Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»


Тәрбие мәселелерін зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі



бет31/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   127
Дәрістер мазмұны

Тәрбие мәселелерін зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі. Тәрбие үдерісін зерттеудің әдіснамасын жаңарту қажеттілігі, жүйе құраушы тұғырларды іздестіруге әкелді. Демек, тәрбиенің ұғымдық-түсініктік аппаратын, теориясы мен технологиясын, әлеуметтік педагогиканың базалық категорияларын түсіну мен бағалауға жаңаша көзқарас қажет болды.
Тәрбиелік заңдылықтарды біле отырып, тәрбие жұмыстарын алдын ала болжауға және ол іске терең мазмұндық, әрі әдістемелік мән-бағдар беруге болады. Тәрбие мәселелерін зерттеу үшін тәрбиенің дүиетанымдық негіздері туралы түсінік нақтылануда. Тәрбиеде дүниетанымдық көзқарастың қызметтері орасан зор. Қоғамда және жеке адамда дүниетанымдық ұстанымдардың ауысуының бірнеше себептері бар. Олар: өкіметтік элитаның ауысуы, екіншіден, дүниетанымдық көзқарастардың өзгеруіне ғылым күшті әсер етеді. Үшіншіден, халықтық ұлттық және тарихи ерекшеліктері, дәстүрлері. Сонымен, дүниетанымдық көзқарас идеяларының негізгі көздері өкімет, ғылым және халық. Дүниеге көзқарастың ядросы – адамның шығуы, оның жердегі миссиясы және мәнмәнділіктегі орны туралы идеялар. Бұл мәңгілік күрделі сұрақты түсіну үшін тәрбиеленуші адамның жауапкершілігі және педагогикалық өзіндік санасы болуы керек. Педагогикалық өзіндік сананың құрамына өзін-өзі тану ( өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі өзектендіру) және өзін-өзі бақылау (өзін-өзі бағалау, өзіндік тиімділік) енеді [181; 182].
Жиырмасыншы ғасырдың соңында педагогика бірегей ғылыми негіз болып табылған марксистік идеологиядан бұғауынан босанып шықты. Теориялық ой феноменология, герменевтика, постмодернизм сияқты бағыттармен байыды. Қазір іргелі тәрбие теориялары қалыптасты деп батыл айту қиын. Дегенмен, тәрбие феноменін зерттеуге бағытталған теориялық тұғырларды қысқаша талдап көрейік. Өйткені тұғырдың өзі педагогикалық шынайы болмысты зерттеудің тұжырымдамаларын ұсынып, тәрбиенің қайсібір бейнесін ұсынады. Әр тұғырдың өз категориялары, теориялық пайымдаулары жеткілікті.
Қазіргі кезде тәрбие теориясында қалыптастырушы (А.И. Кочетов, Б.Т. Лихачев, Г.М. Филонов), мәдениеттанымдық (О.С. Газман, Ж.Ж. Наурызбай, А.В. Иванов, Н.Б. Крылова), синергетикалық (В.А. Игнатова, З. Жанабаев, Б. Мукушев, С.В. Кульневич, Н.М. Таланчук), әлеуметтендірушілік (В.Г. Бочарова, З.У. Кенесарина, А.Н. Тесленко, М.А. Галагузова, А.В. Мудрик), герменевтикалық (А.Ф. Закирова, В.П. Зинченко, Ю.В. Сенько, К.С. Кудайбергенова), аксиологиялық (В.А. Караковский, И.Б. Котова, Г.К. Нургалиева, Е.А. Ямбург), антропологиялық (Ш.А. Амонашвили, Б.М. Бим-Бад), психотерапевтік (В.М. Букатов, Т.А. Стефановская) тұғырлар жеткілікті деңгейде нақтылануда.
Тәрбие жүйесіне және тәрбиелік қатынастарды құруға үш жаһандық дүниетанымдық жүйелер өз әсерін тигізуде. Олар: космоцентризм, теоцентризм және антропоцентризм. Космоцентризм - өте ертеден келе жатқан дүниетанымдық жүйе. Оның негізіне бастан-ақ Табиғат пен Космосты ерекше дәріптеу алынған. Космоцентризм адамның, қоғамның және табиғаттың дамуының бірдей заңдылықтарының қызметін көрсететін жаһандық дүниетанымдық жүйе деп танылды. Теоцентризм – бұл әлемді жасаушы Құдай, негізін салушы және жаратушы деп ұғынылады. Бұл ілімнің тұжырымдамалық негіздері – Торада, Библияда және Құранда мазмұндалған. Антропоцентризм - әлемдік дүние ортасында Адамды оның билеушісі ретінде қойған жаһандық дүниетанымдық жүйе.
Сонымен, үш дүниетанымдық жүйе тікелей тәрбие жүйелерін анықтап, бірімен бірі ретімен алмасып отырған. Тіпті, бүгінгі күні де үшеуі белсенді түрде қызмет етуде. Тәрбиелік қатынастарға танымдық табиғат тән. Бұл қатынастар әдіснамалық деңгейде ғылыми ұғым және тәрбие тәжірибесі ретінде негізделген. Өйткені, тәрбиелік қатынастар дегеніміз - ұйымдастырылған таным. Таным олардың мазмұнын анықтайды, ал ұйымдастыру – қатынастарды қалыптастыру ерекшелігі. Тәрбиелік қатынастар - тәрбиеленуші мен тәрбиелеуші Адамның таным барысында өзара әрекеттің ерекше қасиеті. Соңғы кезде тәрбиелік қатынастар, тәрбиелік кеңістік, тәрбиелік үдеріс, тәрбиелік үдерісті жобалау әдіснамалық негіздеу нысанына айналып, қарқынды түрде зерттеулер жүргізілуде [25].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет