Дәрістердің қысқаша мазмұны. 1-тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының пәні. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық негізі


-Тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар



бет6/18
Дата13.05.2024
өлшемі43.94 Kb.
#500981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
жоғары мектеп лекция

8-Тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар
Жоғарғы мектеп оқытушысының негізгі қасиеттерінің бірі – мұғалімнің ғылыми дайындығы. Ол – мұғалімнің беретін пәнін білу дәрежесінен, осы мамандық бойынша, сыбайлас пәндерден ғылыми дайындығынан, кең көлемді оқымыстылығынан, пән әдістемесін игеру дәрежесінен, жалпы дидактикалық тәсілдермен таныстығынан құралады.Сонымен қатар, педагогикалық төзімділіктен, педагогикалық дербестіктен және педагогикалық өнерден тұратын жеке ұстаздық дарынның маңызы зор.
Арнайы оқытушылыққасиеттермен қатар, қажетті жеке адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді: әділдік, ұқыптылық, елгезектік, табандылық, ұстамдылық, байсалдылық және тағы басқа қасиеттерді атап өтуге болады.
Педагогикалық әсер етудің негізгі бағыттары оқушыларды оқыту, білім беру, дамыту және тәрбиелеу болып табылса, ал мұғалімнің ең басты функциясы оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процесстерін басқару болып табылады.
Жоғары мектеп мұғалімі оқыту емес, оқу барысын бағыттау, үйрету емес, ізденісті туындату, тәрбиелеу емес, тәрбие процессін басқару үшін шақырылған. Қаншалық мұғалім өзінің осы рөлін дұрыс түсіне білсе, соншалық оқушыларына өз-бетінше жұмыстануға, ізденуге, дамуға, белсенділік көрсетуге мүмкіндік туғызады.
9 Тақырып. Педагогтың зерттеушілік іс-әрекеті оның шығармашылығын дамытуының негізі ретінде
Ғылыми зерттеу типологиясы
Обьективті педагогикалық шындықты тану, түсіндіру үшін педагогикалық зерттеулер жүргізіледі. Педагогикалық зерттеу ол оқытудың тәрбиелеу мен мамандандырудың заңдылық туралы және олардың құрлымы мен механизмдері, мазмұны, принціпі және технологиялары туралы жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми әрекеттің процесі мен нәтежесі.
Педагогикалық зерттеудің теориялық және тәжіребелік сипаты болуы мүмкін. Бағыты бойынша педагогикалық зерттеулер : әдістемелік; түпкілікті; қолданбалы; тәжірибелі- құрастырушылық болып қарастырылады
Негізгі зерттеулердің нәтежесі болып педагогикалық теоретикалық және практикалық жетістіктеріне қорытынды келтіретін немесе болжамдық негізде педагогикалық жүйелердің даму үлгілерін ұсынатын қорытынды тұжырымдамалар болып табылады.
Қолданбалы зерттеу - бұл педагогикалық процестің жеке жақтарын терең зеріттеуге, көпқырлы педагогикалық тәжірибенің заңдылықтарын ашуға бағытталған жұмыстар.
Жоспарлы білім теоретикалық жағдайларды ескеретін нақты ғылыми - практикалық ұсыныстарды негіздеуге бағытталған.
Педагогикалық зерттеуді жүргізгенде келесі принціптерді басшылыққа алу керек.
Педагогикалық құбылыстың келісілгенділігінен және обьективтілігінен шығу олар ішкі обьективті заңдардың қарама - қайшылықтардың, себеп - салдары байланыстардың әрекет ету күші мен тіршілік етіп, дамиды.

  • Педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде тұтас амалды қамтамасыз ету.

  • Құбылысты оның дамуында зерттеу

  • Құбылысты басқа құбылыстармен байланыста зерттеу

Зерттеу амалын таңдауда кез келген ғылыми мәселелерді шешу үшін өзаратолықтыратын амалдардың біреуі емес жиынтығы пайдаланылатындығынан шығу керек .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет