ДӘрістердің комплексі fis 1209



бет17/17
Дата25.02.2016
өлшемі1.72 Mb.
#19934
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Мотивация. Мотивация тіршіліктік және әлеуметтік болып бөлінеді. Ол түрлі сезімдерге организмнің ішкі жетекші қажеттілікті қанағаттандыру үшін талаптануы. Ми құрылымында іріктелген қозудың негізінде қалыптасқан мотивация олардың мақсатты іздену мінезін тудырады.

Тіршіліктік меселдер (ашығу, шөлдеу, үрей, ләззат, агрессия, жыныстық, ата-аналық, жылулық т. б.) организмнің жетекші мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталады. И.П. Павлов мотивацияның бұл тобын организмнің негізгі әуестігі деп атады. Бұлардың барлығы да тумыстан және түқым қуалау негізінде қалыптасады.

Дегенмен, көптеген мотивация П.А. Анохиннің системогенез ілімі бойынша іріктеліп, дәйекті түрде әрбір жас кезендерінде жетіп оты­рады.

Тіршіліктік меселдер көбінесе, организмдегі зат алмасудың қалыпты көрсеткіштері (нәрлі заттардың мөлшері, осмостық қысым, гормондар т.б.) өзгерістеріне байланысты, ішкі ортаның тікелей себептерінен туады. Осы гомеостаздық көрсеткіштердің өзгеруі салдарынан организмнің ішкі мұқтаждығы пайда болады. Сөйтіп тіндегі және гуморалдық өзгерістер тіршіліктік меселдің мәдилік (материя) түрткісі болады.

Тіршіліктік месел арнайы сыртқы түрткілердің әсерінен де туады. Кейде оны күрделі шартсыз рефлекс пен инстинктің қатарына жатқызады. Алайда меселдің рефлекспен салыстырғанда сапалы өзгешеліктері болады.

Адамның әлеуметтік дәрттері: білім алу, мамандық игеру, көркем-өнер, әдебиет танымы, тіршіліктік мотивациядан ерекше, қоғамдық тәрбие арқылы қалыптасады.

Биологиялық және әлеуметтік түрғыда жетекші мұқтаждық әр уақытта үстемдік етеді де, ал қалғандары иерархиялық тәуелдікпен соған жапсарласады. Сондықтан мотивациялық қозудың А.А. Ухтомский ашқан доминанта құбылысымен көп ұқсастығы бар. Организмнің үстемді мұқтажы туралы жүйке және гуморалдық сигналы мидың белгілі аймағына - гипоталамусқа, көк ноқатқа, ортаңғы мидың торлы құрылымына келетіндігі анықталды. Ми қыртысы астында мотивация орталығының қозуы триггерлік (жүргізгіш) тетік арқылы пайда болады. Ол аумалы деңгейге дейін жинақталған нейрондардың белгілі серпіністерінен туады да, қашан мұқтаждық қанағатталғанша сақталады.

Мотивациялық қозу - мидың ерекше бірлестірілген жағдайы. Өйткені ол мидың ісәрекетін қосатын ортаңғы және аралық ми құрылымдарынан жоғары өрлейтін ықпалдың туындысы.

Мотивациялық қозудың физиологиялық ерекшеліктерін П.К. Ано­хин зерттеді. Адамның жоғары дәрежелі меселі, оның түсінігі бойынша, орталық жүйке жүйесінде бұрынғы жеке тәжірибе ескеріліп, ішкі және сыртқы әсерлер негізінде туатын қозудың сезгіштік тетіктерінен қалыптасады.
Иллюстрациялы материал Д-ҚДС-14

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:



  1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.

  2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.

  3. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.

Қосымша:

  1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006. - 52 б.

Орыс тіліндегі әдебиеттер:

Негізгі:
1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.

2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.

3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002, 957 стр.

4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология

человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.


Қосымша:


  1. Скок В.И., М.Ф.Шуба. Нервно-мышечная физиология. Киев, изд. "Вища школа". 1986., 223с.

  2. Ноздрачев А.Д., Баженов Ю.И. и др. Начала физиологии. Учебник для ст. ВУЗов. 2001.

  3. Покровский и др. Физиология человека. Учебник. В 2-х томах. 1997.

  4. Практические занятия по курсу "Физиология человека и животных".(Айзман Р.И., Дюкарев И.А. и др.) Новосибирск. Сибирское университетское издательство. 2002. 98 с.

  5. Самостоятельная работа студентов по "Физиология человека и животных" с применением ЭВМ. (Айзман Р.И., Чжан-Юшков Н.К.) Методические рекомендации. Новосибирск, 1988.

  6. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  7. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  8. 3. Айзман Р.И., А.Д.Герасев, М.В.Иашвили. Физиология возбудимых тканей. Новосибирск, изд. НГПУ, 1999., 125 с.

  9. Александров Ю.И. и др. Основы психофизиологии. Москва, Инфра-М, 1998., 431с.

  10. Анатомия, физиология и гигиена в таблицах и схемах. Методическое пособие. 1991.

  11. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  12. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.


Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Гиппократ бойынша ЖЖІӘ-ң типтері.

  2. ЖЖІӘ типінің анықтау үшін ОЖЖ-ң үш қасиетін атаңыз.

  3. Уақытша байланыс дегеніміз не?


«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
Кредит № 2.

8 Дәріс.



Tақырыбы: Нақты қызмет пен еңбек физиологиясы.

Мақсаты: Анохиннің функциональды жүйе теориясының позициясымен тәртіптік акт механизмдерін оқу.Анохиннің функциональдық жүйесінің адамның психикалық функцияларынан көрінісін мысал ретінде түсіндіру,ағзаның функциональдық жүйе жұмысын түсіндіру.

Дәріс тезисі:

Тірі организм сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне үнемі бейімделуі арқылы дамиды және жоғары сатыға көтеріледі. Ал бұл мінездің басты себепкерлігі (детерминанты) организмнің өз белсенділігінен туады. Мінез белсенділігін мұқтаждық ұйымдастырады. Мұқтаждық дегеніміз әрбір кезде пайда болатын және мақсатты мінез арқылы жойылатын организмнің маңызды қажеттілігі.

Адамдарда байқалатын мұқтаждықты тіршіліктік, әлеуметтік және мұратты мақсатарға сәйкес үш топқа бөледі. Тіршіліктік мақсаттар тағамдық, жыныстық, қорғаныс іс-әрекеттермен қанағаттандырылады. Әлеуметтік мақсаттарға адамның еңбектену, білім алу, спорт, мәдениеттік қоғамда өз орнын табу іс-әрекеттері жатады. Мұратты мақсаттар таным және шығармашылық мұқтаждықтарынан тұрады. Оның негізін бағдарлау - зерттеу құрайды.

Адамның мәдени және тарихи дамуы, аталған мақсаттарға жету үшін, бірнеше өндірістік қажеттілікті тудырады. Олар еңбек арқылы жүзеге асырылады.

Еңбек физиологиясы

Еңбек адам организмін қалыптастыруда жетекші қызмет атқарады.

Ф. Энгельстің айтуынша, еңбектің арқасында қол және сөйлеу мүшелерінің әрекеті мүлдем жетілді. Онымен қатар ми, талдағыштар жүйесі дамыды және психика қалыптасты. Сондықтан адамның түйсігі жөне үғынуы кеңейді, еңбек қимылдары еріксіз атқарылатын болды.

Еңбек - адамның өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жасайтын мақсатты іс-әрекеті. Ол қоғаммен тығыз байланысты әлеуметік санат. Өйткені еңбек адам тіршілігінің және тұрмыс қалпының қажетті шарты болып саналады.

Еңбектену іс-әрекеттің организмге ететін әсерін еңбек физиологиясы зерттейді. Ол адам организмінің еңбектену кезіндегі әрекеттік өзгерістерін тексереді. Сөйтіп, адамның денсаулығын және жоғары жұмыскерлігін сақтау үшін, еңбекті ұйымдастырудың режимі мен жүктемелердің организмге қолайлы түрлері мен әдістерін ғылыми түрғыдан қарастырады.

Адамның қимыл-әрекеті өте күрделі. Ол іс жүзінде организмнің қозғалыс жүйесі - бұлшықеттердің қызметі арқылы атқарылады. Сондықтан бұлшықеттердің ісәрекетін және оның реттелу тетіктерін зерт­теу еңбек физиологиясының маңызды саласы болып саналады.

Бұлшықеттердің жұмысы едәуір энергия шығынын талап етеді және вегетативтік жүйелер (қанайналымы, тынысалу, зат алмасуы, сыртқа шығару т. с. с.) әрекетінде өзгерістер тудырады. Сонымен қатар адамның еңбегі мақсатты ісәрекеттен тұрады, ол тәлім-тәрбие, үйрену және дағдылану істері арқылы қалыптасады.

Қазіргі өндіріс жағдайларында адамның еңбек ісәрекеті мен физиологиялық көрсеткіштерін жүйелі түрде зерттеу өте маңызды орын алып отыр. Мұны жүзеге асыратын ғылым саласын эргоно­мика деп атайды. Эргономика еңбектену үрдісінің жұмыс құралдары мен жағдайларының тиімді жолдарын іздейді. Ал еңбек физиологиясы оның маңызды бір бөлімі болып есептеледі.

Еңбектенудің қолайлы жағдайларын таңдап алу және жақсарту, өндірістің қосымша түрткілерінің (шу, вибрация, қысым, ылғалдық, химиялық заттар) зиянды әсерлерінен сақтандыру мен кәсіби ауруларды болдырмау істерін еңбек гигиенасы жүзеге асырады. Бұл мақсаттарды орындау үшін ол еңбек физиологиясының зерттеу әдістері мен нәтижелерін пайдаланады. Адамдардың еңбектену кезіндегі қарым-қатынасын еңбек психологиясы ғылыми тексереді.

Еңбекті жағдайға байланысты дене және ой еңбегі деп екі топқа бөледі. Қазіргі кезде еңбектің бірнеше түрі кездеседі: көбінесе бұлшық-ет белсенділігін тілейтін еңбек механизацияланған, автоматизацияланған және қашықтан меңгеретін еңбектер, парасатты еңбек.

Дене еңбегі

Еңбектің барлық түрі адамның қозғалыс ісәрекеті арқылы атқарылады. Сондықтан адам организмі қоршаған ортаға бейімделеді және оны жете меңгереді.

Дене еңбектерінде ең әуелі бұлшықет жүйесі белсендіріледі, оны вегетативтік жабдықтау (зат алмасу, қанайналымы, тынысалу) қамтамасыз етіледі. Негізінен жұмыс әрекетіне тікелей үш әрекеттік жүйе: қозғалыс, талдағыш және ақыл-ой қатысады. Өйткені сыртқы мәліметтер сезім жүйесі арқылы қабылданады да, мида өңделеді, сөйтіп жауапты қимыл әсерленісі ұйымдастырылады.

Жұмыстың барлық түрі қозғалыс аппаратымен атқарылады. Физиологияда қозғалыс аппараты деп кеңістікте тұлға орнын ауыстыруды және сыртқы нәрселерге белсенді қимыл жасауды қамтамасыз ететін мушелер мен тіндер жиынтығын айтады. Қозғалыс аппаратына Бұлшықеттер, оларды жиырылтатын мотонейрондар және қаңқа кірсді. Сондықтан өндірістік еңбекті жоғары деңгейде өткізу үшін, оның маңызды физиологиялық қасиеттерін, оның күші мен жылдамдылығын ескеру қажет. Еттердің жиырылуына орташа жүктеме мөлшері тиімді келеді.

Бұлшықеттің ұзақ уақыт жиырылу күшін жүзеге асыратын және сақтайтын қабілетін оның шыдамдылығы деп атайды. Оны статикалық жұмысты орындағанда, жүкті мығым жағдайда ұстап тұратын немесе тұрақты қысым күшін сақтайтын мерзімі арқылы анықтайды. Ол үшін уақытты күш көрсеткішіне көбейтеді. Егер жұмсалған күш максималды күштің 20%-не тең болса, тұрақты қалыпты жұмыс ұзақ уақытқа созылады.

Динамикалық (жылжымалы) жұмыстарда шыдамдылық ең ақырғы уақыт және шегіне жеткен қажетті қуатпен бағаланады.

Жылжымалы шыдамдылық орындалған қимылдың ең жоғары мелшерімен сипатталады. Жылжымалы жұмысты орындау кезіндегі шыдамдылық велоэргометрдің комегімен өлшенеді.

Еңбек физиологиясыңда жұмысқа қабілеттілік өте маңызды орын алады. Жұмыскерлік деп адамның нақтылы жұмысты белгіленген мерчимде жеткілікті нәтижемен орындай алатын пәрменді мүмкіндіктерін айтады. Өндіріс жағдайында жұмыскерлік әртүрлі түрткілердің ықпалынан смена (ауысым) кезінде жиі өзгереді. Сондықтан жұмыскерлікті бірнеше кезеңге бөледі.

Бірінші кезең - іске қосылу. Бұл кезеңде шартты тітіркендірудін әсерінен ОЖЖ-нің белсенділігі артады, зат алмасу деңгейі көбейеді, қан айналысы күшейеді. Сөйтіп жұмыскерлік көтеріледі. Бұл әртүрлі психо-физиологиялық әрекеттердің біртіндеп қосылуынан организмнің, көптеген жүйелердің осы реттеуші әрекетінен пайда болады.

Екінші кезең - тиянақты жұмыскерлікті көрсетеді. Бұл кезеңде ОЖЖ қолайлы қызмет атқарады. Ал еңбек нәтижесі өте жоғары бо­лады.

Үшінші - қажу кезеңі - мұнда жұмыскерлік төмендейді. Төртінші кезеңде жұмыскерлік қайта көтеріледі. Оның негізін жұмыс аяқталуы мен кезекті демалысқа байланысты шартты рефлекстер жасайды. Жұмыскерлікке жұмыс істейтін ортаның жағдайлары әсер етеді.

Жұмыскерлікті көтеру және қозғалыс дағдыларын қалыптастыру үшін үнемі машықтанудың (тренировка) мәні өте зор. Өйткені жаттығулар адам организмі қызметін тереңірек қайта құрады. Машықтану кезінде организм жұмыскерлігінің дамуы және оның жоғары сатыға кетерілуі әртүрлі болады.



Ой еңбегі

Ғылыми-техникалық дамудың салдарынан ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың саны көбеюде. Сонымен қатар көптеген дене еңбегі бар кәсіптерде де ой әрекетінің үлесі артуда. Ой еңбегінің қатарына ақпаратты қабылдайтыл және өндейтін сезім жүйесі, ықылас, зерде, ойлауды және эмоциялық күйді айырықша ынталандыратын жұмыстар жатады.

Қазіргі көптеген кәсіптер жылдам қарқынды, әртүрлі және мол ақпараттарға қысқа мерзімде тиесі шешімді тез қабылдауды талап етеді. Осының бәрі шамадан тыс зорлану тудырады, сөйтіп жүрек-тамыр және жүйке ауруларына жиі шалдықтырады.

Бүгінгі өндірістерде ой еңбегінің мынадай топтары жіктеледі операторлық, басқару (мекеме басшылары, мұғалімдер, оқытушылар), шығармашылық (ғылыми қызметкерлер, сәулетшілер, жазушылар, артистер, суретшілер т. б.), медицина қызметкерлерінің және оқушылар мен студенттердің еңбегі.

Ой жұмысымен айналысатын адамдарда жүрек-тамыр ауытқуларын тудыратын көптеген қатерлі түрткілердің ішінде өте елеулісі көтеріңкі эмоциялық зорланушылық, гипокинезия, темекі шегу, салмақтың артуы, тектік (генетикалық) бейімділік болып саналады.

Ой еңбегінің ерекшелігі сол, мұнда ми реттеушілік қызметпен бірге жұмыскер мүше болып есептеледі. Сондықтан оның ықпалы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне тиеді. Ой жұмысының нейрофизиологиялық тетіктері И.М. Сеченов, И.П. Павлов, А.А. Ухтомский, П.К. Анохин және Н.П. Бехтереваның еңбектерінде айқын көрсетілді. Бұл еңбектер бойынша, ой еңбегінің негізін жоғары дәрежелі жүйке қызметі мен психикалық әсерленістер құрайды. Олар тиісті әрекеттік жүйелерді белсендіреді. Оған мидың арнамалы (талдағыштық) және бейарнамалы құрылымдары қатысады.

Ой жұмысы кезінде мидың көптеген аймақтарында жергілікті белсенділік үрдістері пайда болады. Олар үлкен мидың оң және сол сыңарларын қамтиды. Ал енді кез келген ой жұмысында ми белсенділігінің жалпы өзгерістері бірге жүретін болса, жергілікті белсенділік қыртыс пен қыртысасты аймақтарында көптеген басқа (пер­цепция - түйсік, қимыл, сөйлеу, мнестиялық - есте сақтау) әрекеттерде жиі кездеседі.

Н.П. Бехтереваның еңбектері әрбір психикалық әсерленіс жүзеге асырылған кезде ми құрылымының терең орналасқан бірнеше аймақтары қатысатындығын дәлелдеді. Олардың кейбіреуі ("мызғымас" бөлімдері) осы әрекетке жауапты болады. Ал басқасы ("икемді" бөлімдері) сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне байланысты іске қосылады.

Психикалық әрекеттер жүзеге асу үшін мидың маңдай бөлігі өте күрделі қызмет атқарады. Оның көлемді байланыс жүйелері барлық ақпараттардың бірлесуіне жағдай туғызады. Олар ми қыртысының жобаланыс аймақтары арқылы сыртқы әлемнен организмнің маңызды мұқтаждықтары ішкі ағзалардан, эмоциялық әсерленісі туралы мидың терең құрылымдары мен лимбия жүйесінен мәліметтер әкеледі.

Адамның эмоциялық күйі тек тітіркендіруден ғана емес, әрбір кәсіби әрекеттерде кездесетін әлеуметтік және психологиялық себептерден өзгеріп отырады. Еңбекте зорланушылық психикалық жүктеменің физиологиялық құнын сипаттайды.

Мақсатты эмоция арқылы шешу, оның парасатты шешілуінен бұрын жүреді. Өйткені эмоция дұрыс нәтижеге жетудің әлі де кепілі болмаса да, нысаналы ой әрекетін ұйымдастырушы.

Сонымен, жұмыс кезінде жүйке мен сезімнің зорлануы, ОЖЖ-сі әрекетін, жүрек-тамыр және эндокриндік жүйелердің қызметін өзгертумен қатар, адамгершілік ерекшеліктеріне де әсер етеді. Сөйтіп олар организмнің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді жеңіл орындауға мүмкіндік жасайды.

Вегетативтік жүйенің өзгерістері жалпы жұмыскерлікті өсіреді. Артерия қысымы біршама көтеріледі, алайда қалыпты нормасының шегінен көп аспайды. Ой еңбегінде миды қанмен жабдықтау оның тамырларында қан ағынының көлемдік жылдамдығы ұлғаюы арқылы атқарылады. Ол қалыпты жағдайда минуттық көлемнің 15%-ін (700-800 мл) құрады. Қалыпты жағдайда ми жалпы оттегінің 20%-ін тұтынады, бұл қан ағынының жоғары көлемдік жылдамдығы арқылы қамтамасыз етіледі. Алайда, ой еңбегі кезінде миды қанмен жабдықтаудың ұлғаюы басқа тіндермен салыстырғанда (миокардтан -1,5, теріден 4-6, бұлшықеттен 5-7 есе) кем болады. Күрделі және ұзақ ой еңбектерінде көлемдік қан ағыны мидың маңдай бөлігінде ең жоғары деңгейіне жетеді. Мұнда белсенді ой еңбегі кезінде қан ағыны қалыпты жағдайдан 30-50% көбейеді (Е.Б.Бабский). Өкпенің желдетілуі көбейіп, оттегін пайдалану ұлғаяды, назар күшейеді және парасатты ісәрекет жақсарады. Көптеген мүшелердің және жүйелердің белсенділігі артып, организм жеткілікті машықтанады.

Ал енді қойылған міндет күрделі болып, оны орындауға қосалқы мүмкіндігі жетпесе, оның зорлануы күшейеді. Бұл кезде адамның психикасы өзгеріп, физиологиялық ауытқулар көбейеді, сөйтіп жағымсыз эмоциялық әсерленістер (ашулану, ызалану, қаһарлану) туады. Организмнің энергиялық қоры толық жұмылдырылады. Мәселен, отырып дауыстап оқу кезінде энергия шығыны 48% -ке, ал түргеліп тұрып дәріс оқығанда 94%-ке өседі. Ой еңбегінің ерекшелігі сол ол зор көлемді ақпаратты өндеу кезінде қимыл белсенділігінің шектелуімен (гиподинамия) бірге жүреді. Сондай-ақ, қимылсыз жүйке сезініс кернеуі (90-120 минуттан кейін) жүйке, бұлшықет және жүрек - тамыр жүйесінің әрекеттік белсенділігін төмендейді. Мұндай жағдайда, қан-тамырларының тонусы әлсіреп, қан қысымы төмендейді, қан ағынының жылдамдығы баяулайды, жүрекке оралатын қан көлемі азаяды, Сөйтіп дененің төменгі бөліктерінде қан іркіліп қалады. Әсерленіс өте қатты өзгереді, "вегетативтік толқын" байқалады. Жүйке мен сезім зорлануын тудыратын ой еңбегі симпатоадреналдық және гипаталамус - гипофиз - адренокортикалық жүйелердің әрекетін күшейтеді. Сондықтан организм қиын жағдайлардан оңай құтылады. Мұндай жағдайлар тиімсіз ұйымдастырылған жұмыстардан пайда болады. Бұған қызметкердің алдына қойылатын белгісіз талаптар, түсініксіз мақсат пен міндеттер жарамсыз әсер етеді.

Ой еңбегі кезінде қажымау үшін оны ұйымдастырылган дене қимылымен, жаттығулармен алмастырып отыру қажет. Әрбір сағат сайын үзілістер кезінде, ой еңбегінің түріне және күрделілігіне сәйкес жаттығулар (гимнастика) жасаған жөн.

Дене мен ой еңбектерін өзара оңтайлы үйлестіру адамның денсаулығын жақсартады, тұлғалық және психикалық бітісін қалыптасырады, тірліктік әрекетін, иммундық қасиетін жоғарғы деңгейге көтереді, төтенше, орасан ақуалдарға икемделу қабілетін арттырады. Сөйтіп организмнің биоэнергетикалық пәрменін, физиологиялық реттеліс тетіктерін, тіршіліктік және әлеуметтік бейімделісін қамтамасыз етеді.

Соңғы жылдары адам ой еңбегі физиологиясы едәуір табыстарға жетті. Олар организмнің зорлану күйін анықтауға мүмкіндік берді.

Ми қыртысының көптеген аймақтарынан бір мерзімде биотоктар (ЭЭГ) тіркеу және мидың қанайналысын (реография) тексеру жиі қолданылып жүр. Сонымен бірге, математикалық әдістерді қолдану адамның ой әрекеті және оның нәтижелігін қамтамасыз ететін тетігі туралы біздің ұғымымызды кеңейтті.

Еңбек физиологиясында адамның әрекеттік күйін және ой жұмыскерлігін бағалау үшін негізгі психикалық әрекеттерді (ықылас, зерде, түйсік, жауап беру шапшаңдылығы) тексеру әдістері кеңінен тарады. Ол үшін әртүрлі корректуралық сынамалар, рефлексометрия жиі пайдаланылады.

Ой жұмысы әсерінен психикалық әрекет кезендік өзгерістерді туғызады. Алғашқыда, жұмыс басталғанда ықылас, зейін, есте сақтау, "тест" - тапсырмаларды орындау жылдамдығы, кәсіби жұмыскерлік жақсарады. Кейін зор ой жүктемесі, психикалық іс-әрекеті нашарлайды, жұмыскерліктің мөлшерлік және сапалық көрсеткіштері төмендейді, көру талдағышының ширақтығы әлсірейді. Одан басқа ықылас әрекеті (көлемі, шоғырланысы, аударақосу), зерде, түйсік нашарлайды, қарапайым және күрделі сезімқимыл әсерленістерінің жауап беру мерзімі ұзарады.

Ой еңбегінде зорланушылықты толық сипаттайтын оның тек нейродинамикалық бөлшектері емес, онымен бірге әрбір психика әрекеті орыңдалуын энергия жағынан қамтамасыз ететін вегетативтік құрамы да маңызды болады.

Алайда вегетативтік әсерленістің көрінісі ой еңбегінің қарқынына, сыртқы ортаның стресс түрткілеріне, организмнің әртүрлі әрекеттерінің жайына байланысты болады. Мұның көбісі, әсіресе жүректамыр жүйесінің ауытқулары, адамның іскерлігі мен кісілік келбетінен туады.

Сондықтан ақыл-ой еңбегі физиологиясын зерттеу кезінде, П.К. Анохиннің енгізген әрекеттік жүйе қағидасын пайдаланған жөн. Ол организм мен оны қоршаған ортаның арақатынасын жүйелік тұрғыдан, яғни гомеостаздық және мінездік нәтижелердің өзара тығыз байланысы ретінде қарауға мүмкіндік тудырады.
Иллюстрациялы материал Д-ҚДС-15

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:



  1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.

  2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.

  3. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.

Қосымша:

  1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006. - 52 б.

Орыс тіліндегі әдебиеттер:

Негізгі:
1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.

2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.

3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002, 957 стр.

4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология

человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.


Қосымша:


  1. Скок В.И., М.Ф.Шуба. Нервно-мышечная физиология. Киев, изд. "Вища школа". 1986., 223с.

  2. Ноздрачев А.Д., Баженов Ю.И. и др. Начала физиологии. Учебник для ст. ВУЗов. 2001.

  3. Покровский и др. Физиология человека. Учебник. В 2-х томах. 1997.

  4. Практические занятия по курсу "Физиология человека и животных".(Айзман Р.И., Дюкарев И.А. и др.) Новосибирск. Сибирское университетское издательство. 2002. 98 с.

  5. Самостоятельная работа студентов по "Физиология человека и животных" с применением ЭВМ. (Айзман Р.И., Чжан-Юшков Н.К.) Методические рекомендации. Новосибирск, 1988.

  6. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  7. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  8. 3. Айзман Р.И., А.Д.Герасев, М.В.Иашвили. Физиология возбудимых тканей. Новосибирск, изд. НГПУ, 1999., 125 с.

  9. Александров Ю.И. и др. Основы психофизиологии. Москва, Инфра-М, 1998., 431с.

  10. Анатомия, физиология и гигиена в таблицах и схемах. Методическое пособие. 1991.

  11. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  12. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.


Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Функциональды жүйенің бірінші стадиясын атаңыз.

  2. Іс әрекет акцепторының нәтижесі дегеніміз не?

  3. Кері афферентациясының мәні неде?

  4. бастама белгіде функциональдық жүйе қандай роль атқарады?

  5. Ауырлығына байланысты еңбек қалай классификацияланады?

  6. Қоршаған ортаның шартты өзгерісінің бейімделуіне мысал келтіріңіз?

  7. Жылы жаққа құстардың ұшуын қандай адаптация түріне жатқыза аламыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет