Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет87/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   127
Дәрістер мазмұны

Шығармалары: Противоречия процесса обучения. Свердловск, 1970,. Учитель как исследователь. М., 1980. Методология и методы дидактического исследования М., 1982. Пед.предвидение М., 1987. Лекции по дидактике высшей школы. Челябинск, 1989.

Т әрбие саласын зерттеу әдіснамасын зерттеуші көрнекті ғалым Борытко Николай Михайлович – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің құрмет профессоры. Ғалым педагогикалық зерттеу әдіснамасы, кәсіптік білім, тәрбиенің теориясы мен әдістемесі, білім берудегі инновациялық үдерістер мәселелерімен айналысады, 50-ге жуық оқу-әдістемелік құралдар дайындады. Білім берудегі гуманитарлық зерттеулердің әдінамасы мен әдістемесі, «Білім беру жүйелерінің инновациялық даму саласындағы модерация мен консалтинг», «Педагогтың технологиялық шеберлігі» атты ғылыми көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.


Ғалымның «Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері» атты оқу құралы әлеуметтік педагогика мен тәрбие мәселелерін зерттеушілеріне арналған. Бұл оқу құралында гуманитарлық кеңістіктегі оқушылардың субъектілігінің қалыптасуына, студенттердің кәсіби тәрбиесіне, тәрбиеші-педагог даярлауға көңіл бөлінген.
Негізгі еңбектері: «Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с. Становление субъектной позиции учащегося в гуманитарном пространстве урока : монография / Н.М. Борытко, О.А. Мацкайлова; науч. ред. Н. К. Сергеев. — Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2002. 131 с.; Диагностическая деятельность педагога. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с. и др.
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерін профессорлар И.А. Липский мен Л.В. Мардахаев тұжырымдады.
Игорь Адамович Липский - әлеуметтік педагогика ғылымы мен тәжірибесінің көшбасшысы. Ол өзінің идеяларын, зерттеулерінің нәтижелерін Әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтардың Халықаралық ассоциациясының бағдарын ұстана отырып әлемдік деңгейде талқылауға шығарып отырды. И.А. Липский мен Л.В. Мардахаев әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының құрылымы мен мазмұнын жаап шығарды.
Зерттеушілр әуелі әлеуметтік педагогика әдіснамасын нақтылауда. И.А. Липский мен В.И. Загвязинскийдің пайымдауынша, әлеуметтік педагогика әдіснамасының ішкі құрылымы оның мазмұнын көрсетеді және мыналарды қамтиды:
ғылыми-зерттеу әрекеті теориясы: Әлеуметтік-педагогикалық практиканың таным туралы білімі (әлеуметтік педагогика әдіснамасы) әлеуметтік педагогтің ғылыми-зерттеу қызметін және ғылыми танымдық үдерістің қағидалары мен мазмұнын, ұйымдастырылуын, логикалық құрылымын және үдерістерін зерттеу мен қалыптастыруды көздейді. Ол ғылыми зерттеуге сипаттама: мәселе, тақырып, өзектілік, зерттеу нысаны, мақсаты, міндеті, болжам, яғни ғылым және практика үшін маңызды әдіснамалық тізбе түрінде баяндалуы мүмкін;
пәндік ғылымтану теориясы. «Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану» деп аталатын әлеуметтік педагогика әдіснамасының зерттеумен айналысатын бөлігі - әлеуметтік-педагогикалық ғылым туралы білім. Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану ғылыми қызмет үдерістерінің тиімділігін көтеру мақсатындағы тұтас жүйе ретінде ғылымның қолданылу тәжірибесін кешенді түрде зерттеу және теориялық қорыту болып табылады. Ол ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың логикалық құрылымына, оның дамуы мен негізгі қызметтерін дамытуға және іске асыруға тереңдетілген талдау жасау үшін қажет:
әлеуметтік-педагогикалық қызметті ғылыми-қайта құру теориясы [226; 229].
Әлеуметтік-педагогикалық практиканы қайта құру туралы білім, оған ғылыми білімдерді ендіру, практикалық қызметтегі инноватиканы, озық тәжірибені пайдалану жолымен өзінше ұйғарылған теория.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет