Дәрістердің қысқаша мазмұны. 1-тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының пәні. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық негізі


Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен негізгі компоненттері



бет9/18
Дата13.05.2024
өлшемі43.94 Kb.
#500981
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
жоғары мектеп лекция

2. Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен негізгі компоненттері.
Оқыту процесі – білімді , біліктілік пен даағдынф меңгертеді ,оқушылардың дүнеитанымын, күшқайратын , қабілеттерің тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы . Оқу барысында оқушының сана-сезімі , адамгершілік қасиеттері , эстетикалық талғамы , тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, пелагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық. Оқыту мақсатты – процесс. Оқытудың басты мақсаты , әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап , ұдайы өсіп жаңарады. Оқыту – таным процесі . Танымның ерекшеліктері оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушыны дүние танудабұрын ғылымда белгілі болған , зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, негізгі заңдылықтары мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен , оның әдістерімен танысу , ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Оқыту- даму негізі.
Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан- жақты жетілуін түйістіреді.
Білім алушының өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым – қатынас жасау іс - әрекеті .Сөйтіп ,оқыту процесі – оқытушының студентпен үнемі рухани қарым - қатынаста , ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді .Оқыту процесінде студент тек оқытушының әсерін қабылдаушы ғана емес , оның оқу іс – қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару , ұйымдастыра білуі (іс- әрекетін білуі, бағалауы , өзін өзі басқаруы ) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде студент логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қортынды : оқыту – білім алушылардың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту – бала дамуының алғы шарты.
Білім алушының жалпы психикалық дамуы – жоғары мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқыту – екі жақты процесс, яғни ол студенть пен оқытушының өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс- әрекеті болса, оқу –студенттің өзінің танымдық, практикалық әрекеті.
Оқыту тұлғаға білім беру , тәрбиелеу және ақыл- ойы мен творчестволық қабілетін , демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі , жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – студенттерге білім беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет