АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бастап еліміздің барлық
саласы түбегейлі өзгеруде. Осыған байланысты саяси, экономикалық жəне
əлеуметтік жүйесі əлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Сонымен
қатарласа Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында талай реформаларды бастан
кешіре отыра көптеген жаңа пəндер орын тауып келеді. Соның ішінде ерекше
орын алатын саясаттану ғылымы.
Саясат – қоғам, мемлекет жəне əрбір азаматтың тіршілігінің негізі.
Əсіресе саясаттың рөлі мен маңызы, қоғамның негізгі құндылықтары мен
идеалдарының өзгеріске ұшыраған, өтпелі тарихи кезеңдерінде ерекше мəнге ие
болады. Мұндай түбегейлі өзгерістерді жас егемен Қазақстан Республикасы да
басынан кешіруде. Қоғамның рухани жəне интеллектуалдық жағынан жаңарып,
əлеуметтік жəне гуманитарлық құндылықтарын қайта қарап қалыптастыруда,
саясаттану ғылымның өзектілігі даусыз.
Қазіргі қоғамның саяси шындығын шынайы түрде ашу саясаттанудың
басты мақсаты болып табылады.
Саясаттану курсы студенттерге билік, азаматтық қоғам, құқықтық
мемлекет, саясат, саяси жүйе түрлері, саяси режимдер, саяси мəдениет, қазіргі
қоғамның саяси институттарымен қоғамдық даму мəселелерін түсінуге
көмектесуі тиіс.
Саясаттанудың бір бөлімі – саяси ойлар студенттерге саясатты белгілі бір
тарихи кезеңдердегі жүйелі саяси парадигмаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Саясаттануды оқып – үйренуші студент кең көлемде білімді ғана емес,
сонымен бірге ғылыми талдау əдістерін үйреніп, қоғам мен мемлекетті
болашақтағы саяси дамуын болжай алатын, қазіргі саяси құбылыстарға
творчестволық талдау – зерттеу жасай білетіндей болуы керек.
Пəннің мақсаты теориялық мəселелерді студенттерге ұғынықты
түсіндіріп оқытып қана қоймай, олардың білімін іс жүзінде қоғам өміріне
пайдалана алатындай дəрежеге жеткізу. Біздің заманымызда қандай кəсіппен
айналысқанына қарамастан саяси білім мен мəдениет əр адамға қажет. Себебі
ол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен басқа адамдармен жəне мемлекетпен
сөз жоқ, бірлесіп əрекет жасау керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде
амал – айла, құлықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күндер
өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді. Білу жəне меңгеру саяси
ғылымның негіздірін игеру арқылы, əсіресе, қазіргі өтпелі кезеңде күрделі
қоғамдық саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, іс-əрекет жасауға, ішкі жəне
сыртқы саясат құбылыстарын дұрыс ұсынуға, басқа адамдардың құқықтарын
қадірлей отырып, өзінің мақсат мүддесін қорғауға кең жол ашады.
|