Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет59/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   127
Дәрістер мазмұны

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Әдістерді дұрыс таңдаудың өлшемдерін негіздеңіз.

  2. Педагогикалық зерттеудегі теориялық әдістерге сипаттама беріңіз.

  3. Өз зерттеуіңіздегі модельдеу әдісін қолдану тетігін негіздеңіз.

  4. «Педагогикалық теория» ұғымына берілген бірнеше анықтамаларды салыстырыңыз.

  5. Түсінудің жалпы теориясы – герменевтиканың педагогикадағы қолданысын негіздеңіз.

  6. Педагогикалық зерттеудің “мәселесі” мен “тақырыбы” ұғымдарының арақатынасын анықтаңыздар.

  7. В.И. Загвязинскийдің «Педагогтің зерттеушілік әрекеті» атты кітабы бойынша педагогикалық зерттеудің болжамы мен тұжырымдамасының айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

  8. Ғылыми болжамның құрылымы және оларды тексерудің әдістері туралы Е. Я. Режабек, Г. И. Рузавин, В. А. Штофф, Г.Т. Хайруллин секілді ғалымдардың еңбектеріне қысқаша шолу жасаңыз.


6-дәріс. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің ұғымдық-терминологиялық аппараты.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ұғымдық-түсініктік алаңы. Түсініктер мен терминдерді анықтау және нақтылау әрбір зерттеудің алдына қойылып отырған міндет, дегенмен, ол жеке кезеңге бөліне бермейді және зерттеулік ізденістің тақырыбын, нысаны мен пәнін нақтылаумен қиыса алады. Түсініктік-терминологиялық жүйе диагностика және қайта бейнелеу әдістерімен, әдістемелерімен, реттіліктерімен, модельдерімен қатар зерттеудің ғылыми аппаратының бөлігі болып табылады.
Түсініктер – құбылыстар мен үдерістердің белгілі бір қатарының болмыстық белгілері немесе болмысының жалпыланған түріндегі кескіні. Түсініктерде терминдер деп аталатын сөздерге түсінік беріледі.
Сонымен қатар, әртүрлі терминдер, көбінесе, үдерістің дамуының әртүрлі сатыларында бір түсінікті де білдіруі мүмкін. Зерттеу жұмысының басында қолданылатын қажетті түсініктердің құбылыстар мен үдерістердің түрлі мағынасын, әртүрлі түсініктерін білдіреді. және оларды түсіндіретін терминдердің шеңберін белгілеу маңызды.
Өйткені көптеген терминдердің көп мағыналылығы және жалпыға бірдей емес, бара ар емес терминдерді қолданудың мүмкіндігі анық білінетінін ескерген жөн.
Келесі рәсімдерді өткізген пайдалы:
-үдерістің болмыстық сипаттарын кескіндеуге жеткілікті зерттеудің базалық түсініктерінің шеңберін (тізімін) анықтау. Зерттеудің ерекшелігіне байланысты олардың қатарына білім беру, әлеуметтену, жекелендіру, тәрбиелеу, тұлғаның дамуы, қалыптасу, ақпарат, оқыту, өз бетінше білім алу, ынталандыру, парадигма және т. б. сияқты түсініктер (және сәйкес терминдер) енуі мүмкін;
-базалық түсініктер мағыналық тереңдігі бойынша бірмағыналы ма, жоқ па, соны анықтау керек, егер жоқ болса – сәйкес анықтамалар мен түсініктер беру қажет;
-авторлық түсініктерді бөлу және нақтылау, яғни зерттеу авторы енгізген, немесе автор ұсынатын түсініктерді анықтау;
-түсініктерді белгілі бір логикалық қатарға түзу, яғни түсініктік матрицаны құру, түсініктік қатарды анықтау. Мұндай қатардың негізін қалаушы теория (іс-әрекет теориясы, жеке тұлғалық-әрекеттік тұғыр, бағдарламалық-мақсаттық басқару теориясы және т. с. с) негіз бола алады.
Мысалы, мәдениет мәселелері зерттеулерінде әлеуметтік феномен ретінде мәдениет құрылымынан шығып, түсініктік қатар түзуге болады: құндылықтар мен мұраттар; ғылыми білімдер, ғылыми емес білімдер; әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, өнер (бейнелер); инновациялар. Мәдени орта, инкультурация, культурогенез, мәдени дәстүрлер, мәдени жас, мәдениеттің инновациялық элементтері енгізілуі мүмкін. Барлық жағдайда түсініктерді түсініп, олардың көлемдерінің сәйкестілігін өзара байланысты бақылаған пайдалы. Жаңа түсініктер мен терминдерді өте мұқият енгізген жөн және мұны зерттелінетін нысандардың ішкі байланысын білдіруге арналған түсініктер жеткіліксіз болғанда ғана жасау керек. Белгілі терминдерді жаңа мағынамен, толықтырылмаған жаңа терминдермен алмастыру тиімсіз.
Сонымен қатар, қандай да бір жаңа құбылысты, сапалардың және сипаттамалардың анықталған жиынтығын ерекше терминмен білдіру әлдеқайда пайдалы болады, бұл авторды түсініктің күрделі мазмұнын бірнеше рет қайталау, оның толық анықтамасын беруін қажет етпейді. Айталық, А.С. Белкин енгізген «витагендік оқыту» термині оқушылардың өмірлік тәжірибені қолдануын ғана білдірмейді, сонымен қатар, бұл тәжірибенің берілген кезеңге арналған фактілерді оқытуды қайта өңдеу, оларды бағалау мен мағынасын анықтауда жатыр. Ал, В.С. Леднев енгізген «ғылыми білім» термині бұрыннан белгілі және ғылыми мамандарды өзіндік іздену, аспирантура, докторантура, әдіснамалық мәдениетті көтеру және ғылымда жұмыс істейтіндердің ғылыми біліктілігін арттыруды білдірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет