Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


 Ұлттық саясат мемлекеттік саясаттың құрамы ретінде



Pdf көрінісі
бет15/62
Дата28.03.2024
өлшемі0.62 Mb.
#496772
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62
Саясаттану

4.3 Ұлттық саясат мемлекеттік саясаттың құрамы ретінде
Адамдар ежелден-ақ белгiлi бiр нақты қауымдастықтар қамтуында өмiр
сүрiп, еңбек етiп келедi, ал осы қауымдастықтардан адамзат қоғамы
қалыптасады. Ал адамзат баласының тарихы мейлiнше бай, себебi бұл
адамдардың ең алуан өмірi бiр-бiрiмен өзара қатынастағы түрлi тарихи
қауымдастықтарының тарихы. Адамдардың ұлыстар, этникалық топтар, ұлттар
сияқты əр түрлi қауымдастықтары шеңберiнде қоғамның даму заңдары өзiндiк
сипатта көрiнiп, əрекет етедi. Сондықтан адамдар қауымдастықтары тарихи
нысандарына катынасты проблеманың өзiнiң, олардың қоғам өмiрiндегi орны
мен рөлiнiң даму сипаттарының, олардың арасындағы қатынастардың, яғни
ұлттық қатынастардың саяси процестi түсiну үшiн елеулi маңызы бар.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан
халықтары Ассамблеясының бiрiншi сессиясында сөйлеген сөзiнде былай деп
көрсеттi: «Ұлтаралық қатынастар бiздiң бүгiнгi таңдағы зерттеулерiмiздiң
өзектi проблемалары болады жəне болуға тиiс те. Қоғам бұл салада тек
Қазақстанда ғана емес, бүкiл дүние жүзiнде өтiп жатқан процестердiң айқын да
дəл сипатын бiлуге мейлiнше зəру болып отыр. Адамзат баласының өркениетi -
бұл халықтар мен мемлекеттер пайда болып, көркейiп, сосын тарих сахнасынан
кетiп жататын үздiксiз өрiстi құбылыс. Бұл процесс көбiне ғаламдық сипатта
болады».
Ұлттық қатынастарды жəне олармен байланысты ұлттық мəселенiң
ерекшелiгi бұл
қатынастардың
субъектiсi
əлеуметтiк-этникалық
қауымдастықтар: этникалық жəне ұлттық топтар, ұлттар мен ұлыстар болып
табылатындығынан көрiнедi. Соңғы кезде ғана əлеуметтiк фактор ретiнде
этносқа көңiл бөлiне бастады.
Этникалық қауымдастық дегенiмiз белгiлi бiр аумақта тарихи жағынан
қалыптасқан түпкi тегi бiр адамдардың тұрақты жиынтыгы, оларосы сияқты
кұрылымдардан ортақ белгiлермен ғана емес, бiршама тұрақты мəдени (тiлдi
қоса алғанда) өзгешелiктермен, сондай-ақ өздерiнiң түбiнiң бiрлiгiн танып-
бiлумен де ерекшеленедi. Этникалық қауымдастықтың өзi түгелдей немесе
оның едəуiр бөлiгi əлеуметтiк организм, яғни саяси құрылым дейтiнге кiрген
жағдайларда (тайпа - алғашқы қауымдық құрылыста, мемлекет - таптық
қоғамда) ерекше «қоспа» құралым пайда болады. Мұндай құралымды анти-
əлеуметтiк организм деп атау ұсынылған. Этникалық қауымдастықтарға оның
негiзгi этникалық шағын бөлiктерiмен қатар субэтностар (этностың өзiндiк
бөлiгi) жəне бiрнеше халықты қамтитын метаэтникалық қауымдастықтар да
жатады.
Этнос - көне термин. Ол белгiлi бiр дəрежеде ұлттық деген сөзге сəйкес
келедi, яғни ұлт қай аумақта тұратындығына қарамастан бiр ұлтқа жататын
адамдардың жиынтығы болып табылады. Сосын «ұлт» пен «ұлттық» деген
ұғымдарды ажыратып алған жөн. Ұлттық - этникалық категория, ол этникалық
жағынан ұлтты бiлдiредi, бiрақ ұлттың тек өзiн ғана бiлдiрмейдi. Ұлттық
қасиетi жоқ ұлт болмайды, бола да алмайды. Ұлттықтың өзi бiр аттас ұлтқа


44
жатады дегендi бiлдiрмейдi. Этностың бiрлiгi сол этносқа тəн мəдениеттiң, сана
сезiмнiң, өзiндiк ерекшелiктiң ортақтығымен тығыз байланысты.
Этностың өзiн этникалық тұрғыда толық тануы «бiз» - «олар» деген
ұғымдарды мiндеттi түрде ажырата бiлуден көрiнедi. Батыс əдебиетiнде
«этнос» ұғымы адамдардың шағын ғана тобына қолданылса, ал бiздiң
ғылымымызда «этнос» ұғымы саны аз халықтарды ғана емес, сандаған
миллиондық қауымдастықтарды да: орыстарды, қазақтарды, татарларды жəне
т.б. бiлдiредi.
Шашырай орналасқан кейбiр этникалық қауымдастықтарды (еврейлер,
гректер, ұйғырлар жəне т.б.) көбiне «аз ұлттар» деп атайды. Сондай-ақ, негiзгi
бөлiгi басқа елдерде, өздерiнiң этникалық аумағында тұратын халықтардың
бөлiгi осылай аталады, олар өз халықтары тұрғысынан да, өздерi тұратын елдер
халықтарының тұрғысынан да «аз ұлттар» болып табылады. Алайда, «аз
ұлттар» терминiн кейде ұлттық теңсiздiк ұғымына саяды. Сондықтан ұғымда
айқындық болу үшiн ұлттық немесе этникалық топтар терминдерi
қолданылады. Республикалардың этноұлттық құрамының өзгеру бағыты
бұрынғы КСРО аймағының бəрiнде бiрдей деңгейде дамыған жоқ. Мысалы,
Қазақстанда қазақ емес халықтардың үлес салмағының артуы байқалды.
Этностардың бiр бөлiгi ұлттық болып құралуға, аумақты бөлуге ұмтылады. Бұл
жерде этнос ұлттық мысалға онда саяси, мəдени, экономикалық жəне
психологиялық жағынан өзiн-өзi билеуге ұдайы кажеттiлiк туған жағдайда ғана
ие болатынын атап айту керек.
Ұлт - саяси, мемлекет болып ұйымдасқан халық, оның мəнi осында.
Демек, мемлекеттендiрiлген этнос ұлт болып табылады. Ұлтқа анықтама
берудегi мұндай көзқарас жекелеген халықтар мен елдердiң ұлттық өмiрiнде
жүрiп жатқан процестерге қайшы келедi. Этникалық проблемаларды терең
зерттеген белгiлi ғалым Л.Н. Гумилев əлеуметтiк-этникалық қауымдастык
қоғамдық дамудың қажеттi нысаны ретiнде бiрқатар сатылардан: рулық-
тайпалық қауымнан - ұлыс, ұлыстан - халык, халықтан - бiртұтас адамзат
ретiнде қалыптасу кезеңдерiнен өтедi деп санайды. Қазiргi жағдайда
əлеуметтiк-этникалық қауымдастықтың ең жоғары дамыған сатысы - ұлт.
Қауымдастықтың адамға тəн тұңғыш нысаны алғашқы кауымдық
сатының орнына келген, коғам дамуында зор роль атқарған рулық ұйым болып
табылады. Ру - қандас туыс болып келетiн, яғни бiр атадан тараған адамдардың
бiршама шағын тобы. Рулық құрылыстың соңғы сатысында рулардың одағы -
тайпа пайда болады.
Тайпа ендi толықтай дербес құралымға айналды. Оның негiзiнде
тайпалардың одағы пайда болады. Рулық-тайпалық құрылыстың ыдырауы,
қоғамның байлар мен кедейлерге бөлiнуiне əкеп соқтырған қауымдастар
арасында мүлiктiк теңсiздiктiң пайда болып, оның барған сайын өрiстеуi
салдарынан қандас туыстық байланыс өзiнiң бұрынғы маңызын жоғалтты.
Оның орнын таптар арасындағы қатынас басты. Адамға ендi белгiлi бiр ру
немесе тайпа ретiнде емес, ең алдымен қандай да бiр тап ретiнде қарайтын
болды. Бұрынғы рулық-тайпалық алауыздық таптар күресiне орын бердi.


45
Өзара таптық мүдделерi бойынша бөлiнген, бiрақ өндiрiстiк процестiң
ортақтығы, тiлдiң, аумақтың, мəдениет ерекшелiктерiнiң, салт-дəстүрлерiнiң
ортақтығы негiзiнде өзара байланысты қанаушылар мен қаналушылар
адамдардың жаңа, анағұрлым күрделi жəне саны жағынан көп қауымдастығы -
ұлысты тарих сахнасына шығарды.
Ұлыстық қауымға негiзделген елге тəн белгi - жекелеген шаруашылық
аймақтарының экономикалық жағынан бытыраңқы болуы. Өндiргiш күштердiң
одан əрi дамуы бұл бытыраңқылықты жоюды жəне елдiң шаруашылығын
бiртұтас құрылым ретiнде бiрiктiруді талап еттi. Адамдардың анағұрлым
жоғары тарихи қауымдастығы - ұлттың объективтi негiзi осылай қаланды.
Маркстiк əдебиетте ұлтқа анықтама беруде қазiрге дейiн сталиндiк
тұжырымның салмағы басым, сондықтан «ұлт» терминi екi мəнде
қолданылады: мемлекет азаматтарының жиынтығы, тiлi мен мəдениетi ортақ
адамдардың қауымын құрайтын, мемлекеттiк ұйымдарға бiрiккен жоғары
мəдени деңгейге қол жеткiзген халық; тiлiнiң, аумағының, экономикалық
өмiрiнiң жəне мəдениетiнiң ортақ болуына байланысты қалыптасатын
психикалық дағдысының ортақтығы негiзiнде пайда болған адамдардың тарихи
қалыптасқан орнықты қауымдастығы.
Ұлт анықтамасының бiрiншi мəнi батыс əдебиетiнде, екiншiсi отандық
əдебиетте қолданылады. Ол тiптi олар ұлттық мемлекеттiгiнен айырылған кезде
де өмiр сүре алады. Ұлттық мемлекеттерге тəн үлгiде құрылатын көп ұлтты
мемлекеттер де бар. Мысалы, АҚШ-та ұлтты мемлекетпен теңестiредi жəне
мұнда «ұлт» терминi мемлекеттi де, оның адамдарының жиынтығын да
бiлдiредi. КСРО-да бұрынғы елдiң барлық азаматтарына қатысты, олардың
орыстар, украиндар, казактар жəне т.б. екенiне қарамастан, «кеңес халқы» деп
аталды.
Көп жағдайда iрi этникалық қауымдастықтарды мiндеттi түрде ұлтқа
жатқызу қалыптасқан. Мұндай көзқарасты аса дұрыс деуге болмайды. Өйткенi
қазiргi өмiр сүрiп жатқан ұлттардың көпшiлiк өзiнiң ауқымы жағынан елеулi
екенi белгiлi, соған қарамастан дүниеде саны небары бiр-екi жүз мыңнан
аспайтын, кейде бiрнеше ондаған мың немесе тiптi бiрнеше мың адамнан
тұратын шағын этностар бар, бiрақ кейбiр көрсеткiштерi жағынан олардың iрi
ұлттық қауымдастықтардан еш айырмашылығы жоқ.
Ұлт пен ұлыс саясаттың субъектiлерi болып табылады, олардың
мүдделерi, мəдениетi мен тiлiнiң дамуы саяси өмiрде зор роль атқарады.
Ұлттың саяси маңызы мынаған негiзделген:
1) бұл тарихи-мəдени мұраның иесi болып табылатын өте орнықты, сан
ғасырлық тарихы бар қауымдастық;
2) ол жеке адамда маған тiл берген, туған жермен байланысты еткен,
ұрпақтардың тарихи сабақтастығынан өз орнымды тапқызған үлкен
қауымдастықтың жамиғатымын деген асқақ сезiмдi қалыптастырады;
3) қауымдастық мүшелерi арасында ынтымақтастық жəне басқалардан
оқшаулану міндетiн туғызады.
Осылардың бəрi ұлтты жаппай қозғалыстардың жəне пəрмендi
идеологиялардың бастау көзiне, қозғаушы күшiне айналдырады.


46
Басқа да жолдар бар ма? Иə, бар. Бұл орайда О. Бауэрдiң көзқарасында
зерделi ой бар, ол «ұлт - тағдыр ортақтығы байланыстырған ортақ сипатты
адамдардың бүкiл жиынтығы. Осы тағдыр ортақтығы негiзiнде пайда болған
белгi ұлттық мəдениет ортақтығын интернационалдық түрде жүйелендірген:
кəсiби, таптық, мемлекеттi құрайтын халықтық - бiр сөзбен айтқанда, тағдыр
ортақтығы емес, түп негiзiн бiр тектiлiк құрайтын осындай барлық
ортақтықтардан бөлiп тұрады... Ұлттық сипат - сол ұлт тарихының таспасы,
одан басқа ештеңе де емес». Ұлттық-сақтау саясаты консервативтi, себебi оның
мақсаты - ол мəнi жағынан қандай болса да, ұлттық ерекшелiктi сақтау. Ол
«оны үстем жəне мүлiк иесi таптар, өмiр сүрiп тұрған қоғамдық тəртiптiң
сақталуына мүдделiлердiң бəрi барлық кезде қорғайтындықтан» да
консервативтi деп санайды.
Ұлттың мəнiне қатысты мұндай көзқарастарды Н.А. Бердяев те айтқан
болатын. Ол ұлттық болмысты тiл де, дiн де, аумақ та, мемлекеттiк егемендiк
те, бұл белгiлердiң де ұлттық болмыс үшiн елеулi маңызы болса да, толық
айқындай алмайды. Кiм ұлтқа тарихи тағдырдың бiрлiгi ретiнде анықтама
берсе, соның көзқарасы мейлiнше дұрыс. Осы бiрлiктiң санасы ұлттық сана да
болып табылады. Қан жаңғырығы, нəсiлдiк түйсiк ұлттардың тарихи
тағдырында жойылмай, сақталып қалады деп жазды.
Егемендiк мемлекетке ғана тəн жəне солай болуға тиiс те, соған
қарамастан жекелеген ұлттық-мемлекеттiк жəне аумақтық құралымдар өздерiн
егемендi деп жариялайды. Ұлттық егемендiктiң өзiндiк ерекшелiгi бар жəне ол,
атап айту керек, мемлекет емес, ұлттың саяси-құқықтық ерекше белгiсi болып
табылады, сондай-ақ дербес құралымдардың түрлi нысандары түрiнде көрiнедi.
Ұлт (тарихи қауымдастық ретiнде) капитализмнiң пайда болуына
байланысты қалыптаса бастады. Француз революциясы жариялаған «Бiр халық
- бiр ұлт» ұраны ұлттың қалыптасу процесiнiң басты қағидаты болды. Бұл
қағидат жүз жылдан астам өмiр сүрдi, ал XIX ғасырдың соңында көп ұлтты
мемлекеттердiң пайда болуына байланысты ескiрiп, қолданыстан қалды.
Ұлттық езiлудеп азат болудың жолы ретiнде ұлттың өзiн-өзi билеу ұранын
ұсынды, өкiнiшке орай, сол кездiң өзiнде-ақ көптеген адамдар бұл ұранды
бөлiнумен теңестiрдi. Егер бөлiну болмаса, өзiн-өзi билеу де болмайды деп
түсiндiрдi олар.
Өркениеттi демократиялық қоғам жағдайындағы ұлттық бөлiнудiң
барлық кезде аса ауыр салдары болады, атап айтқанда, қалыптасқан
экономикалық, саяси жəне мəдени байланыстар үзiледi, бұрынғы бiртұтас
мемлекеттiң бөлiнген халқына да, басқа халықтарға да терiс əсер етедi. XVIII
ғасырдан басталған дезинтеграция процесi қазiргi кезде де жалғасуда. Оның
басты себебi - қосылған аумақтардың халықтарына қатысты империялық
отаршылдық саясаттың жүргiзiлуi, бiртұтас мемлекеттiң шеңберiнде олардың
дербес, тəуелсiз дамуына жағдай жасаудың мүмкiн еместiгi. Кейбiр елдерде
этносты езiп, жаншу апартеид (өрескел нəсiлдiк кемсiтушiлiк) деңгейiне дейiн
көтерiлдi немесе азамат соғысына ұласып жатты. Ендi саяси қолданыста
адамдарды шығу тегiне қарай жою немесе қудалау деген ұғымды бiлдiретiн
«геноцид» терминi пайда болды, бұл кейбiр этностарды ұлттық өзiн-өзi билеу


47
жолына түсуге, өздерiне аумақтың бiр бөлiгiн бөлiп берудi талап етуге
итермеледi. Дүниежүзiндегi барлық мемлекеттер халқының этникалық құрамы
күрделi, соған қарамастан олар тағы бiр «өзiнiң ұлттық мемлекетiн құру үшiн»
ұлттық өзiн-өзi билеу мəселесiн көтерiп отырған жоқ. Жанжалдардың кең
тараған түрi саяси-құқықтық сипаттағы жанжал. Мұндай жанжалдар, əдетте,
республикалардың өздерiнiң егемендiгiн орнату жолындағы күрес барысында
туындайды. Ұлттық аумақтық құралымдардың толық дербестiкке ие болуға
ұмтылысы республикалар iшiндегi аз этностардың қарсы əрекетiн туғызады.
Мұндай жанжалдар елеулi оқиғаларға əкеп соқтыруы мүмкiн.
Саяси құқықтық жанжалдардың ендi бiр түрiне этноаумақтық жанжалдар
жатады. Саяси-əкiмшiлiк шекаралар этникалық қауымдастықтар орналасқан
шекаралармен үнемi сəйкес келе бермейдi. Тарихи жағынан бұл шекаралар
талай рет өзгерген, сондықтан қазiргi кездегi кейбiр айтыс-тартыстардың шығу
себептерi тым тереңде жатыр. Алайда, мұндай шекараға қатысты даулар көбiне
ұлттық-аумақтық құралымдар шекараларын орталықтың əкiмшiлiк билеп,
төстеу жолымен қайта-қайта белгiлеуiнен туды. Бүгiнгi таңда мына нəрсе
айқын болып отыр: шекаралар сиямен жазылғанымен барлық кезде қанмен
қайта жазылады екен.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ə. Назарбаев «Уақыт жəне
қайғылы оқиғалардың тəжiрибесi қалайда бiздi көпшiлiк елдерге тəн əр түрлi
этностардың қатар өмiр сүруi жағдайында мемлекеттiк шекараларды
этностардың орналасқан шептерiне сəйкес белгiлеуге əрекет жасау жас
мемлекеттердiң өзiнiң өмiр сүруiне қауiп төндiретiнiн түсiнуге мəжбүр еттi.
Адал 
ниеттен 
туған 
тəуелсiз 
мемлекеттер 
шекараларының
қолсұғылмайтындығы мен аумақтық тұтастығы - бұрыннан қалыптасқан
шекараны сақтау, оның барлық кемшiлiктерiне қарамастан, қанды қырқыстан
тиiмдiрек дейтiн сындарлы ойдан бастау алған тəуелсiз мемлекеттер
шекараларының қол сұғылмауын жəне аумақтық тұтастығын көздейтiн
көзқарас бiрте-бiрте пəрмендi бола түсуде. Сондықтан да егемендiктiң
сабақтастық ұстанымы, яғни шекараларды мызғымайтын қасиеттi нəрсе ретiнде
қабылдауға жəне оларды күш қолдану жолымен қайта белгiлеуден бас тартуға
баламалар жоқ», - деп дұрыс ой түйедi.
Ұлттық қатынастар - ұлттық-этностық даму субъектiлерi - ұлттар,
ұлыстар, ұлттық топтар жəне олардың мемлекеттiк құралымдары арасындағы
қатынастар. Бұл қатынастар тең құқықты, үстемдiк ету мен бағыну, басқа
субъектiлердi жоюды көздейтiн қатынастар болып үш түрге бөлiнедi.
Əлеуметтiк қатынастардың бүкiл жиынтығы ұлттық қатынастардан көрiнiс
табады.
Əлеуметтiк өмiр саласында екi бағыт айқын көрiнiп отыр. Олар — даму
жəне интеграция бағыттары. Əрбiр ұлттың əлеуметтiк құрылымын жетiлдiру
мемлекеттiк деңгейлерде ұлттық үлгiдегi құрылым қалыптастыру дегендi
бiлдiредi. Бұл жерде мынаны ескеру керек: ұлттыққа қарағанда таптық
айырмашылықтар 
əлдеқайда 
тез 
жойылады. Тиiсiнше 
таптық
айырмашылықтардың жойылуына байланысты адамдардың өмiр салты мен
рухани дүниесiндегi ортақ белгiлердiң одан əрi дамуында таптық емес


48
айырмашылықтар, соның iшiнде ұлттық, тiлдiк айырмашылықтар барған сайын
айқын көрiнедi. Бiрақ бұл, əрине, əлеуметтiк таптық факторлар этноұлттық
процестер үшiн өзiнiң маңызын жоя салады дегендi тiптi де бiлдiрмейдi.
Оларға экономикалық жəне саяси фактор елеулi ықпал етедi. Əсiресе
саяси мəселелер негiзгi жəне шешушi болып табылады. Бұл ең алдымен ұлттың,
ұлттық жəне таптық əлеуметтiк проблемалардың iшкi байланыстарының
қалыптасуы мен дамуының маңызды факторы ретiндегi мемлекеттiң маңызына
байланысты. Ұлттардың өзiн-өзi билеуi, ұлттық жəне интернационалдық
мүдделердi үйлестiру, ұлттардың тең құқықтылығы, ұлттық тiлдер мен ұлттық
мəдениеттердiң еркiн дамуы үшiн жағдайлар туғызу, ұлттық қадрларды даярлау
мен олардың билiк жүйелерiнде өкiлдiлiк етуi жəне басқалар сияқты ұлттық
қатынастардың мəселелерi тiкелей саясат саласына жатады. Сонымен қатар
саяси ұстанымдардың, саяси iс-қимылдың, саяси мəдениеттiң қалыптасуына
ұлттар мен ұлыстардың тарихи жағынан қалыптасқан салт-дəстүрлерi,
əлеуметтiк сезiмдерi мен қөңiл-күйi, географиялық жəне мəдени тұрмыстық
жағдайлары елеулi əсер етедi.
Алайда, бұл жерде ұлттық қатынастар ұлттық жəне саяси мəселелердiң
бiте қайнасқан бейне бiр берiк балқымасы екенiн ұдайы есте ұстаған жөн.
Ұлттық қатынастардағы басты мəселелер - бұл тең құқықтылық немесе
бағыныс мəселесi; бұл экономикалық жəне ұлттық даму деңгейiнiң теңсiздiгi
туралы мəселе; бұл ұлттық негiзде ұлттар арасындағы туатын дүрдараздықтар,
зорлық-зомбылықтар, өшпендiлiк пен күдiктенулер туралы мəселе.
Ұлт мəселесiн қарастырған кезде екi жағдайды: жалпы тарихи жəне нақты
тарихи жағдайларды айыра бiлу қажет. Марксизм көзқарасы тұрғысынан
қарағанда, ұлт мəселесi - (этностықтан гөрi əлеуметтiк-саяси проблема, ұлт
мəселесiн алдымен өз шеңберiнде ұлттар мен ұлыстар тарихи жағынан пайда
болып, дамыған қоғамның экономикалық, əлеуметтiк саяси жəне идеологиялық
жағдайлар туғызады. 1917 жылы I Октябрь революциясына деген терiс
көзқарастар болуына қарамастан, ол Ресей империясындағы көптеген өзектi
ұлы мəселелерiн шешуге жағдай туғызғанын мойындауымыз керек Бiрақ
КСРО-да ұлт мəселесi толықтай шешiлдi деп 60-жылдарда жасалған
қорытынды, сөзсiз, негiзсiз едi. Қазiргi жағдайда Германияның бiрiгуiн де
германдық ұлт мəселесiнiң түбегейлi шешiлуi делiнiп жүр. Тегiнде, мұндай
пайымдау жалпы тарихи көзқарас тұрғысынан негiзсiз, себебi оның мəнi
мынада: ұлт өзiн-өзi билеуге қол жеткiзiп қана қоймай, ол өзiн құрайтын
барлық əлеуметтiк қауымдастықтардың тең жəне еркiн дамуына мүмкiндiк
туғыза да бiлуi керек.
Барлық кезде нақ осы мүмкiндiк тұрғысында ұлт мəселесi туындайды,
себебi, диалектикалық тұрғыда, ұлт мəселесi барлық салалары мен əлеуметтiк
өлшемдерi бойынша толық жəне түбегейлi шешiлуi мүмкiн емес. О. Бауэр
ұлттың тендiгi мен тең құкықтығы туралы мəселенi араластыруға болмайды:
абсолюттi теңдiк болмайды, теңдiктiң айырмашылығын мойындау сол тендiктiң
негiзi болып табылады, ал ұлттың тең кұқықтығын жүргiзiлетiн ұлт саясаты
қамтамасыз етуге тиiс деп дұрыс ой түйедi.


49
Ұлтшылдық - сан қырлы жəне алуан түрлi. Оның дұрыс жақтары да, терiс
жақтары да бар. Дұрыс жақтары: ұлттың өзiн-өзi тануы, ұлттық мақтаныш,
өзiн-өзi тазартуға жол ашатын ұлттық абырой, ұлттың өзiн-өзi дамытуға, тең
құқықтылыққа қол жеткiзуге ұмтылысы. Терiс жақтары: ұлттық астамшылыққа
бой ұру, өз ұлтын басқа ұлттарға қарсы қою, басқа халықтардың мүдделерi
есебiнен өз ұлтының артықшылыққа ие болуын қамтамасыз етуге ұмтылыс,
ұлттық 
нигилизм, өмiрдегi қиындықтар 
мен 
сəйкессiздiктерден
(«босқындардан», «жидмасондардан», «дiнi басқалардан» жəне т.б.) кiнəлiлердi
iздеу.
Осы терiс пиғылдардың бəрi жинала келiп, ұлттық ұлтшылдықты
туғызады. Алайда, көпшiлiктiң түсiнiгiнде ұлттық пен ұлтшылдық ұғымдарын
тым жиi шендестiредi.
Қазiргi кезде 
бұрынғы 
Одақтың 
барлық 
республикаларында
этноұлтшылдық саяси бағдарлама ретiнде басымдылыққа ие болды. Ол
ұланғайыр əлеуметтiк саяси кеңiстiктi жаулап алды, себебi əрбiр ұлттың өз
аумағында «өзiнiң» мемлекеттiгiн орпауға тиiс дейтiн идеялар ондаған жылдар
бойы айтылып, халықтың санасына сiңiстi болған едi. Ұлтшылдық белгiлi бiр
сан салалы iс-қимылдарды жүзеге асырудан, саяси идеяларды үйлестiруден,
қоғамдық қозғалыстан тұрады. Ұлтшылдық патриотизм мен өз ұлты үшiн
құрбандыққа барудан бастап, шектен шыққан экстремизм жəне ашық жауласуға
дейiнгi əр түрлi нысанда көрiнедi. Ұлтшылдықтың негiзгi идеялары - аса
қастерлi құндылық ретiнде өз ұлтының дара қасиеттерi мен ерекшелiктерiн
мойындау,өз ұлтының артықшылықтарын бөле көрсету жəне оған тарихи
мiндеттi (таңдаулы ұлт болу) жүктеу. Соған қарамастан ұлтшылдық
қозғалыстар соңғы ғасырлар тарихында аса маңызды роль атқарды.
Ұлтшылдық саяси ұстаным ретiнде көптеген ұлттық мемлекеттерде
империяның күйреуiне жəне метрополиялардан колониялардың бөлiнуiне
жағдай туғызды. Бұл қағидат (принцип) тым оңшыл да, аса солшыл да
бағыттардағы (нəсiлшiлдiкпен тiкелей ынтымақтаса отырып) кез келген
бұқаралық қозғалыстардың нақты саясатының негiзi бола алады.
В.С. Соловьевтiң пiкiрi бойынша, ұлтшылдық идеологиясы «Халықтың
жөнсiз аңсауларының туы» болып табылады, бұл қазiрде де əлемдiк
қауымдастықтың өмiрлiк құбылыстарының бiрi болып қалып отыр.
Ал қазiргi күрделi жағдайларда ұлт саясатын жасап, жүзеге асырудың
ғылыми негiзделген қағидаттары қандай?
Бiрiншi қағидат - бұл бiздiң елдегi жəне шетелдердегi ұлт саясатын
жүзеге асырудың тəжiрибесiне ғылыми талдау жасау жəне оны
жасампаздықпен зерделеу. Ұлт саясатының негiзгi түйiндi қағидалары –
халықтардың тең құқықтығы, өзара тиiмдi ынтымақтастық, барлық
халықтардың мүдделерi мен кұндылықтарын өзара құрметтеу, ұлтшылдыққа
ымырасыз болу, басқа халықтардың мүдделерiне нұқсан келтiру есебiнен өз
халқына қолайлы жағдай жасауды көздейтiн адамдарды, əлеуметтiк топтарды
саяси жəне моральдық тұрғыдан айыптау.
Осы заманғы ұлт саясатын қалыптастырудың екiншi қағидаты ұлттық-
мемлекеттiк құралымдардың аумақтық шекараларының тұрақтылығы. Өкiнiшке


50
орай, онсыз да ширығып тұрған қазiргi өмiрде аумақтық топтар барған сайын
аса қауiптi факторға айналып отыр.
Жаңарған ұлт саясатының үшiншi қағидаты - экономика, саясат, рухани
жəне ұлт мəселесi салаларында жүзеге асырылатын реформалардың өзара
байланыстылығы мен өзара əрекеттестiгiн есепке алу. Ұлттық қатынастар
қоғамдағы экономикалық, əлеуметтiк-мəдени жəне саяси жағдайларға,
халықтың 
əлеуметтiк 
хал-ахуалына 
байланысты 
болады. Ұлттық
қатынастардың негiзi қалыпты жұмыс iстеп тұрған экономика мен тұтыну
нарығы, ақша айналымы, теңдестiрiлген республикааралық алмасу болып
табылады. ТМД мемлекеттерi арасындағы еңбек бөлiнiсiнiң тереңдiгi
соншалық, олардың бiрде-бiрi мемлекетаралық тауар тасымалынсыз мемлекет
iшiндегi тұтыну қажетiн қанағаттандыра алмайды. Бұрынғы одақтас
республикалардың көпшiлiгi үшiн өндiру мен тұтыну мөлшерiне қатысты
тасымал үлесi 24-тен 29 пайызға дейiн құрайды. Бұл үлес Ресей, Украина
сияқты iрi мемлекеттерде 14 пен 18 пайыз аралығында. Егер қазiр дүниежүзiлiк
бағамен мемлекетаралық тауар алмасуын жүргiзсе, онда бұл бұрынғы одақтас
11 республика үшiн (дүниежүзiлiк нарықта бағасы бiршама жоғары мұнай, газ,
қара жəне түстi металдар қорларын иеленiп отырған Ресейдi, Украинаны,
Белоруссияны, Əзiрбайжанды қоспағанда) аса тиiмсiз болар едi.
Егемендiкке қол жеткiзген ТМД мемлекеттерiнiң бұл қағидатты қаперге
алмауы аталған елдер экомомикасының əбден таралауына, əлеуметтiк
шиеленiстiң пайда болуына алып келдi.
Төртiншi қағидат - бұл ұлт саясатының бiртұтастығы, оның барлық
салаларының өзара байланыстылығын есепке алу. Жаңарған ұлттық
қатынастардың стратегиясы нарықтық қатынастардың дамуы, шаруашылықты
жүргiзу мен еңбекке ақы төлеудегi, қадр саясатындағы, рухани өмiрдегi,
бұқаралықақпарат құралдарының жұмысындағы өзгерiстер əрбiр адамның ар-
ожданы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге, бүкiл қоғам əлеуметiнiң барынша
толық ашылуына бағытталуын өзiне мақсат етуге тиiс.
Бесiншi қағидат - саны аз халықтар экономикасының, мəдениетiнiң
дамуына, өмiр сүрiп жатқан ортасының сақталуына көмек көрсету.
Алтыншы қағидат - ұлтаралық қатынастар этикасын қалыптастыру,
ұлтаралық қатынастардан əдiлетсiздiк пен зорлық-зомбылықтың барлық
нысандарын толықтай жою.
Ұлт саясаты түгелдей ұлттық жəне ұлтаралық қатынастарды реттеуге
бағытталуға тиiс. Бұл орайда елдегi барлық ұлттардың мүдделерiн айқындап,
үйлестiру мiндетi жүктелген саяси жүйе институттары белсендi жұмыстар
жүргiзуi керек. Мұның елеулi практикалық маңызы бар. Халқының саны аз
немесе елдiң аты берiлген халыққа жатпайтын ұлттық топтардың мəртебесiн
айқындайтын арнайы қонституциялық тұжырымдама қажет (соның iшiнде
олардың заң шығарушы жəне атқарушы органдардағы өкiлдiктерi, олардың ана
тiлiнде бiлiм алу құқығы, ұлт мəдениетiн дамыту жəне т.б. туралы). Əр түрлi
ұлттар өкiлдiктерiнiң тең құқықтылығын баянды етуге, құқықтық қепiлдiктердi
қамтамасыз етуге жəне кез қелген ұлттық жанжалдардың жолын кесуге


51
бағытталған қонституциялық ережелердi жəне соған сəйкес заң актiлерiн
əзiрлеудiң ұлт мəселесiн оңтайлы шешуде елеулi маңызы бар.
Президент Н.Ə. Назарбаев қоғамның белсендi саяси,топтастырушы күшi
болуды мақсат ететiн Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру идеясын
ұсынды. Бүгiнгi танда ол құрылды жəне барлық мiндеттердi шешуге, ұлт
саясатын, соның iшiнде мемлекеттiк басқару мен реттеу деңгейiнде, одан əрi
жетiлдiруге барынша пəрмендi ат салысуға тиiс. Осыған байланысты
ассамблеяға Президент жанындағы, ал оның облыстық бөлiмшелерiне
əкімшілік басшылары жанындағы ұжымдық орган мəртебесi берiлдi.
Бұдан былай қоғамдық проблемалардың, əсiресе ұлт саясатының барлық
салалары бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттiк шаралар ассамблеяның
пiкiрi ескерiле отырып жəне оның тiкелей қатысуымен қабылдануға тиiс.
Аталған шаралардың əрқайсысы елдегi барлық халықтардың мүдделерi
ескерiле отырып, сараптаудан өтуі қерек.
Ұлттық саясат - бұл ұлттық мүдделердi жүзеге асыруға, ұлттық
қатынастар саласындағы қайшылықтарды шешуге бағытталған ғылыми
негiзделген шаралар жүйесi.
Этносаясат нақты саяси тəжiрибеде қөрiнiс табуға тиiс. Қоғамдық
институттардың (экономика, құқық, отбасы) дағдарысы жағдайында этнос өзiн
жеке адам (индивид) үшiн мейлiнше сенiмдi топ ретiнде көрсетедi. «Байырғы
ұлт», «орыс тiлдi халықтар» деген сөздер азаматтардың арасына тек қана жiк
салады. Оларды түсiндiру мүмкiн де емес. Сонда азаматтардың шыққан тегiн
үнемi қөрсетiп отыру керек пе? Бiздiңше, бұл дұрыс емес. Адамдардың нақты
сана-сезiмiн жəне оларды тəрбиелеудiң объективтi жағдайларын есепке алатын
ұлтты анықтау тəжiрибесi анағұрлым демократияшыл болуға тиiс. Тегiнде,
сауалнамаларда ұлт туралы бағанның болуы тiптi де мiндеттi емес сияқты.
Қандай жағдайда да, үнемi демесе де, тiптi бүгiнде аталған баған көрсетiлген
құжаттардың бəрiнде бiрдей 107 ұлтты көрсету өзiн ештеңемен де ақтап жүрген
жоқ. Мүмкiн, азаматтардың шыққан тегiн көрсетуден бас тартып, тек
«Қазақстан азаматы» деп көрсетiп төлқұжат беру керек шығар, өйткенi бүгiнгi
таңда өзiмiз де солай болып отырмыз ғой.


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет