кеңесшілерін» жазалап, корольге өз талаптарын орындатуды көздеді. Көтерілісшілер үкімет қамап қойған діндар Джон Боллды түрмеден босатып алды. Ол шаруаларды үкіметтің зорлық-зомбылығына қарсы үгіттеушілердің бірі болатын. Джон Болл король соттарының сатқындығын, епископтардың тойымсыздығын, феодалдардың қаталдығын әшкереледі. Ол тыңдаушыларға «Адам ата жер жыртып, Хауа ана жіп иірген кезде кім дворян болған еді?» деген сауалды жиі қойғанды жаксы көретін.
Лондонның кедейлері көтерілісшілерге кақпаны ашып берді. Шаруалар король сыбайластарының үйлерін талқандап, өшіккендерін өлтіріп те жіберді. Қалада көптеген жазықсыз адамдар да шаруалар соққысына жығылып, қаза тауып жатты.
Король II Ричард көтерілісшілермен кездесуге мәжбүр болды. Көтерілісшілер мынандай талаптар қойды:
- жеке адамдардың тәуелділігін, барщинаны жою (адамдар тек өз еріктерімен ғана тәуелді бола алады);
- жерді пайдаланғаны үшін оның иесіне салықты тек акшамен ғана төлеу;
- қалалар мен селоларға сауда бостандығын беру;
- көтерілісшілерге кешірім жариялау.
Уот Тайлердің өлімі. Король бұл талаптармен келісіп, уәдесін орындайтындығы туралы грамоталар беруге жарлық етті. Шаруалардың бірсыпырасы Лондонды тастап, үйлеріне тарап кетті. Бірақ көтерілісшілердің бір тобы бұл жеңілдіктерге қанағаттана коймай, Уот Тайлер және Джон Боллмен бірге Лондонда қалып койды. Олар корольмен екінші рет кездесіп, жаңа талаптар қойды. Ол талаптар:
- епископтар мен монастырьлардың жерлерін тартып алып, шаруаларға үлестіру;
- корольдерден басқа барлық ағылшындардың теңдігін орнату (дворяндардың артықшылықтарын жою) тұрғысында болды.
Король шаруалармен келіссөз жүргізіп жатқанда Лондонның мэрі Уот Тайлерді опасыздықпен өлтіреді. Король шаруаларға толып жатқан уәделер беріп, оларды үйлеріне қайтуға көндіреді. Көсемінен айырылған көтерілісшілер Лондоннан қайтып кетеді. Көтеріліс шыққан аудандарда король соттары жұмыс істеп, көтеріліске қатысқандарды қатаң жазалайды. Джон Боллға үкім шығарылып, ол да өлім жазасына кесіледі.
Көтеріліс ағылшын мырзаларын біршама үрейлендіріп тастады. Олар шаруаларды белгілі бір шамадан артық қанау бүліктен басқа ештеңеге жеткізбейтінін түсінді. Сондықтан мырзалардың бір тобы корольге қызмет етуге келе бастады. Шаруалар жеңілдіктерге ие болды. Уот Тайлер көтерілісінен жүз жыл өткен соң Англияда жеке қожайынға тәуелді шаруа қалмады деуге болады.
Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы (1455-1485).
Жүз жылдық соғыстағы жеңіліс ағылшын барондарының арасында үкіметке қарсы наразылық туғызды. Оның үстіне король VI Генрих Ланкастер (1422-1461) дімкәс адам еді. Оның әйелі Маргарита ханшайым шыққан тегі жағынан француз болатын. Халық оны қатыгездігі үшін де жек көретін. Ханшайым мен оның сыбайластары тек өздерінің байлығын көбейтуді ғана ойлады. Елде ұрлық-қарлык, зорлық-зомбылық, тәртіпсіздік етек алды.
Ханшайым мен оның сыбайластарының басты қарсыластары корольдің алыс туыстары - Йорктер әулеті болды. Ланкастерлер мен Йорктер әулеттерінің арғы атасы III Эдуард Плантагенет (1327-1377) болатын. Бұл екі әулеттің арасындағы билік үшін талас-тартыс ұзаққа созылған қанды қақтығысқа әкеп соқты. Йорктер туында ақ, ланкастерлердің туында ал-қызыл раушанның суреті бейнеленді. Сол себепті бұл соғыс "Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы" деп аталды. Соғыс 1455 жылдан 1485 жылға дейін созылды.
Бүкіл ағылшын феодалдары өзара жауласқан екі топқа бөлінді. Олардың әрқайсысы король тағы үшін күресте шонжар әулеттерінің бірін қолдады. Соғыс шонжар-феодалдар бірін-бірі түгелдей дерлік қырып болған кезде ғана тоқтады.
Ланкастерлердің Францияда тұрып жатқан туысы Генрих Тюдор 1485 жылы жеңіске жетіп, билік құрып отырған Йорктер әулетіне қарсы соғыс бастады. Сол жылы тамыз айында Босворт түбіндегі шайқаста II Ричард Йорк жеңіліп, өлім жазасына кесілді. Осы ақырғы соғыспен Ал қызыл және Ақ раушандар арасындағы дау-жанжал бітті. Генрих Тюдор (1485-1509 жылдары билік құрды) VII Генрих деген атпен Англияның королі деп жарияланды. Ол IV Эдуард Йорктің қызы Елизаветаға үйленіп, өзінің туында Ал қызыл және Ақ раушандарды мәңгі ажырамастай біріктірді.
VII Генрих Тюдордың тұсында король билігі нығайды. Ол феодалдардың әскери отрядтар ұстауына тыйым салды, бағынғысы келмеген шонжарлардың қамалдарын талқандады, соғыс барысында қаза тапкан герцогтер мен графтардың жері мен атақтарын өз жақтастарына сыйлады. Өзара қақтығыстардан қалжыраған рыцарьлар мен қала тұрғындары да VII Генрих Тюдорға қолдаушылық көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет