Әдебиеттер
1. Оқушыларда толеранттықты қалыптастыру: бірімізді біріміз түсінуді үйренеміз (Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына). Әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 16 б.
2. Вульфов Б.З. Воспитание толерантности: сущность и средства // Внешкольник. – 2002. – №6. – С. 12-16.
3 Мацковский М.С. Толерантность как объект социологического исследования. // Межкультурный диалог: исследования и практика. Под ред. Г.У. Солдатовой, Т.Ю. Прокофьевой, Т.А. Лютой. -М.: Центр СМИ МГУ им. М.В. Ломоносова, 2004. - С. 143.
ДӘРІС -15. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚОЗҒАЛЫСЫ
Жоспар
Балалар қозғалысы – балалар қатысатын және ерікті түрде, өз күштерімен қайсарлық негізде құрылған барлық балалар қоғамдық бірлестіктерінің жиынтығынан тұратын әлеуметтік қозғалыстар түрлерінің бірі [2].
Балалар ұйымдары – көзқарастар, қажеттіліктер немесе жеке мүдделер мен қабілеттер бірлігіне негізделген 7-14 жастағы балалардың өз күштерімен құрылатын ерікті қоғамдық бірлестігі [3]. Балалар қозғалысы балалардың қоғамдық бірлестіктеріне – бірлесіп қызмет жасау үшін біріктірілген 18-ге дейінгі жастағы балалар мен кәмелетке толған жастар кіретін азаматтар бірлестігіне сүйенеді.
Балалар қоғамдық бірлестігі мен қосымша білім беру жүйесінде мүдделері бойынша оқитын балалардың бірлестігін табиғаты мен міндеттеріне қарай ажырату қажет. Сондай-ақ балалар қоғамдық бірлестігі мен білім беру ұйымдары оқушыларының өзін-өзі басқаратын органын ажырату да маңызды.
Балалар қоғамдық ұйымының мақсаты – қызықты өмір сүрудің бастамасы ретінде балалардың өздері қабылдайтын баланың әлеуметтік қалыптасуы мен өздігінен іске асыруына қолайлы жағдай жасау. Формальды емес топтардан айырмашылығы балалар ұйымдарында бала құқық пен әлеуметтік қызметтің субъектісі болу, әлеуметтік қатынастар жүйесіне ену, жаңа әлеуметтік рөлдердің мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып ұғыну мүмкіндігіне ие болады.
Кез келген қоғамның даму жолы балалар бойында қандай құндылықтардың қалыптасатынына, олардың әлеуметтік қатынастардың жаңа түріне қаншалықты дайын болатынына байланысты.
Балалардың қоғамдық бірлестіктерінің классификациясы – әлеуметтік кеңістік субъектілері негізіне: балалар бірлестіктері қызметінің мақсаты, міндеттері, негізгі бағыттары жатады:
а) көбінесе бала тұлғасын әлеуметтендіруге, оның азаматтық қалыптасуына, жеке және қоғамдық (әскери-патриоттық, пионерлік, тимуровшылар, әлеуметтік-оңалту) үйлесіміне бағытталған;
б) әлеуметтік-жеке бағыттылық (скауттық);
в) алғашқы кәсіби бағыт және дайындық («Бизнес-клубтар», бейіндік отрядтар);
г) мәдениеттанушылық, тарихи-ізденушілік;
в) экологиялық қозғалыстар; г) спорттық, салауатты өмір салты үшін туристтік-өлкетану қозғалыстары;
д) бос уақытың болуы.
Өзара байланыстар, өзара қарым-қатынастар, өзара іс-қимыл бойынша балалардың қоғамдық бірлестіктерінің:
– мемлекеттік құрылымдардан: мектептерден, қосымша білім беру ұйымдарынан, балалар үйлері-интернаттардан, мәдениет, ғылым мекемелерінен және т.б.;
–ересектер мен жастардың қоғамдық бірлестіктерінен, қозғалыстарынан;
– жеке, коммерциялық құрылымдардан айырмашылығы бар [4]. Заманауи ұйымдарға тән сипат жарғылық ережелердің, құрылымдардың, басқару жүйелерінің, басшылық пен өзін-өзі басқарудың болуы. Бұл ережелерде мүшелік талаптары, мүшелердің өзін-өзі басқаруы, материалдық база және қаржыландыру көздері көрсетілген.
Отандық балалар қозғалыстарының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері:
1-кезең – ХХ ғасырдың 10-жылдары – спецификалық әлеуметтік ақиқат ретінде балалар қозғалыстарының пайда болуы;
2-кезең– ХХ ғасырдың 20 және 30-жылдарының басы – пионерлікәлеуметтік-педагогикалық ақиқат мақсатты әлеуметтік тәрбиенің жаңа құралы түріндегі балалар қозғалыстарының қалыптасуы;
3-кезең – 30-80-жылдар – жаппай монополдық қоғамдық балалар ұйымдары – спецификалық тәрбие жүйесі, өскелең ұрпақтың коммунистік тәрбиесі жүйесінің бөлімі ретінде пионерлер қозғалыстарының дамуы;
4-кезең ХХ ғасырдың 90-жылдары – балалар мен жастарды әлеуметтендіру субъектісі ретінде қазақстандық қоғамның жаңа әлеуметтікэкономикалық, тарихи жағдайларындағы отандық балалар қозғалыстарының формаларының, түрлерінің, мақсатты және мазмұндық бағыттылығының әртүрлілігі жағынан өзіндік дамуы және өзін-өзі анықтауы[4].
Ғылыми-педагогикалық ортада мектептегі және мектептен тыс мекемелердегі пионерлер жұмысының негізгі объектісі ретінде балалар қозғалыстары саласындағы зерттеу жұмыстары Н.К.Крупскаяның, С.Т.Шацскийдің, П.Блонскийдің, В.Луначарскийдің, А.С.Макаренконың, В.С.Сухомлинскийдің, В.Лебединскийдің, З.А.Ходоровскийдің, Н.И.Болдыревтің, В.М.Коротовтың еңбектерінде кеңінен ашылған. Қазақстанда олар қоғамдық құбылыстар ретінде пионерлік қозғалыстардың жоғары педагогикалық миссиясы мен тарихи мәні аталып өтетін Р.Д.Иржанованың, К.Құнантаеваның, З.Байназаровтың, Н.Б.Абаеваның, Н.Л.Татаурованың, М.Көпжасарованың, Б.И.Мұқанованың және басқа да авторлардың еңбектерінде жарияланған.
Көптеген ғалым-педагогтар (С.К Қалиев, К.Ж Қожахметова, Е.А.Дмитриенко, Т.Н. Ескендірова, К. Қабдыразақұлы, Р.К. Дүйсембинова, С.К. Мұхамбетова, А. Сәдуақассов, В.И. Загайнова, С.Т. Иманбаева, Ж. Өтеев) проблемалардың өзектілігін атай отырып, мектептегі және мектептен тыс мекемелердегі тәрбие жұмыстарының қажеттілігі мен жүйелендіру туралы ұқсас нұсқаларды ұсынды [5;6]. Е.А. Дмитриенко, М.К. Құрсабаев, А.Н. Тесленко, Д.В. Лепешев, А.К. Жұмашев, Л.В. Алиева, А.В. Волохов және тағы басқалардың зерттеулерінде қазіргі замандағы балалар қозғалыстарының жаңа үлгісінің негізі болып гуманистикалық идеалдар принциптері анықталды: ұлттық дәстүрлер, патриотизм, толеранттылық, ынтымақтастық, сондай-ақ өз істері үшін жеке жауапкершілік принциптері.
Пионерлер заңдары, «КСРО – Менің Отаным» экспедициясы, тимуровшылар қозғалысы, салтанатты ант, пионерлер қатарына қабылдау, «Артек», «Орленок», «Океан» балалар мен пионерлер қозғалыстарының лидерлері мен белсенділерін даярлайтын мектептер және басқа да пионерлер ұйымдарының қозғалыстары тек Кеңес Одағына ғана емес, оның сыртындағы елдерге де жарқын үлгі бола алды. Сонымен қатар, мемлекеттің пионерлер ұйымдарының ішкі жұмысына кедергі жасауы балалар қозғалыстарының саясаттануына әкеп соқтырды.
ХХ ғасырдың 80-жылдары ғана көптеген одақтас республикаларда (Эстония, Украина, Өзбекстан) вожатыйлар мен пионерлер арасында республикалық ұйымдардың Бүкілодақтық ұйымдар құрамынан шығуы туралы қоғамдық пікір қалыптасты. Қазақстанда, атап айтқанда, Павлодар облысында пионервожатый Қаниев Арманның басшылығымен 1969 жылы «Жас ұлан» дербес балалар ұйымын құруды қолға алады. Бұл қадам 1985 жылы Шығыс-Қазақстан облысы Үржар ауданының Қаракөл ауылында қабылданған болатын.
«Ұлан» республикалық газет беттеріне шықанда (18.03.1990) «Атамекен» бағдарламасының негізгі бағыттары (автор М.Қ. Құрсабаев) Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің жартысынан көбін қамти отырып, алғашқы «Атамекен» ұйымының құрылуына күш берді. Сол сәттен бастап «Атамекен» балалар ұйымы үшін бұл кезең бір жағынан балалар ұйымының жаңа ұрпағының қалыптасуын қамтамасыз ете отырып танымал болса, екінші жағынан, өскелең ұрпақтың бойында патриотизм, ұлттық өзін-өзі тану, тәуелсіздік және ұлттық мақтаныш сезімдерін танып білуді қалыптастыруға ықпал етті.
«Атамекен» І Республикалық Құрылтай (1991 жылғы 7 желтоқсан) нарықтық экономика жағдайында балалардың қоғамдық бірлестіктерінің үлкен әлеуетін және тәрбиелік мәнін көрсетті. 1992 жылғы мамырдан кейін барлық балалар бірлестіктерін біріктіруге, «Атамекен», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ» балалар ұйымдарының бағдарламаларын қабылдауға қатысты көптеген сұрақтар қарастырылған пионерлердің кезектен тыс Слеті шақырылады. Мұндай дәстүрлер басқа да балалар ұйымдарында: “Жас лидерлер қауымдастығы” (Н.И.Бахмутова), “Жұлдыз” РСДО (Е.А.Дмитриенко), “Қазақстан скауттарын ұйымдастыру” (В.Деймунд), “Мың бала” (З. Нұрқаділов, К.Ахметов), “Болашақ” (С.Т.Иманбаева), «Жас ұрпақ», «СМиД», Ұлттық дебат орталығы (Б.З Отарбаева) және тағы басқалар қабылданған болатын. Педагогикалық зерттеулерде «Атамекен» бағдарламасының негізгі бағыттары К.Б. Болеев, С.К.Қалиев, К.Ж Қожахметова., Ж.Ж. Наурызбай, Р.К. Дюсембинова докторлық диссертацияларында, С.К.Мухамбетов, А.Ашайұлы., А.Садуқасұлының кандидаттық диссертацияларында және тағы басқалардың еңбектерінде қарастырылған болатын. Оқу құралдарының авторлары Ж. Қоянбаев («Педагогика»), З. Абилова («Этнопедагогика»), С.К. Қалиев, А. Кенжан, М.К. Бұлақбаева, А.Т. Имашева, И.Б. Юсупова ( «Этнопедагогика»).С.Ш. Абенбаев («Методика воспитательной работы в школе») өз еңбектерінде «Атамекен» бағдарламасы мен балалар ұйымдарының қызметін ерекше атап өтті.
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы "Атамекен", "Жұлдыз" және РС СДОК сияқты Қазақстан балалар ұйымдарының лидерлері мен басшыларын, сондай-ақ балалардың әлеуметтік бастамаларын біріктіру орталығына айналды. "Балдәуренде" өткен балалар ұйымдарының алғашқы Слеті (27.08.2006) Қазақстандағы балалар қозғалыстары тарихында өзгерісті кезең болды. Көптеген ардагерлер мен ғалымдар (Б. Жаңабаев, Е.А. Дмитриенко, М.К. Құрсабаев, А. Штроо, К.Е. Үсембаева, Д.В.Лепешев, Т.Н. Ескендирова, В.Шкарупин, Г.А. Баймухамбетова, А.Т.Дюсембаева), сондай-ақ мемлекеттік қайраткерлер Б.С. Әйтімова, Г.А.Алтынбекова, М. Айсина және басқалар белсенді қатысты [5; 6].
2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» ХДП XIII Съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жас Ұлан» біртұтас қозғалысын және «Жас қыран» балалар ұйымының жаңа жүйесін құру арқылы еліміздің жастарын біріктіру қажеттілігін атап өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеген жылдары жастар ұйымдары лидерлерінің бастамашылық тобы 2011 жылғы 6 шілдеде «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жастар ұйымы» Республикалық Қоғамдық бірлестігін құрды. Ұйымның мақсаты – өскелең ұрпақтың Қазақстан халқына, мәдениетіне деген сүйіспеншілігі мен адалдығы, толеранттылық дәстүрлері мен бітімгершілік, ұлттық құндылықтар, білімге, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс негізінде өз Отанының патриоттары етіп тәрбиелеу. «Жас Ұлан» аға буын 8 мүшелері 5-10-сынып оқушылары, «Жас қыран» кіші буын мүшелері 1-4- сынып оқушылары болып табылады. 2011 жылғы 1 қыркүйекте Астана қаласының №66 мектебінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жастар ұйымының алғашқы мүшелерін салтанатты түрде қабылдады.
2011 жылғы қазанда еліміздің барлық өңірлерінде балалар қозғалыстарының өзекті мәселелерін талқылау үшін жолға шығып, мәжілістер ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай 20 жұлдызды күндер шеңберінде 3 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірлерінде «Жас ұлан» қатарына бір мезетте 20 000 оқушы ілесті.
2012 жылғы 26-29 қаңтарда «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жастар ұйымының өңірлік үйлестірушілеріне арналған кеңейтілген семинар өткізілді [7]. «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарында 1 млн.артық оқушы есептелді (2015жг.) «Ұлы Дала скауттары» «Қазақстандық скаутизмнің» пайда болуы туралы толық ақпарат табылмады [8]. Қазақстандағы алғашқы скауттар жасағын 1989 жылғы қарашада Виктор Деймунд және Олег Можейко құрған болатын. Кейіннен В. Деймундтың жетекшілігімен Қазақстан Скауттық қозғалыстар (ҚСҚҰ) ұйымы құрылып, ол өзі ҚСҚҰ-ның бірінші президенті болып сайланған. Скаутинг жас буын арасында танымал болып, тез дами бастаған қозғалыс болды.
1990 жылы Мәскеуде скаутингпен айналасып жүрген тұлғалардың Бүкіл дүниежүзілік съезі өтеді. Съезд АвоРС – ресейлік скаутинг қайта даму қауымдастығын тағайындайды. Павлодар қаласында Скауттық жасақтар Орал өңірінің құрамына кіреді. 1991 жылы Павлодар қаласында скауттықтар жасағының жұмысы туралы республикалық баспасөзде алғаш рет жарияланады. Павлодарлық скаут – лидерлері барлық ниет білдірушілерге әдістемелік әдебиеттер сериясын шығарып, Қазақстанның әр қалалары мен аймақтарына таратады, скауттық жасақтар ұйымдастырылады.
1992 жылы 28 желтоқсанда ҚСҚҰ ҚР Әділет министрлігінің тіркеуінен өтеді. 1993 жылы бастаушы скаутлидерлерге арналған алғашқы оқу курстары ұйымдастырылды, жазда «Жасыбай жебесі» I Республикалық скаут лагері жұмыс жасады. 1994 жылы Қазақстан өкілдері Қырымда Дүниежүзілік скаут комитеті өткізген ТМД елдеріне арналған Ақпараттық мәжіліс жұмысына қатысады. ҚСҚҰ президенті В. Деймун мен Дүниежүзілік скаут ұйымының Бас хатшысы доктор Жако Морейльон арасында кездесу өтіп, Қазақстандағы скаутингтің дамуы туралы сөз болады. 9 1995 жылы Германия BdP скаут ұйымымен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылады. Нидерландыдағы 18-ші Дүниежүзілік Джамбори жұмысына қатысады.
1996 жылы Павлодар және Алматы облыстарында скаут лагерлері ұйымдастырылады. Республикалық конференция өткізіліп, онда қызметтің әртүрлі мәселелері бойынша Жарғы мен Ереженің жаңа рекдакциясы қабылданады. 1997-1999 жылдары дәстүрлі скауттық лагерь ұйымдастырылады. Біздің скауттар делегациясы Германия, Англия және Ресей халықаралық лагерлеріне қатысады. BdP скаутлидерлері Павлодарда Қазақстан-Германия семинарын өткізеді. «Скаутингке енгізу» республикалық семинары ұйымдастырылды.
2000 жылы Қостанайда Республикалық лагерь ұйымдастырылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басшыларымен кездесу өтті, онда скауттық қозғалыстар мен бірлескен қызметті қолдау мәселелері талқыланды. Павлодар қаласында Республикалық семинар, Алматы, Астана, Қарағанды қалаларында өңірлік семинарлар өтті. 2 облыстық филиал және 4 өкілдік құрылды.
2001 жылы скауттар делегациясы Қазақстанның I Жастар Конгресіне қатысты. Қазақстанның түрлі облыстарында бірқатар лагерлер ұйымдастырылды. Күзде республикалық нұсқаушы лагерь ұйымдастырылды. «Шаңырақ» жастар лагері өткізілді.
2002 жылы – Бурабайда I Республикалық Ұлттық Джамбори өткізу осы жылдың басты оқиғасы болды. Ақпанда ҚСҚҰ скауттар делегациясы Омбы облысының Седельников ауылында Халықаралық Сібір скаут семинарына қатысты. Скауттар делегациясы Қазақстан Жастарының II Конгресіне қатысады.
2003-2004 жылдары ВНСО, BdP басшылығымен ҚСҚҰ Омбыда (Ресей) ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында кездесу болды. «Скаутингке енгізу» жол жүру семинарлары мен тренингілері өткізілді. ҚСҚҰ филиалдары Скауттық шатырлы лагерлерді ұйымдастырды. «Жасыбай жебесі» лагері дәстүрлі лагерге айналды. ҚСҚҰ басшылары BdP скауттық тренингілік орталығында 2 апталық германдық-қазақстандық «Достық» курсына қатысты. ҚСҚҰ үнемі дамып отырады, оның құрылымдары Қазақстан өңірлерінде 10 облыстық филиал жұмыс жасайды. 4 облыста өкілділік құрылған. ҚСҚҰ Германиядан BdP скауттар ұйымымен табысты ынтымақтасады, BdP тарапынан семинарлар өткізуге көмек көрсетіледі, скауттық делегациялармен алмасады, осының барлығы оң дәстүрге айналды. ҚСҚҰ көптеген акциялардың бастамашылары және ұйымдастырушылары («XXI ғасырға дені сау бала», «Жастар есірткіге қарсы», «Қамқорлық»). Қазақстанның әр көркем бұрышында өткізілетін лагерлер дәстүрге айналған.
2008 жылы ұйым Дүниежүзілік Скауттар Қозғалысы ұйымына ресми қабылданған.
2017 жылғы наурызда ҚСҚҰ Кеңесінде «Қазақстан Скауттары» Қазақстан Скауттар Қозағалысы ұйымын "Ұлы Дала скауттары" (ҰДС) атауына өзгерту туралы шешім қабылданды. 2016 жылы Ұлы Дала скауттары Жастар Бағдарламасын әзірлеуді аяқтады [9].
2017 жылғы 28-29 сәуірде «Жас буынның формальды емес білімі» I Евразиялық скауттық білім форумы өтті. Екі күндік іс-шара Ұлт көшбасшысы кітапханасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, Дүниежүзілік скауттар қозғалысы ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды. Форум алаңы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Ұлт көшбасшысының Кітапханасы болды. Кітапхана үлкен білім беру орталығы және Қазақстан балалар қозғалыстары мен жастар саясатының дамуына ықпал етеді. Форумға 200-ден астам адам қатысты. Оған Қазақстан мемлекеттік органдарының өкілдері және әлемнің 18 елінен: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Молдова, Украина, Қырғызстан, Швеция, Швейцария, Франция, Португалия, Польша, Оңтүстік Корея, Малайзия, Жапония Дүниежүзілік скауттар қозғалысы ұйымының мүшелері қатысты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова республикамыз халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін ескере отырып, Қазақстанда Скауттар ұйымын дамытуды қолдау қажеттілігін атап өтті. Форум шеңберінде әлемде ұлттық құндылықтар негізінде жас буынның азаматтылығын қалыптастыру, жастар көшбасшылығы мен волонтерлікті дамыту, XXI ғасырда өмірлік және қоғамдық табысқа жету үшін қажетті негізгі құзыреттілікке ие болу үшін практикада қолданылатын заманауи инновациялық әдістер талқыланды. Форум шеңберінде Жапония, Малайзия, Оңтүстік Корея және Польша өкілдері өз елдеріндегі формальды (мектептер мен институттар) және формальды емес (қоғамдық ұйымдар) білім беру құрылымдарының өзара ісәрекеттері тәжірибесімен бөлісті.
Басты мақсат – жастардың ішкі өзектерін қалыптастыру. Тәрбие Ұлы дала құндылықтарына негізделуі тиіс. Бағдарламада 3 білім деңгейі анықталған. Скауттық ынта баспалдағы қолданылатын болады. Бағдарлама нәтижесі өз бетінше әрекет ететін, мақсатқа сай, өмірлік қиындықтар мен дағдарыстық жағдайларға қарсы тұра алатын жастарды қалыптастыруға көмектеседі [10; 11].
2016 жылғы 22 ақпанда «Балдәурен» РБО мектеп оқушыларының тиімді патриоттық тәрбиесі үшін жағдай жасау жөнінде мақсатқа сай ұйымдастырушылық іс-әрекет жүргізуге арналған, әр оқушының бойында Отанға деген адалдықты, қоғамға және Қазақстанға пайда келтіруге дайын болуды дамытуға оңтайлы жағдайды қамтамасыз ететін «Жас патриоттар - қазақстандықтар академиясы» жаңа балалар-жастар ұйымы құрылған болатын [12 ]. «Жұлдыз» балалар қоғамдық бірлестігі одағы Барлығы 1991 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтының педагогика кафедрасында (қазіргі Л. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті) педагогика ғылымдарының кандидаты Елена Александровна Дмитриенко «Жұлдыз» бағдарламасын әзірлеген уақыттан басталды. Енді пионерлер қозғалысының орнына жаңа «жұлдызды» толқын келді.
Бағдарлама Қазақстанның 7-ші балалар және пионерлер ұйымдарының слетінде қабылданды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мақұлдады және енгізуге ұсынды. Бағдарлама Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен басқа да республика өңірлерінде кеңінен таралды. 2001 жылы «Жұлдыз» балалар қоғамдық бірлестіктерінің облыстық одағы құрылды, оның құрамына Ақмола облысында бір атаудағы бағдарламамен жұмыс жасайтын барлық балалар қоғамдық құрылымдары енді.
2004 жылдың тамызында Қазақстанның ондаған өңірлерінде өз өкілеттіктері бар «Жұлдыз» Республикалық Одағы тіркелді. Бүгінде Одақ 500 мыңнан астам оқушыларды, 2 мыңнан астам әртүрлі балалар мен жастар қоғамдық құрылымдарын біріктірген [13].
Балалар мен жастар қозғалысының ғасырға жуық тарихы бар. Қоғамдық тәжірибеге ұмтылу, оның қайта пайда болуына қатысу, өз құқықтарын және әртүрлі балалар тобының мүдделерін қорғауы арқылы жастар қазақстандық қоғамдық өмірдің факторына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |