Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері



бет15/26
Дата30.03.2024
өлшемі189.96 Kb.
#497058
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
ЛЕКЦИЯ Тірбие -2024

Әдебиеттер
1. Ата-аналарға ақыл-кеңес: «Балаларды дұрыс тәрбиелеу қағидалары». Әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 17 б.
2. Кравцова Л.А. Стили родительских взаимоотношений // Вопросы психологии. – 2006. - № 6.
3. Ата-ана тәрбиесі стилінің баланың тұлғалық дамуына әсері Әдістемелік ұсыныстар – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 16 б.

ДӘРІС – 7. Қазақстан Республикасының патриоты – азаматының қасиеттері бар тұлғаны қалыптастыру
Жоспар

      1. Отанының патриоты – азаматының қасиеттері бар тұлғаны қалыптастыру және дамыту заңдылықтары

      2. Патриот – азамат тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда тәрбиенің формасы

Болашақ азаматтың барлық негіздері мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан Отанының патриоты – азаматының қасиеттері бар тұлға қалыптастыру және дамыту бүгінгі таңда педагог үшін өзекті міндет болып табылады. Мектептің тәрбие жүйесінде азаматтық-патриоттық тәрбие жетекші рөл атқарады: азаматтық, патриотизм, толеранттық, еңбек сүйгіштік, адамгершілікті қалыптастыру, әлеуметтік маңызды құндылықтарды, адамның бостандығы мен еркіндігін құрметтеуді, Отанына, отбасына, қоршаған табиғатқа деген махаббатын қалыптастыру; танымдық қызығушылықтарын және сұранысын дамыту.


Қазіргі күні біртұтас білім беру жүйесінде тұлғаны өмірге даярламай, керісінше өмірге қатыстыруға (яғни тұлғаны әлеуметтендіру) тәрбиелеу ісінде түбегейлі жаңаша көзқарас болып табылады. Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы мен дамуы мемлекетқұрушы этнос – қазақ халқының тарихындағы көптеген проблемаларды өзекті етті. Қазақ хандығы құрылғанының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70- жылдығын тойлауға байланысты қазақ жеріндегі мемлекеттің даму тарихымен, оның түп тамыры мен даму қарқынын анықтаумен байланысты сұрақтар жұртшылықты қатты қызықтырып отыр.
Қазақ этносының ортағасырлық мемлекеті – Қазақ хандығы өмір сүрген дәуір – Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің даму эволюциясының маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Осыған байланысты оның өзара заңды келісілген басты элементтері: мақсаттары, міндеттері және мазмұны, принциптері, әдістері мен құралдары, бағыттары, қол жеткізген нәтижелерден тұратын тәрбие процесінің құрылымында Отанының патриоты – азаматының қасиеттері бар тұлға қалыптастыру мен дамыту бойынша мазмұнды іс-шаралар әзірлеу және өткізу қажет.
Осы заманғы тәрбиенің негізгі мақсаты адамда әлеуметтік-құндылықты қасиеттер, көзқарастар, пікірлердің біртұтас кешенін қалыптастыру үшін материалдық, рухани және ұйымдастыру шарттарын жасау екені баршаға мәлім. Таңдап алынған мақсаттардан тәрбиенің негізгі міндеттері туындайды.
Бұл міндеттер тәрбие мақсаттарын нақтылай түседі және бір жағынан, тәрбие мақсаттары жүйесінің жалпы құрылымындағы жеке жүйеастылар, басқа жағынан, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудегі кейбір аралық мақсаттар ретінде қарастырылады. Қызметтік-уақыттық табиғаттың екі ұдайылығы тәрбиенің келесі мақсаттарын ең негізгілері ретінде анықтауға болады. Біріншіден, өмірдің мәнін, әлемдегі өз орнын, өзінің бірегейлігін және құндылықтарын түсіну мәселелерінде тұлғаның философиялық бағдарын және дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру. Екіншіден, оқыту процесінде және алдағы практикалық қызметінде адамға өз міндеттерін орындауы үшін шығармашылық қарым-қатынасты, жауапкершілік пен белсенділікті дарыту. Үшіншіден, білім алушылардың жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениеті байлығының қалыптасуын және бойында осы құндылықтарға деген қатынасын көрсететін жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін қамтамасыз ету. Төртіншіден, гуманистік моральдың жалпыадамзаттық нормалары (соның ішінде жақсылық, мейірімділік, жанашырлық, өзара түсіністік, толеранттық және т.б.) мәні мен маңызын ашу және маңызды тұлғалық өлшем ретінде зияткерлікке баулу. Тәрбиенің тиімділігі мен оның қол жеткізілген нәтижелерінің сипаты көп жағдайда педагогтердің тәрбиенің негізгі заңдары мен заңдылықтарын білуіне және түсінуіне байланысты.
Отанының патриоты – азаматының қасиеттері бар тұлғаны қалыптастыру және дамыту келесі заңдылықтарға негізделуі тиіс:
1. Тәрбие жұмысы мақсаттары мен міндеттерінің қоғамдағы дүниетанымдық, адамгершілік-эстетикалық бағдарлар, мұраттар және ұстанымдармен объективті қажеттіктерде келісілуі.
2. Тұлға дамуына бағдарлану. Тұлғаның жалпымәдени, әлеуметтікадамгершілікті және кәсіби дамуы неғұрлым үйлесімді болса, адам өз мәденигуманистік қызметін іске асыруда соғұрлым еркін және шығармашыл.
3. Тұлғаның жалпыадамзаттық мәдениетпен үйлесімде дамуы тәрбиенің құндылықты негіздеріне байланысты. Тәрбие жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі, сондай-ақ этникалық мәдениетті ескере отырып құрылуы тиіс.
4. Тұлғаның тәрбиесі тәрбиелік сұхбаттар, ғибратты әңгіме және ақыл айту кезінденда емес, оны іс-әрекетке қатыстыру процесінен бастап қана жүреді. Сонымен бірге мұндай әңгімелер мен ақыл-кеңесті педагогтың тәрбиелік ықпал ету құралдары қатарынан шығарып тастауға болмайды.
5. Білім алушы тәрбие субъектісі болған кезде тұлғаның даму процесі оңтайлы сипат алады. Бұл кезде мұғалімдер де, және оқушылар да әрбір адамға дербес тұлға ретінде қарауды болжайтын оқу-тәрбие процесіне тұлғалық қатынас туралы сөз болады.
6. Тәрбие процесінде білім алушы тұлғасына, оның іс-әрекеті мен мінезқұлқының сипатына, оған қойылатын жоғары талаппен үйлесімде адамгершілік және құрмет таныту қажет.
7. Тұлғаның өзін-өзі дамытуының табыстылығы көп жағдайда тәрбие процесін дербестендіру деңгейіне және оның шығармашылық бағыттылығынабайланысты.
8. Тәрбие нәтижелерінің тек тәрбие қызметіне ғана емес, сол сияқты оқытушы тұлғасына, шынайы жағдайларға, өскелең ұрпақпен нақты процестер және жағдайларда өзара әрекеттесу сипатына тәуелділігі.
Тәрбие мен оқытудың үйлесуіне зор мән беру керек. Негізінде қарым-қатынас формалары бар тәрбиенің үш формасы жұмыс істейді.
Патриот – азамат тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда тәрбиенің барлық үш формасы қолданылады.
Бірінші топқа шығармашылық оқыту қарым-қатынас формалары – барлық түрдегі шығармашылық сабақтар, оқыту сипатындағы жеке және ұжымдық тапсырмалар жатады.
Екінші топқа шығармашылық ынтымақтастық қарым-қатынас формалары – ұжымдық шығармашылық істер, өмірлік практикалық сипаттағы жеке және ұжымдық тапсырмалар, шығармашылық мерекелер және т.б. жатады.
Үшінші топқа осы қарым-қатынастардың синтетикалық формалары – күнделікті шығармашылық қатынаста болу, әртүрлі шығармашылық кездесулер жатады.
Қазіргі кезде көптеген педагогтер тәрбие жұмысының барлық формаларын – шаралар, істер, ойындар деп 3 топқа бөлуге болады деп санайтын Е.В. Титованың классификациясына сілтеме жасайды. Олар келесі белгілер: мақсатқа бағыталуы, тәрбие процесіне қатысушылардың көзқарастары, объективті тәрбиелік мүмкіндіктер бойынша ерекшеленеді. Н.Е. Щуркова қызық көзқарас білдірген, оның пікірінше, кез келген тәрбие ісі адамды құндылықты қатынастың әлдеқайда биік деңгейіне көтеруі қажет, қатысушыларынан ұзақ уақыт жұмсауды және күш салуын талап етпейді, тәрбие тиімділігі рухани-адамгершілік құндылықтарды еселеу және өзектендіру есебінен барынша арта түседі.
Патриоттық тәрбие оқу процесін толық қамтыған кезде тиімді болады әрі білім беру міндеттері ойластырылған жоспар бойынша және жүйелі түрде жүзеге асырылады. Өз Отанының азаматы – патриотының қасиеттері бар тұлғаны тек оқу процесінде ғана емес, алдын ала дайындалған тәрбие шаралары арқылы қалыптастыру және дамыту қажет.
Қатысушылардың санына қарай тәрбие шаралары топтық (тәрбиеші – балалар тобы), бұқаралық (тәрбиеші – бірнеше топ) болып бөлінеді. Мұғалім азаматты тәрбиелеу ісінде балалардың жас ерекшеліктеріне, олардың арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасқа сәйкес, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқушылармен жүргізілетін жұмыстың түрлі формаларын пайдалана алады.
Дербес формалар сабақтан тыс іс-әрекетпен, оқытушылардың және оқушылардың байланысуымен байланысты. Олар топтық және ұжымдық формаларда іс-әрекет етеді және барлық басқа формалардың табыстылығын анықтайды. Оларға әңгіме, кеңес, пікір алмасу, тапсырманы бірге орындау, белгілі бір жұмыста жеке көмек көрсету, мәселенің шешімін бірге іздеу және т.б. жатады.
Жұмыстың топтық түрлеріне кеңестер, шығармашылық топтар, өзін-өзі басқару органдары, үйірмелер жатады. Жұмыстың бұл түрлерінде мұғалім өзін қатардағы қатысушы немесе ұйымдастырушы ретінде көрсетеді. Оның басты мақсаты – ұжым мүшелерінің барлығы үшін, бүкіл адамдар үшін маңызды, сезінерліктей оң нәтиже алуы үшін жағдай жасау. Оқытушының оқушылармен жұмысының ұжымдық формаларына байқау, спектакль, концерт, ҰОС ардагерлерімен, Ауған соғысы жауынгерлерімен кездесулер, тақырыптық әңгімелер (Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы), сынып сағаттары, туристік-өлкетану қызметі, жорықтар, үгіт бригадасының өнері, спорттық жарыстар және т.б. жатады.
Ересектер мен балалардың ұжымдық шығармашылық қызмет сипаты болғанда ғана тәрбие шаралары маңызды және олар 3 кезеңде жүзеге асады: I кезең – ұжымдық дайындық (жұмыс іздестіру, жоспарлау және дайындықтан тұрады); II кезең – жұмысты орындау; III кезең – жұмысты талдау. Тәрбие іс-шараларының түрін таңдау көптеген факторларға байланысты. Дегенмен бұл таңдаудың негізінде тәрбие мақсаттары; оқушылардың жас ерекшеліктері; олардың тәрбиелік деңгейі және жеке әлеуметтік тәжірибесі; балалар ұжымының ерекшеліктері және оның дәстүрлері; әлеуметтік жағдайларды ескеру; мұғалімнің кәсіби деңгейімен анықталатын педагогикалық мақсаттылық болуы қажет. Тәрбие процесін ұйымдастыру формаларын таңдауда балалардың өзекті қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сүйену керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет