дәрістер. Мәдениет ұғымы және құрылымы


Мәдениеттің басқа да түрлері



бет2/7
Дата15.04.2023
өлшемі7.46 Mb.
#472280
1   2   3   4   5   6   7
1-2 дәрістер.pptx1

Мәдениеттің басқа да түрлері:
  • этникалық мәдениет
  • ұлттық мәдениет
  • тіл мәдениеті
  • сөйлеу мәдениеті
  • киіну мәдениеті
  • жазу мәдениеті
  • экологиялық мәдениет
  • тұрмыстық мәдениет, т.б

Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке (культураға) төмендегідей анықтамалар берілген:
а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмекен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.);
б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.);
в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.).
Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды.
XVIII ғасырға дейін, яғни ағартушылық дәуіріне дейін, басты құндылық-адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін “мәдениет” сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пйдаланылды.
Жаңа заманда (XVII – XIX ғ.) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оны шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі – буржуазиялық қайта құруларға , терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды.
Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді:
«Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі»
Мәдениет — адамның шығармашылығының нәтижесі болғандықтан да тікелей адам іс-әрекетімен байланысып жатыр. Адам қолынан шыққан, адам санасының жемісі болып табылатын барлық нәрселер сияқты мәдениет те өз бойына тұлғалық бастаманы сыйғызады.
Мәдениет қашанда мәдениеттер шекарасында, олардың біруақыттылығында, олардың сұхбатының арқасында өмір сүреді өрі дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет