Дәрістің жоспары



бет2/4
Дата12.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#129081
1   2   3   4

N = O/t



Мұнда:

n - бір жылдағы айналым саны;

о - қабылдаған уақыт өлшемі (бір жыл);

t - белгілі ресурстардың айналым уақыты.


Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық, түгелімен ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып амортизациялық қорға айналуын - аммортизация деп атайды.

Аммортизация қоры өндіріс процесінде табиғи және моральдық тозған негізгі капиталдың элементтерін орнына келтіру үшін қажет.

Негізгі капиталдың табиғи тозуы деп оның тұтыну құнының жойылуын айтады.

Негізгі қорларды пайдаланудың кең тараған көрсет­кіші қор қайтарымы (ФО) болып табылады.


ФО = П/Фосн
Мұнда:

ФО - қор қайтарымы;

П - жасалған өнім;

Фосн - негізгі өндірістік қорлардың құны.


Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (МЕ) анықталады:
МЕ - Фоб
Мұнда:

Фоб/П - айналмалы қорлар;

П - жасалған өнім құны;

МЕ - материал сыйымдылығы.


Негізгі және айналмалы капиталдардан басқа, өндіріс салаларында қызмет ететін, фирмалар үшін сатып өткізу процесін жүзеге асыратын айналыс қорлары қажет.

Айналмалы қорлар мен айналыс қорларына жұмсал­ған ақша қаражаттары айналым қаражаттарын құрайды.

Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі, айна­лымдылық коэффициенті арқылы анықталады, ол бір жылда сатып өткізілген өнім құнының айналым қаражат­тарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.

2. Айналым - уақыт пен жылдамдық арқылы өлшенеді.

Капиталдың айналым уақыты деп шектеулі ресурс­тар­дың өндіріс пен айналыс сфераларынан өтіп, өзінің бастапқы нысанасына қайтып оралу кезеңін айтады.

Өндірістік қордың құрылымы оның айналыс жыл­дам­дығына үлкен әсер етеді. Оны анықтау айналыс санын (N) белгілі бір периодтағы жасалынған (О) әдетте жыл, не бір айналыстың ұзақтығына байланысты.


N =; O =;
Ағындының айналыс уақыты (βоб) өндіріс уақыты (βn) және айналыс уақыты, себебі өндірістік қор өзінің қозға­лы­сын­да өндіріс және айналыс сатысынан өтеді.
об) = (βn) + (βо)
Өндіріс уақыты барлық периодты қамтиды. Құрал­дар мен өндіріс сферасындағы еңбек заттары, кәсіп орнының қоймаға түскеннен бастап дайын өнімді сатуға дейін болуында.

Айналыс уақытын қоса есептегенде:

а) дайын өнімнің қоймада болған кезі;

б) оларды тұтынушыға транспортировкалау уақыты.


Кәсіпорын қорларының құрылымы


Инвестиция (лат. Investire < нем. Investiton) күрделі қаржының әрқилы түрлері. Әртүрлі өлшемдер бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура және портальдік болып, негізгі материалдарға және тауар-материалдық қор­ға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға тұрғын үй құрылыстарына бөлінеді.

Инвестор (ағыл. Investоr - күрделі қаржы салушы) жеке серіктестіктер мен мемлекеттер шығаратын обли­гац­ия акцияларына және басқа да бағалы қағаздарға қаржы жұмсайтын жеке адам немесе фирма.

Инвестициялық саясат - күрделі қаржының негізгі бағыттарын айқындайтын шаруашылық шешімдердің жиын­тығы күрделі қаржыны шешуші учаскелерге шоғыр­ландыру шаралары, қоғамдық өндірісті дамытудың жаңа қарқынына қол жеткізу, экономиканың теңдестірілуі мен тиімділігі, шығынның әрбір теңдесіне шаққанда өнім мен ұлттық табыстың мейлінше мол өнімін алу осы шараларға байланысты.

Инвестициялық саясаттың қазіргі кезеңдегі сипатты ерекшелігі - салмақтың денін жаңа құрылыстан кәсіпорын­дарды жаңа техникамен қайта жарақтандыруға және қайта құруға көшіру, осы мақсаттарға жұмсалатын қаржының жалпы көлеміндегі үлесін көбейту, өзара машиналар мен жабдыққа жұмсалатын шығынның үлес салмағын арттыру. Шағын және орта бизнес субъектілерін тікелей және көл­беу, интеграциялау.

Инвестиция саясатында күрделі қаржы салу құры­лы­мы­на ерекше назар аударылады. Бұл орайда, өңдеуші өнер­кәсіптің инвестициялық тұтымдылығын арттыру және қосым­ша құны жоғары тауарларды өндіруді демеу үшін. Үкімет өзінің әрбір инвестициялық жобаға қатысуына байланысты дәлме-дәл шешімдерге келуі керек. Тұтастай алғанда, инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы және келісім-шарттардың сақталуына кепілдік жасау қамтама­сыз етілетін болады. Дамудың қаржы институттарын құру қысқа мерзімдік міндеттер қатарына жатады, нақты сектор­дың дамуы үшін зор маңызы бар.



  1. Қазақстанның инвестициялық қоры. Бұл қор қосымша құны жоғары тауарлар шығаратын компания­лардың капиталын жасақтауға үлестік тұрғыдан қатысады.

  2. Инновациялық қор. Бұл қор «суырылып алға шығаратын» технологияларды жасау мен енгізуді, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды талдап-жасауды қаржыландырады.

  3. Экспортты қамсыздандыру корпорациясы. Ол сырт­қы рыноктарға өнім шығаратын Қазақстан кәсіпорын­дарына қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

  4. Отандық кәсіпорындарды тікелей несиелеуді дамыта түсу үшін даму банкінің уставтық қорын өсіру де көзделіп отыр.

Индустриялық стратегияны жүзеге асырудың маңыз­ды факторы ретінде мемлекет пен жеке сектордың тың тұрпатты жаңа қарым қатынастарын қалыптастыруды атауға болады.

Қолға алынған іс-шаралардың бәрі де нақтылы ғылы­ми-технологиялық саясатпен тиянақталуға тиіс екендігі талассыз. Ғылым мен білім тұрақты экономикалық даму факторлары ретінде қарастырылуда, сондықтан да ғылым мен білімнің бүгінгі заманға сәйкес келетін жүйесін жасау Үкіметтің іс-қимылындағы басым бағыттар қатарына қосылады. Қазақстанның ғылыми-техникалық секторы үлкен әулиетке ие, ол әулиет елдің әлеуметтік-экономика­лық даму мақсаттарына барынша жұмсалады да, әлемдік тәжірибеде сыннан өткен инновациялық даму тәсілдері біздің елімізде де қолданысқа енетін болады. Бұл тәсіл­дер­дің алғашқысы технология мен құрал-жабдықтардың халықаралық рыногын тартуға келіп тіреледі. Оның негізгі тетіктері - трансфер және технологияны бейімдеу орталық­тары, лизинг бойынша құрал-жабдық алу, франчайзингті қолдану, бірлескен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Екінші тәсіл төл ғылыми техникалық әулиетті арт­ты­руға негізделеді. Бұл бизнес-инкубаторларды, техно­парк­терді, ғылыми-техникалық өнімдерді түпкілікті өнім деңгейіне жеткізетіндей етіп өңдейтін орталықтарды қоса қамтитын мамандандырылған венчурлық инфрақұрылымды талап етеді.

Осы тәсілдерді бір-бірімен салалас-сабақтас ете, мем­ле­кеттік бюджет пен инновациялық қордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сондай-ақ нормативті құжаттық негізді жетілдіре келіп: “Біз Қазақстан өнеркәсібіндегі оңды өзге­ріс­терге тың серпін беретін боламыз” деді Даниал Ахметов.

Инвестицияны ел экономикасына әкелуде, оны пай­да­лануда дүниежүзілік және ұлттық банктердің ролі өте жоғары. Ол үшін Ислам даму банкі жұмысынан Алматыда өткен Ислам даму банкі Басқарушылар Кеңесің 28-ші жыл сайынғы жиналысына Басқарушылар Кеңесінің төрағасы Ә.Жақсыбеков 2002 жылға жасалған жұмыстарына талдау жасады.

Өткен жыл ішінде ИДБ жобаларды, сауда опера­ция­ла­рын, сонымен қатар жобаларға техникалық ықпал жасау­лар­ды қоса есептегенде, қызметтің алуан түрін жүзеге асы­руға 2,34 миллиард ислам динары көлемінде (3,08 мил­л­и­ар­д АҚШ доллары) қаржыны бекіткен. Үстіміздегі жылы банк «Сукук» халықаралық құнды қағаздарын 300 миллион АҚШ доллары көлемінде шығарды. Бұл банктің тарихын­да қаржыны жұмылдыруға бағытталған құнды қағаздар рыногына жасаған бірінші қадамы болып табылады. Өткен жылдың соңында (қайтарылған операциялардан басқалары) ИДБ бекіткен қаржы 23,14 миллиард исламдық динары (30,40 миллиард АҚШ доллары) құраған. Осы операция­лар­дың 63 пайызы сауданы ал, 35 пайызы жобаларды қаржы­ландыру мақсатына пайдаланылған. Қалған қаржы арнаулы көмек және техникалық ықпал бағдарламалары бюджетіне аударылыпты. Қазақстан банкке 1995 жылы мүше болып кіргеннен бастап еліміз бен банк арасындағы ынтымақтастықтың қуаттылығын сезіне түсуде.

Ислам даму банкінің Қазақстанның жеке банктері­мен ынтымақтастығы да - біз үшін нәрді бастау болды.

Қазақстанның ислам даму банкінің маманданды­рыл­ған бағдарламалары мен институттарына қатысуының да келешегі кемел.

Тәуелсіздік жылдары ішінде біздің еліміз батыл да байсалды экономикалық реформаларды жүзеге асырды.

«Акционерлік қоғамдар туралы», «Қаржы рыногын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру туралы» заңдарды айтып тұр­мын.

Бүгін біз Ресейден кейінгі екінші орынға шықтық Алдағы уақытта ішкі жалпы өнімнің орташа жылдық өсі­мін 7-7,5 пайыз шегінде көтеріп, оның жан басына шаққандағы деңгейін 2006- жылы 2600 АҚШ доллары сомасына дейін жеткізуді қамтамасыз ету қарастырылады. Инфляция деңгейі 4,5-5,5 пайыздан аспауы керек.

ХВҚ мен шетелдік жетекші зерттеу орталықтарының өкілдері дәйекті макроэкономикалық саясат пен тиімді құрылымдық реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде, Қазақстан қазіргі кезде экономикалық дамудың қарқыны бойынша Орталық Азия елдері мен басқа да кеңестен кейінгі мемлекеттерден әлдеқайда озық екенін атап өтуде. Мәселен, әлемге танымал «Муддис» және «Смэндард энд Пуурс» Рейтинг агенттіктерінің бағалауы бойынша, біздің республика ТМД елдерінің арасында ең биік кредит рейтингіне ие болып отыр. «Муддис» агенттігінің директо­ры Л.Джексон-Мурдың пікіріне қарағанда, Қазақстан ішкі-саяси тұрақтылық, заңнамалық базаның сәйкестілігі, шет­ел­дік инвестицияларды тартуға қажетті жағдайлар туғызу және мемлекеттік қаржы жүйесінің институттық негіздері секілді көрсеткіштер бойынша Ресейден, Украинадан, Беларусь­тен, Өзбекстаннан және ТМД-ның басқа елдерінен әлдеқайда алда келеді.

Ел экономикасы жоғары қарқынмен өсіп келеді. 2001 жылы ІЖӨ өсімі 13,2 пайыз болып, рекордтық деңгейге жетті, 2002 жылы ол 9,5 пайызды құрады. Төрт жылдағы ІЖӨ-нің нақты өсімі 40 пайыз болды. Оның үстіне қазіргі кезде ел экономикасында жекеменшік сектор үлкен роль атқарып отыр, онда ел ІЖӨ-нің 70 пайыздан астамы өндіріледі, бұл ретте экономиканың барлық саласы дерлік тұрақты өсімге жетуде.

Біз 2015 жылға дейін Елімізді индустриялық-инно­ва­ция­лық дамыту стратегиясын қабылдадық, онда өнеркәсіп­тік әлеуетті осы заманғы технологиялар негізінде 3,5 есе ұлғайту тұрғысындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принципері анықталған.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің әлемдік бағалар конъюктурасына тәуелділігін азайту үшін құрылған ұлттық қор жұмыс істеуде. Қазіргі кезде оның көлемі 2,2 миллиард долларға тең. Осыдан біршама аз сома - 2 миллиард доллар жинақтаушы зейнетақы жүйесінде шоғырландырылған. Бұ­ған қоса біз жарғылық капиталы көп кешікпей 300 миллион доллар болаты Қазақстанның мемлекеттік Даму банкін құрдық, деп жалғастырды Қазақстан Президенті. Ол өңдеу өнеркәсібі мен өндірістік инфрақұрылымдағы орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды кредиттеуге арналған.

Кейінгі уақытта республика арығында бірнеше сер­пінді дамушы банктер өздерін бірден көрсете білді, оның ішінде «Валют-Транзит Банктің» қызметі жылдан жылға көрсеткіштерін тіптен еселей отырып, өзіне көңіл аудар­туда.

Егер жеті жыл бұрын банк активтері 2 млн. теңгені құраса, қазіргі уақытта 20 млрд.теңгеден асады, «Валют-Транзит Банктің» жеке капиталы 4 млрд. теңгеге жетті. Банк Қазақстандағы ірі банктердің бірінші ондығына кіре­ді, оның тарамданған филиалдары, есеп айырысу кассалық бөлімшелері, қолма қол валюта айырбастау желілері.

- Бизнестің әр кезеңі дейді Валют Транзит Банк ААК Директорлар Кеңесінің төрайымы Ә.Әлкеева Беляеева мейлі қалыптасу кезеңі болсын, бәсекелестің өсу жағдайында көп күш жұмсауды талап етеді. «Валют-Транзит саудалы маркалы кәсіпорынның көпсалалы қызметіне қатысты айтар болсақ, бұл сауатты есеп пен тапқырлық және тың шешімдер нәтижесі. Мұнда ең бастысы - әркімге өз білімі мен дарынын көрсете білуге көмектесетін қолайлы жағдай қалыптасқан. Тек оны дұрыс, орынды пайдалана білу қа­жет. Біз қолма-қол валюта айырбастау бекетінен бастаған болатынбыз. Айырбастаудың тиімді бағамы мен қызмет көрсету жағдайына байланысты біздің қызметіміз үлкен сұраныста болды.

- Әрине, кездейсоқсыз болмайды, бірақ басқа жағы­нан алып қарағанда әрбір кездейсоқтық қолайлы мүмкін­шіліктерді тудырады, бұл заңдылық деп есептеймін. Негізінде, біздің бизнесте барлығы ой елегінен өткізіліп жоспарланады.

Біріншіден, Қарағанды Қазақстаның географиялық орталығы. Екіншіден, бұл - мүмкіншілігі зор индустриялы дамыған өнеркәсіптік аймақ. Үшіншіден, мұнда өте жоға­ры парасатты мүмкіншілік бар. Төртіншіден, космополит­тік аудан бар. Бесіншіден, нарықтағы бос қуыстың болуы. Алтыншыдан, дәл осы жылдары таяу уақытта елорданы - Астана қаласына көшіру жоспарланды.

Көптеген біздің жаңа идеяларымыз, жаңа қызмет түрлрі болсын, не акцияда болсын әріптестер тарапынан қолданылып, банк бизнесінің жүйесіне табысты енгізілуде.

Егер «Валют-Транзит Банк» енгізген соңғы ноу-хоу туралы айтатын болсақ, несиеге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін банк «Ізгі шешім» атты пайызсыз несие беру бағдарламасын әзірледі. Иә, иә, пайызсыз несиелер. Бағдарлама теңдессіз, өте тиімді және де патенттелген.

Осы жылдың қыркүйек айында Қарағанды қаласына жалпы пайдалы аумағы 20000 шаршы метрді қамтитын «Валют-Транзит» сауда-қаржылық гипермаркеті ашылмақ, ол толығымен әлемдік қызмет көрсету стандартына сәйкес болады. Бұл шара Қарағанды қаласының 70 жылдығына арналады. Және бұл банк жоспарланған жаңа жобалардың алғашқысы ғана.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет