Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері



бет21/26
Дата30.03.2024
өлшемі189.96 Kb.
#497058
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
ЛЕКЦИЯ Тірбие -2024

Әдебиеттер

1. «Тәуекел топтағы» балаларды ерте анықтау, девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша кәмелетке толмағандарға арналған іс-шараларды ұйымдастыру» Әдістемелік ұсынымдар.– Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 140 бет




ДӘРІС -13. САЛАУАТТЫ ТҰРМЫС-САЛТЫН НАСИХАТТАУ
Жоспар

Салауатты өмір салты келесі негізгі еңбек тәртібі мен демалыс, зиянды әдеттерді жою, қолайлы қозғалыс тәртібі, жеке бастың гигиенасы, шынығу, тиімді тамақтану және т.б. адам үшін құндылықтардың иерархиялық жүйесінің жоғары баспалдағынан орын алатын денсаулық табиғи өмірлік құндылық болып табылатынын қазіргі уақытта денсаулық феномені құнды капитал, болашаққа ұтымды инвестициялау ретінде қаржыландыруда еліміздегі өмір салтын жетілдіру үдерісі болып табылады.


Әр адамның денсаулығы жеке адам құндылығы ғана емес, ол әлеуметтік, қоғамдық құндылық болып табылады. Мықты денсаулықты сақтауға ықыластану – адамның толыққанды өмір сүруінің, жоғары шығармашылық белсенділігінің, еңбекке жарамдылығы мен бақытты болуының қажетті шарты, маңызды әлеуметтік қажеттілігі. Денсаулық – бұл табиғаттың адамға берген үлкен сыйы, оны сатып ала алмайсың, ауыстыра алмайсың оны қорғау, жақсарту және нығайту қажет.
Медициналық энциклопедия «денсаулық адам ағзасының барлық мүшелері мен жүйелерінің сыртқы ортамен теңдестірілген және қандай да бір аурулық өзгерістерінің болмауы», - деп атап көрсетуі де адам ағзасының дамуы, табиғатпен байланыстығына баса назар аударады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының негізгі материалдарында денсаулық физикалық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бөліп қарастырады.
Расында да, денсаулық өзгеше және маңызды жақтарын қысқа әрі біржақты сипаттауға болмайтын аса күрделі құбылыс. Бұл феноменді анықтау тәсілдерінің көптүрлілігі оның әлеуметтік және қоғамдық құндылығы халықта қалыптасқан «ең бастысы – денсаулық», «денсаулық – бұл барлығы емес, бірақ барлығы денсаулықсыз түк те емес» деген шынайылық тұрғысынан қарастырылады.Философияда құндылық дүниедегі объектілердің ерекшеліктерін адам мен қоғамға, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін көрсетету (игілік, жақсылық пен жамандық, әсемдік пен көріксіздік) үшін қолданылады.
Сондай-ақ, құндылықты құбылысты қоғамдық сана түрінде (әділеттілік немесе әділетсіздік) сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге, оларға баға береді, оларды мақұлдайды немесе айыптайды және олардың жүзеге асуын талап етеді немесе кемшілікті жоюдың өлшемі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтардың арасында философтар мен прогресшіл ойшылдар мен педагогтар әрқашан бірінші орынға адамның құқығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған.
Кез-келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының заңды нәтижелері болып табылады. Адам құқығының адамгершілік мүмкіндігі басқа жалпыадамзаттық құндылықтар сияқты ғасырлар бойы жинақталып, жаңа үлгінің негізінде адамның мінез-құлқын реттеуші ретінде қызмет етеді.
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда, оларға адамзат баласының қол жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесімен қатар, қоғамдық-этикалық қалыптар мен ізгілікті-адамгершілікті игеруге болатынын тәжірибеден көруге болады. Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте нақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет