Әдебиеттер
1. Отанының азаматы – патриоты қасиеттері бар тұлғаны қалыптастыру және дамыту. Әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 16 б
ДӘРІС – 8. СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
Жоспар
1. Тәрбие жүйесінде басты орынды сынып жетекшісі атқарады. Педагогикалық сөздікте «Сынып жетекшісі – жалпы білім беретін мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыратын және өткізетін педагог. Бастауыш сыныпта сынып жетекшісінің міндеттерін мұғалім атқарады» делінген. Сынып жетекшісі – жалпы білім беретін мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, реттеуші және өткізуші.
Бастауыш сыныпта сынып жетекшісінің қызметін осы сыныптың мұғалімі атқарады. ХІХ-ХХ ғасырда Ресейде білім беру мекемелерінде балаларды тәрбиелеу ісімен кімдер айналысу керек деген мәселе әр түрлі шешілді.
1813 жылы Білім беру министрлігінің циркуляры «Об установлении должности комнатных надзирателей при пансионах» оқыту мен тәрбиелеудің қызметін қатал түрде бөліп берді. Бір тәулік бойында қараушылар (надзиратель) өздерінің тәрбиеленушілерімен бірге болып, сабаққа бірге барып, үй тапсырмасын орындауға көмектесіп, бос уақытын бірге өткізіп, пансионаттағы бөлмесінің тазалығын және тәртібін қадағалады. Қараушылар француз тілін білетін, жоғары адамгершілікті, жақсы әдет-дағдылары қалыптасқан адамдарды таңдады.
1835 жылы оқушылардың сабақта, көшеде, қоғамдық орындарда мінез-құлқын бақылай алатын сыныптық қараушылар қызметі мектепке енгізілді. Сыныптық қараушылардың білімі «бөлмелік қараушылардан» біршама төмен болып, тек уездік училище деңгейіндегі білімі жарады.
1871 жылы институт сынып бастаушысы міндетті оқу жүктемесінен өзінің сыныбына аптасына 18 сағаттық жүктеме бөлді. Бұл сынып бастаушының оқу мен тәрбие процесіне алғашқы жақындауы еді. Сынып жетекшілері өздерінің істеріне жауапкершілікпен қарай отырып, бірте-бірте беделге және құрметке ие бола бастайды. Қыздар гимназиясында «сынып ханымы» деп аталып, орта білімі болмағандықтан тек оқушыларға жетекшілік қызметін атқарды.
Қазан революциясынан кейін бастаушы және сынып ханымының жұмыстары қысқартылып, мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу міндетіне айналды.
1931 жылы топ жетекшісі қызметін енгізсе, 1935 жылы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде топтап оқыту тәртібін, сыныптық-сабақ
жүйесіне көшуге байланысты бір педагогты сабақтан босатып мұғаліммен параллель қызмет ететін топ жетешісі «сынып жетекшісі» деп өзгертілді. Осы жылы РСФСР Халық ағарту Комиссариаты сынып жетекшісі туралы Ережені бекітіп, онда қызметі, міндеттері, жұмыс мазмұны, формалары, әдістері жаңа сипатқа ие болды. Кейін сынып жетекшісіне пән мұғалімі және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын бір сыныпта жүргізу қажеттілігі бекітілді.
Кеңес өкіметі тұсында сыныптан тыс тәрбие жұмысы және сынып жетекшісіне қойылатын талаптар бойынша біршама тәжірибе жинақталған. жылы Қазақ КСР министрлігінің мектептер басқармасы
«Класс жетекшісі туралы», «Мектептегі тәрбие жұмысы» іс-құжаттар жинағында толық ашылып көрсетілген. И.Ф. Харламовтың пікірінше, бүгінгі күні баспаларда мектептегі сынып жетекшісі ескірген, керек емес тәрбие жұмысы оқыту процесінде шешіледі деген ойлар айтылып жүр. Көптеген педагогикалық аргументтер сынып жетекшісінің қажет екендігін дәлелдейді. Шет елдерде Бельгияда сынып жетекшісін тәрбиеші, Англияда тьютор деп атайды [119, 267].
1980 жылдардың аяғында әлеуметтік-мәдени басылымдардың өзгерістеріне қарай сынып жетекшілерінің тәрбиелеу жүйесіндегі, оқушыны тәрбиелеудегі орны мен роліне аздап өзгерістер әкелді. Оның негізгі ойы тәрбиеленушінің жеке тұлғасы, оның экологиясы және дамуы болып саналды. Қазіргі таңда мектеп тәжірибесінде сынып жетекшісінің бірнеше типтері:
сабақ берумен қатар тәрбие жұмысын атқаратын пән мұғалімі;
төмен жүктемемен жұмыс істейтін сынып жетекшісін сынып тәлімгері деп атап жүр;
көптеген оқу орындарында сынып басшысы, тьютор дене қызметі енгізілген.
Соңғы кездерде Ресейде сынып тәрбиешісі деп аталып келеді. Бастауыш сыныпта сынып жетекшісі қызметін жоғарыдағы аталғандардан пән мұғалімі атымен аталып міндеттері, құқығы, қызметі мектеп жарғысында көрсетілген.
В.Н. Сорока-Росинский мұғалім оқушы тәрізді жеке дара деп қарап, алғаш рет теоретик-педагог, педагог-реалист, педагог-ултилитарист, педагог-артист типтерге жіктеген. Я. Корчак мұғалімдер типтерінің жіктемесін ұсынды. Тәрбиеші-тиран тыйымды көп қолданып, орындауды талап етеді. Атаққұмар тәрбиеші әрбір баланы өзінің пікіріне және нормасына бағындырады. Есті тәрбиеші балаларға сүйіспеншілікпен қарайды, олардың жанын, тәрбиелік және білімділік міндеттерді шешу жолын жете түсінеді.
Педагогика ғылымында мұғалімнің жеке тұлғалық бағыттылығына қарай ұйымдастырушы, пәндік, коммуникатор, интеллигент типтері қалыптасқан. Соның ішінде ұйымдастырушы типі тұлғасының құрылымы талап қойғыш, ұйымдастырғыш, еркі берік және күш- қуаты жоғары болып келеді. Өзінің жеке тұлғалық ерекшеліктерін түрлі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында көрсете алады. Міне, осында мұғалімдердің ұйымдастырушы типтерін болашақ бастауыш сынып тәрбиешісін дайындауды ескеру қажет.
И.П. Подласый, Б.Т. Лихачев қазіргі заманның идеалды сынып жетекшісінің мінез-құлқының белгілерін айқындады. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде болашақ мұғалімге тілектестік, қайырымдылық, өнегелі тазалық, әділеттілік, адамгершілік, эмпатия, альтруизм, ашық, ақжарқындық, белсенді өмірлік көзқарас тәрізді жеке тұлғалық қасиеттері қажет. [120, 34].
Еліміздің бірқатар мектептерінде сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің көп нұсқалығы көрініс табуда. Мәселен, Ақтау қаласындағы №1,2,7,16 мектептерде, Қапшағай қаласы №4, Алматы облысының бірен саран мектептерінде мұғалімдер параллель сыныптарда сынып жетекшісі болуы тәжірибеленді. Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде сынып жетекшісі басқа жұмыстардан босатылды. Қарағанды, Екібастұз қаласында қыздар гимназиясында «Сынып айымдары» институты енгізілді.
«Қазақстан Республикасы жаңа формациядағы педагогтің үздіксіз педагогикалық білім» тұжырымдамасы гимназияда тәрбиелік процесс медико-психологиялық педагогикалық, яғни екі оқу профильді кафедрамен (гуманитарлық-эстетикалық цикл мен жаратылыстану- математикалық циклмен), психологиялық-медициналық қызмет және
«Сынып жетекшілердің институты» кафедрасымен өтеді. Сынып тәрбиешілерінің институты қоғамдағы тәрбиелік жұмыстың орталығы болып табылады. Оның құрамына 5 кафедра мен лаборатория және сабақта өтілетін модульдік бағдарламалар, «жалпы дамытушылық», яғни, сынып сағаттары және синхронно- модульдік жолмен ұйымдастырылады. Бір апта бойы 5 модульдік сабақ өткізіледі: үйлесімділік, саясат, этика және эстетика, ақыл-ойды дамыту, әлеуметтік тұрғыдан өзін-өзі билеу. Жүйелі гимназияның модельдік ұйымдастырушылық құрылымын екі позицияда қарайды:субъектілік және объектілік.
Субъектілік позиция 5 деңгейде қарастырылады: директордың (басшылық) деңгейі (стратегиялық деңгейдің бағытталуы); орынбасарларының деңгейі (тактикалық деңгейдің бағытталуы); кафедра меңгерушісінің деңгейі және ғылыми-педагогикалық басқармасының деңгейі (технологиялық); мұғалімдер деңгейі және сынып тәрбиешілерінің деңгейі; оқушылардың деңгейі. Объектілік позиция педагогикалық кеңесті, әдістемелік кеңесті, ғылыми- педагогикалық лабораторияны, орталық ғылыми-әдістемені, медициналық және психологиялық қызметтерді қарайды.
Оқушылардың тәрбиесі мен дамуына «Сынып тәрбиешісінің институты», яғни сынып тәрбиешісінен босатылғандар кіреді. «СТИ»- ға қоғамдық ұжымның тәрбиелік, ұйымдастырушылық, аналитикалық функциялары жатады. «СТИ»-дің жалпы дамуына, негізгі бағытталған жұмыстардың бағдарламасына қарайды. Құрылымдық институтқа негізгі тәрбиелік сферасының 5 модулі кіреді. Сынып тәрбиешілердің жұмысы циклограммалы сәйкестікпен өтеді. Мектептің даму тарихын, оқушының потенциалдық талантын мектеп тәрбиешісінің рөлі көрсетеді.
Сынып жетекші – кәсіби-педагог, сынып ұжымының тәрбиелік жұмыстарының ұйымдастырушысы. Сынып тәрбиешілері – гимназиядағы оқушылардың білім деңгейін, мұғалімдердің сыныптағы психологиялық көзқарасын жақсартуға, ата-аналардың психология- педагогикалық білімдерін және баланың жанұясымен сөйлеу мәдениетін ұйымдастырушы. Сыныптық жүйемен бірге аудиториялық және аудиториядан тыс оқу процесі ұйымдастырылады. Яғни, сынып жетекшілерінің рөлі және оларға қойылып отырған талаптар жоғары болып отыр [121].
Қазақстандық белгілі ғалым К.Ж. Қожахметова және Л. Сырымбетова, Н.И. Хван еңбектерінде «сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог» деп анықтама берілген. Н.И. Хван гимназиядағы тәрбие жүйесін басқарудың педагогикалық шарттарын анықтаса, Л.Сырымбетова өзінің тәжірибесінде сынып жетекшісін қыз балаларды тәрбиелеудегі «сынып айымдары» деген мәртебелі атпен атайды. «Қыздар әліппесі» бағдарламасымен жұмыс істеуде сынып жетекшісіне қойылатын талаптар іріктеліп, әр бөлімнің жүргізілуі сынып айымының ұйымдастырушылық біліктілігіне байланысты екендігінтүсіндіреді. К.Ж.Қожахметова сынып жетекшінің жұмыс істеу бағыттарын, басты міндетті қызметтерінің бірі ұйымдастырушылық әрекеттік деп белгілеген. Тәрбие үрдісін бағалау өлшемдерін және оның аралық, соңғы нәтижелерін анықтаудың әдістемелік жағын қамтамасыз етіп, мектеп тәжірибелеріне еніп сынып жетекшілерінің басты құралдарының бірі болып отыр. Ғалымның бұл әдістемелік құралын жоғары оқу орны студенттерін сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға даярлығын қалыптастыруда басшылыққа алдық [122, 124], [123, 17].
Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық әрекетінің құрылымы және оны ұйымдастыру қызметі туралы Ф.Н. Гоноболин, В.А. Кан-Калик, С.В. Кондратьев, В.М. Коротов, Н.В. Кузьмина, В.С. Кукушин еңбектерінде қарастырылған [124, 152], [125, 103], [126, 95]. В.С. Кукушин педагог-тәрбиеші, сынып жетекшісі ұйымдастырушылық (барлық педагогикалық аспектілер бойынша жұмыстар өткізу), тәрбиелік (жеке тұлғаны және ұжымды қалыптастыру), коммуникативтік (қарым-қатынасты ұйымдастыру), реттеушілік (барлық ықпалдарымен келісу, тәрбие процесіне қатысушылардың арасында келісім, өзара әрекеті), жөндеу (жеке тұлғаны өзгерту), экологиялық (баланы жағымсыз әсерден сақтау), әкімшілік(оқушылардың жеке ісіне құжат арнау) қызметтерді атқарушы. Соның ішінде И.П. Подласый пікірінше, ұйымдастырушылық қызмет көптеген зерттеулерде балаларды белгілі жұмыстарға тарту, таңдалған мақсатқа балалармен ынтымақтастыққа жетуге бағыттайды.
Н.В. Кузьмина сынып жетекшісінің гностикалық, жобалау, құрастыру, ұйымдастырушылық, коммуникативтік функциональдық компонентін жүйелеген. Ұйымдастырушылық компоненті педагогтың өзінің әрекетін және оқушылардың белсенділігін ұйымдастырудағы біліктілігінің жүйесі деп анықтама берді. Барлық компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен қиылыста болады. Мәселен, гностикалық компонент, яғни мұғалімнің білімі, өзінің пәні бойынша білімі ғана емес, педагогикалық коммуникация, оқушылардың психологиялық ерекшелігі, өзін-өзі тану туралы білім жатады. Осы компонент пен ұйымдастырушылық компонент тығыз байланыстажүзегеасады. А. Кан-Калик психолог ғалым педагогтардың әрекеттерінің құрылымын компоненттен тұратындығын анықтап, педагогтың басты сапасы оқушыға тиімді ықпал етуді ұйымдастыра білу біліктілігі болуы керектігін көрсетеді.
В.А. Сластенин, А.И. Щербаков мұғалімнің педагогикалық әрекетінің құрылымын диагностикалық, бағдарлану-прогностикалық, құрастыру-жобалау, ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндірмелі, коммуникативтік-ұмтылдыру, талдау-бағалау, зерттеушілік- шығармашылық әрекетерінің жүйесін құрды. Ұйымдастырушылық әрекеті оқушыларды белгіленген оқу-тәрбие жұмыстарына тарту, қызықтыратын форма беріп, оқушылар арасында міндеттерін бөлу және белсенділігін ояту делінген. Мектептегі сынып жетекшісінің әрекетінің белгілі ережелері бекітіліп, онда негізгі тәрбие қызметтері, тәрбие жұмыстарының бағыттары, міндеттері көрсетілген.
И.Ф. Харламовтың жүйелеуі бойынша, когнитивтік- диагностикалық, ұйымдастырушылық-ынталандырушы, біріктіруші- ұйымдастырушы, координирлік, жеке тұлғалық дамытушылық қызметтерін жіктеген. Ұйымдастырушылық-ұмтылдырушы қызметі оқушыларды сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының түрлері мен формаларына тарту. Бұл жұмыстарға олардың қызығуын және белсенділігін туғызу. Сынып жетекшісінің түрлі қырлары бірін- бірі толықтырады, айналып келгенде ұйымдастыруға дейін аталған компоненттер қалыптасуы керек. Ғалымдардың пікірінен, сынып жетекшісі өзінің оқушыларын араластыруда мәжбүрліктен емес, алдында тұрған жұмыстың мәнін, маңызын түсінетіндей, жұмыстың ұйымдастырылуына әр, сипат және белгілі жаңалық енгізілуі керек. Дегенмен, сыныптан тыс тәрбие жұмысын дұрыс бағытта ұйымдастыру үшін де оқушылардың дамуына диагностика қоя білуі, тәрбие жұмыстарының формасын, түрлерін жобалау-құрастыра алуы, коммуникативтік біліктілігі, білімі, дағдысы болуы қажет. Бұл үшін жоғары оқу орнында арнаулы даярлықтан өткізілуі қажет.
Мектептегі тәрбие жұмысына мұғалімнің даярлығы туралы Я.А. Коменский баланы тәрбиелеуде көп нәрсені біліп, оны практикада жүзеге асыруы тәрбиелеу өнерін меңгергені. Балаларды тәрбиелеудің мақсатын, принциптерін, әдістерін білуін және оны жүзеге асыруда жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлді. Ұлы педагогтың бұл көзқарасын болашақ маман дайындауда ескеруіміз қажет. Д.Дидроның айтуынша мұғалімнің дайындығы өз пәнін, тәрбие жұмыстары туралы терең білімінің болуы, мұғалім жанының адалдығы, төзімділігін басты сапаларының бірі – деп санады.
Педагог-демократ А. Дистерверг мұғалімнің педагогикалық процестегі жетістігін мынандай факторлармен түсіндіреді: өзжұмысын
білу, қызметіне және оқушыларға деген сүйіспеншілік, педагогикалық қабілеттер және мұғалімнің қажеттері. Мұғалімге жоғары білімділік, мәдениет, тәрбие аса қажет. Адамның өзінде жоқты өзгеге бере алмайтыны секілді, өзі дамыған, тәрбиені білімдар болмаса басқаларды дамыта, тәрбиелей, оқыта алмайды, жеке басының тәрбиесімен және білімімен айналысуын тоқтатпаса ғана мұғалім шын мәнінде өзгені тәрбиелей және оқыта алады деп тұжырымдады [127, 165].
Мұғалім дайындығы мәселесін жасақтауға ерекше үлес қосқан көрнекті орыс педагогы К.Д. Ушинский мұғалімнің әлеуметтік және руханироліне баса назар аударды. Мұғалімнің бүкіліс-әрекетіқоғамдық өмірге ықпал ете алатындай халықтың мүддесіне бағытталуы керек. Мұғалім мектеп пен өмір арасын жарастырушы деп бағалай келе, сол қоғамның объективтік бағыттарын, уақыт талабын ұғынып, ерекше белсенділік, сенімділік пен білімдарлық танытып, қоғам алдындағы парызын түсінгенде ғана қызметтің иесі бола алады деген. Сол тәрізді мұғалім дайындығында педагогикалық теория мен практиканың бірлігінің қажеттігін баса айтты. Оның пайымдауынша, әрекетшіл және ұзақ уақыттық практика негізінде ғана оқыту мен тәрбиелеу біліктілігін меңгеруге болады. Сөйтіп, мұғалім педагогикалық ғылымды оқыту және тәрбиелеу өнеріне айналдырады.
Мұғалімнің дайындығын педагогикалық процесті ұйымдастырудағы басты тұлға ретінде бағалау қазақтың ағартушы ғұламаларының еңбектерінде айтылған. Ұлы Абай баланың мінез-құлқын тәрбиелеудегі мұғалімнің орнын «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады. бірінші
ата-анадан, екінші – ұстазынан, үшінші – құрбысынан» әлеуметтік тұрғыдан түсіндіреді. Енді бір сөзінде баланы тәрбиелеудегі бірін-бірі толықтыратын факторларды «Баланы ең алдымен қоршаған ортасы
көшесі тәрбиелейді, содан кейін келіп ата-анасы тәрбиелейді. Екінші – ұстазы тәрбиелейді, содан келіп ата-анасы тәрбиелейді» байланыстылығын көрсеткен.
Қазақтың ағартушы-ғалымы М. Жұмабаев «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәрбиесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек. Сол баста адамдардың тәрбие майданындағы тәжірибелерін көрсеткен жеке бір пәнмен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек» дейді. Бұл пікірінің бүгінгі мектептегі тәрбие процесіндегі кетіп жатқан кемшіліктердің себебін анықтауда маңызы зор.
отыруды талап етеді. Сондықтан мұғалімдер күнделікті жұмысында оқушылардың үздіксіз өсе беруін, білімінің молайып, сенімінің артуын көздеп, оларға үнемі ықпал етіп отырады. Мұғалім әрбір тәрбие сағаты барысында қоршаған ортаның жұмбақ сырын ашуға, алғашқы білім сатысына жетелеп, қиялын дамытады.
М. Горькийдің пікірінше, балаларды бала тәрбиесіне бейім адам, төзімділікпен, байыптылықпен жұмыс істей алатын адам тәрбиелеуі керек деген. «Нағыз тәрбиеші» деп бос уақытын балалармен өткізетін, оларға күлкілі әңгімелер мен ертегілер айтып, қуыршақ театрын, кеме, самолет жасап, фокс көрсете алатын, олармен бірге жүріп тас коллекциялар мен гербарийлер жинап, оларға жұлдыздың құрылысын түсіндіріп береалатын, мылтықатуды, жүзудіүйретеалатын үлкендерді айтады. Ұлы жазушының ойынша, мұғалім-тәрбиеші сыныптан тыс тәрбие жұмысын жүргізу үшін жан-жақты жетілген, білімді, бәрі де қолынан келетін өз ісінің шебері болуы керек.
Қоғам және партия қайраткері, тарихшы, тамаша педагог және ғалым Д. Асфандияров ағартушылық ісіне де етене араласты. Оның еңбек етуіндегі ең басты мақсаты – мектеп сапасын арттыру, кадрлар дайындау немесе қайта дайындау, бұлардың барлығы адамның қызығушылықтары негізінде мектеп ісі қойылымдарының жақсаруына күрес негізінде үлкен белсенділік пен құлшыныс пайда болған. З.М. Шилова сынып жетекшісі тәрбиелеу өнері деп, оның негізгі мақсат, міндеттерін және жұмысының бағыттарын саралай келе, барлық білім, біліктілігі және шеберлігінің жиынтығы өнері деп тұжырымдаған [128, 92].
К.А.Абульханова-Славская мұғалім жеке тұлғаның психологиясына және әрекеттеріне сипаттама беріп, азаматтық саналы жауапкершілігі жоғары, қоғамдық инициативалы, қандай жағдай болса да қисынын табатын педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыра білуі қажет деген. Жоғарыдағы психолог, педагог зерттеушілердің ой-пікірін ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық әрекеті – өзінің әрекетін және басқа әрекетті ұйымдастыруға және басқаруға бағытталған мета әрекет деп тұжырымдаймыз. Мұндай әрекетке болашақ педагог мамандарды жоғары оқу орны қабырғасынан бастап дайындау қажеттігін айтуға болады [129, 169].
Достарыңызбен бөлісу: |