Дәрістің жоспары



бет1/4
Дата12.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#129081
  1   2   3   4
1 ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ»,

«САЯСИ ЭКОНОМИЯ» ЖӘНЕ «ЭКОНОМИКСТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ»



Дәрістің жоспары:


экономикалық теория курсының логикасы мен құрылымы;

нетізгі экономикалық түсініктер;

балама шығындар, көлбеу өндірістік мүмкіншіліктер;

экономикалық теорияның әдісі.


Тақырыптың мақсаты:

Тақырып материалымен танысқаннан кейін, сіз мынаны дұрыс түсіндіре аласыз:




Экономика. Экономиканың негізгі элементтері.

Экономика ғылымының негізгі зерттеу аясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүру салымы. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономикалық теория – оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилония, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.

Байлықты алу және тұтынуды қанағаттандыру туралы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисс­ти­каға бөлді.Экономиканың негізгі мақсаты – тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті және үй шаруашылығы, өнер, сауда арқы­лы баю. Алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ- байлық және ақшаны иемденуде. Егер экономика табиғи себептер­мен қам­тамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен келіс­пейді.

«Хрематисстика» термині – сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Осыған орай экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт өзіндік кітабын «Экономия» деп атады. Бұл еңбегінде сол заманғы құл иеленуші үй шаруашылығын басқару жөнінде нұсқаулар жазылған. Жаңа дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты сол грек сөзі «Айканомия»- шаруашылық және басқару сөзінен алынып, француз эконамисі Антуан Маккретьен (1575-1622жж) «Саяси экономия» деген еңбегі арқылы бекіді. Сонымен XVII ғасырдан қазіргі кезге дейін «саяси экономия» деген ғылым қалыптасты.

А. Макретьен хандармен, жеке бейлеушілерге кеңес берді, мемлекеттік мүлікті қалай басқару керектігі туралы. «Саяси экономия» трактат кітабының аты соған байланысты болуы мүмкін. Осы кезден бастап әртүрлі экономика ғылымның пәні туралы әртүрлі ойлар мен анықтаулар айтыла бастады, дамыған бағыты автордың өзінің көзқарасына байланысты анықтала бастады.

Экономикалық ғылым, басқа қоғамдық ғылым сияқты әртүрлі

Және күрделі қоғамдық шындықтың бір қырын қамтамасыз зерттейді.Оны негізге қарай белгілі көзқарас арқылы адамдар және индивидиум арасындағы көзқарасты қарастырады.Альфред Маршалл басты негіз түсіндіру молшылықтың материалдық жағдайын жасау және пайдалануға негізделген1.

Қазіргі жағдайда экономикалық ғылым маңызды әлеуметтік институт, экономикалы процестерді түсіндіру, прогноздау және айқындаған заңдар, заңдылықтар негізінде. Материалдық игілікті жасау және пайдаланудың тенденциясын анықтау.

Экономикалық ғылым- білім суммасы, қоғамда үстемдік ететін шаруашылық идеологияның негізгі құрамы және экономикалық ойлауды қалыптастырушы.Экономикалық ғылымның негізгі бөлігі ретінде кіретіндер экономикалық теория, шаруашылық логикасының тәжірибесі ретінде және экономикадағы табиғи процестерді реттеу, шаруашылық қызметіндегі тәжірибені реттеу, қоғаммен индивидумның тұтынуын қанағаттандыру.

Экономикалық ғылым пәні және әдісін зерттеу бойынша, экономикалық теориямен ұқсас.

Дүниежүзілік экономистердің көбі экономикалық теорияны жан-жақты ғылым дейді. Ресурстарды талдау проблемасы мен адамдардың экономикалық теория оқу пәні ретінде (экономика және саяси экономика) экономика ғылымынан айырмашылығы шаруашылық және адамдар тәртібін әрекеттерді нақты тұрақты дәлелдермен анықтайды, қашаннан белгілі түсініктер мен категорияларды бастапқы білім негізінде түсіндіреді.

Экономикалық ғылым әр уақытта нақты шындықты зерттеумен байланысты, заңдар мен заңдылықты ашу, даму тенденциясын проленгировалау, қоғамның мақсатына жету тәсілдерімен әдістерін прогноздайды. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық ғылым әруақытта динамикалық, экономикалық теория оқу пәні ретінде әрқашанда статистикалық әрбір дәуір уақытында.

Экономикалық теория, саяси экономия, экономика пәндерін нақтылы анықтасақ, мынадай жағдайда анықтауға болады:

Біріншіден – экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және олардың өндірістегі тәртібін тауарды айырбастау және іскерлік кезіндегі шектелген ресурстарды пайдалану тәсілі, материалдық және материалдық емес игілікті өндіруде оларға бөлу және тұтынуы қоғам мүшелері.

Экономикалық теория оқу пәні ретінде негізгі төрт бөлімді біріктіреді.


1 сурет


Экономикалық теория пәнінің анықтамасынан шығатын, ол әртүрлі шаруашылық деңгейлеріндегі экономикалық категориялар мен заңдарды зерттейді.

Микроэкономикада талдаудың негізі ретінде ең кіші шаруашылық бірлігі – үй шаруашылығы жекелеген фирма, бірлестік т.б. қарастырылады.

Макроэкономика елдің экономикасы біртұтас зерттелінеді. Макроэкономиканың нысандары болып қоғамның табысы мен байлығы, эономикалық өсудің қарқыны мен факторлары т.б. категориялар қаралады. Макроталдау инфляция мен жұмыссыздыққа реттеу, іскерлік белсенділікті ынталандыру, халық шаруашылық проблемаларын шешуге бағытталған.

Мезоэкономика – ұлттық экономиканың белгілі бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылығы салаларының АӨҚ, ӘӨК, аймақтық экономика т.б. жұмыстары мен заңдарын зерттейді.

Екінші саяси экономияның зерттейтін объектісі шектеулі ресурстар жағдайында материалдық игілікті өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну кезіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынас.

Саяси экономия өзінің пәні ретінде экономикалық заңдарды зерттеуге байланысты экономикалық процестің объективтік негізін және құбылысын анықтайды (2 сурет).


2 сурет

Экономикалық теорияның пәні мен политэкономияның пәні ұқсас. Дегенмен экономикалық теория адамдар арасындағы субъективтік жағын қарастырады – адамдардың мінез-құлқын, аптар мен таптардың және материалдық, материалдық емес игіліктер жайындағы қатынастарды, ал саяси экономика жағдайында қатынастарды, ал саяси экономия материалдық игілікті талдаумен шектеледі.

Үшінші – экономика деп түсінеміз шаруашылықты басқару, шаруаны жүргізу ережесін сақтау, сонымен қатар саяси проблемалардың да қарастырады. Мысалы, мемлекеттік жұмыссыздарға төлемақы төлей ме, жұмыс істемейтін әйелдерге көмектесе ме, конверсиялауға дауыс бере ме және басқалар.

Экономика кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарға да жауап береді, неге биржалар көп, ақшаны сатып алуға банкіге салу тиімді ме т.с.с.

Кемшілік пен ресурстардың шектелуі болуы оларды пайдалану альтернативтік жағдайда іске асады. Осы жағдайды Самуэльсон 2 тауар мысалында қарастыруа болады – зеңбірктер мен май.

1-вариант. Қоғамның барлық ресурсы мая өндірісін өндіруге бағытталған, 5 млн. кг бұл максимум өндірістің ресурстық-технологиялық жағдайына байланысты өндіруге болады.

2-вариант. 15 мың зеңбірек шығаруға бағытталған. Бірінші, екінші варианттарды қолдануға болмайды.

3-вариант. Қоғам зеңбірек шығару үшін май өндіру көлемін азайтады.

Альтернативтік мүмкіндік мағынасы төменде көрсетілген.


3 сурет


Мүмкіндік

Зеңбірек, мың тг.

Май, млн. тн

А

15

0

В

14

1

С

12

2

Д

9

3

Е

5

4

F

0

5

Өндірістік мүмкіншіліктің көбеуі (нүктелер А, В, С, Д, Е, F) әлде трансформация, бұл анықтайды экономика толық жұмыстылық кезінде альтернативтік болады.

Қажетті талдауға өндірістің техника экономикалық жағдайына қарай (зеңбірек не май) ресурстарды бөлу арқылы өндіруге болады. Ресурстардың толық жұмыс бастылық кезінде барлық нүктелер мүмкіндік комбинациясына байланысты көлбеу трансформациясында болады. кез келген нүкте көлбеуге парето тиімділік жағдайын анықтайды.

Өндірістік мүмкіншілік толық қамтамасыз етілмесе не өндірістік комбинациясы жұмыссыздық болса, 4 нүктесінде деп болжасақ май мен зеңбірек көлбеуде жатпайды. Бұл ситуация ескертеді, қолда бар қосымша ресурстарды пайдалансақ, онда қару-жарақ және май өнімдерін шығаруды молайтады.

Өндірістік мүмкіншілік көлбеуі 5 нүкте маңында болса, онда қоғам бір мезгілде зеңбірек және май өндірісін ұлғайта алмайды.

Трансформация көлбеуі дәлелдеуі мүмкін және өндірістік айырмашылығын білу елдердің экономикалық, одан артық экономика трансформациялық көлбеудің жоғарғы деңгейге көтерілуі техникалық жаңалықтарын ашу, қазба байлықтарының жаңа қорын ашу және т.б. Қоғам әр кезеңде қорлануды таңдайды (финанситық және нақты секторларды инвестициялау) мен тұтыну (жеке). Қорлануды көбейту (жаңа заводтар мен фабрикалар үшін күрделі қаржыны көбейту) қоғам бірнеше жылдан кейін көлбеу трансформациясының сатысына көтерілуі.


Май


Экономикалық заңды қалай түсіндіруге болады.

Бұл – экономикалық ұғым ретінде сонара қалыптасқан құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстары. Экономика­лық зерттеулер кезінде ғалымдарға жекелеген, оқшауланған фактілермен жұмыс істеуге тура келеді. Сол себепті фактілер­ді топтастырып, қаржылау қажет, бұған индуктивті әдіс жал­пы пікірлер пайымдаудан жеке қорытындыларды логикалық пайымдау әдісімен жүргізіледі.

Экономикалық заңдар объективтік түрде әсер етуді адамдардың сана-сезіміне байланысты емес экономикалық процестердің ішкі мазмұнын, мәнін анықтау үшін обьективтік заңдарды ашу керек. Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің қасиеттері (мән және форма) арасындағы қажетті,тұрақты, ұдайы тәуелділіктерді көрсетуі және обьективті болуына байланысты себеп-салдарды, байланыстарды, айқындайды.

Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс әрекеті мен қатынастарын білдіреді.

Сонымен, экономикалық заңдар- бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы. Олар адамдардың қоғамдық іс-әрекеттерінің тәуелді байланыстарын, жүйесі ұғым-атау формасындағы заңдарын қарастырады.

Экономикалық заңдар әлеуметтік, қоғамдық қатынастар заңдары жатады осылайша олар табиғат заңдарынан ажыратылады. Оның екінші бір айырмашылығы тарихи шектеулі сипатта болуы, ал табиғи заңдар мәңгілік қатынас ретінде зерттеу әдісіне ғана тәуелді. Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше және жанама болып екіге бөлінеді.

Ерекше экономикалық заңдар жекелей алынған дәуірлерге, формацияларға тән. Мысалы, құлдық және феодализм дәуіріндегі материалды игіліктерді бөлу заңы.

Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларда әрекет етеді, мысалы, еңбек өнімділігін арттыру заңы, уақытты үнемдеу заңы және басқа да тарихи-әлеуметтік қажеттіліктер.

Абстрактылық ойлау кезінде мәннің сырты қабықтан босату кезі іске асады. Абстрактылық ойлау кезінде логикалық түсінік қалыптасады, азды не көпті зерттейтін нақты шындықты талдап қорытындылады. Өмірдің бұл фактісінде таусылмайтын ғылыми зерттеулер жатыр.

Логикалық түсінік қоғамның экономикалық өмір жағдайын талдап бейнелеу экономикалық категория К. Маркс жазды «... Категория білдіреді ... өмір сүру жағдайының күн-көріс фирмаларын тек жиі кейбір жақтарын белгілі қоғамда».1

Қоғамның экономикалық даму заңын анықтауда – экономикалық ғылымның негізгі міндеті. Ф. Энгельс тура бағынады экономикалық теория «Заңдар туралы ғылым, өндірісті басқару және адамдар қоғамындағы материалдық өмір игілігін айырбастау».2


Суретте экономикалық теорияның басқа экономикалық ғылыммен байланысы, әрқайсысының өзіне тән пәні, қойған мақсаты бар. Құрылыс экономика курсын алсақ, осы өндіріс саласына байланысты заңдылықтар мен негізгі ерекше заңдарды зерделейді, не оның ерекшелік көрінісін, құрылыс саласындағы экономикалық категориялардың қызметінің ерекшелігін анықтайды. Негізгі көңіл қоятын жағдай құрылыстың тиімділігін арттыру экономикалық тұтқалар мен категорияларды, оның кейбір бөліктерін: құрылыс, жоспарлау мен сметаны жасау, құрылыс өндірісіндегі несие-қаржы механизмі, материалдық-техникалық маркетинг, менеджмент – бір сөзбен айтқанда құрылыстағы күрделі қаржыны жұмсаудың тиімділігін арттыру ерте жасалған негізгі өндірістік қорларды қайта құру және жаңғырту.

Экономикалық теория басқа экономикалық ғылымдармен өзара байланысы арқылы шектелмейді, қоғамдық табиғи комплексіне әсер етеді, сонымен бірге техникалық ғылымдарға да, адамдардың шаруашылық қызметінде оларды пайдалану тиімді нәтижесінде анықтайды. Бұл экономикалық социологияға қатысты, мәдени экономия, химия ғылымының экономикасы, металлургия салаларының экономикасы т.с.с. экономикалық ғылымның ішкі саласы қолданбалы ғылымдардың барлық салаларымен байланысты, бұл ғылымдардың техника мен технологиясының интегралдық байланысының дамуына әсер етеді, бұл жағдай өте қажетті, келешек инженер кадрларды дайындауға, техникалық шешімді тиімді пайдалануға.

Келесі функциясы прагматикалық практикалық-болжамалы. Экономикалық әдебиеттерде екі түсінікті бір-бірінен бір жағдайда талдау жасау керек. практиканы алдынала жасалған прогноздан бөліп қарастыру қоғам өлшемінің жағдайын жағымсыз жағдайға әкелу мүмкін.

Толық жағдайда негізделмеген және ғылыми жағдайда прогноз жасалмаған және оның көп варианттылығын шешу экономикалық практикада валюнтаризм жағдай жасайды және бұл вариантта қоғамның шығынына әкеледі.

Экономикалық теория бсқа ғылымдар сияқты танымның әр түрлі формаларын қолданады, олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды. Ол әдістер жалпы ғылыми және жеке болып бөлінеді.

Жалпы ғылыми әдістер – бұл көне грек философтары негізін салған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан диалектика материалистік принциптер бір-біріне тәуелді қайшылықты түрде дамыту және ұдайы қозғалыста болады.

Бұл процестерді зерттеу барысында тарихи және логикалық тәсілдер қолданады.

Тарихи әдіс құбылыстардың пайда болып, дамып және бірінің орнын бірі басқанын тізбекті талдауға жағдай жасайды.

Логикалық (теориялық) тәсіл оны тарихи құбылыстардың тарихи дәлме-дәл даму жолы емес. Ол зерттелініп отырған құбылыстың мәнін ұғыну мен асбтракцилауды, яғни олардың болмысы мен қасиеттерінен жорамал түрде таза зерттеуді көздейді, осының негізінде бұл құбылыс жайында ғылыми түсінік пайда болады, яғни логикалықтүсінік немесе тауар, баға ақша, акция, бәсеке т.б.сияқты экономикалық категориялар қалыптасады. Зерттеудің осындай әдісін ғылыми абстракция деп атайды.

Ғылыми-техникалық жекелеген әдістеріне: байқау, синтездеу мен анализдің көмегімен алынған материалды өңдеу, индукция мен дедукция, заңдар мен категориялар жүйесін құру, оларды тексеру, тәжрибе-сынақтар жүргізу, модельдер құрастыру, олардың математикалық формализациясы және т.б. жатады.

Математикалық модельдер индивидумды көрсетеді. Альферд Маршаллдың көрсетуінше «Экономикалық ғылыми индивидуалдық және қоғамдық қызметтің сол бөлігін негізінен материалдық игіліктің жасалу және пайдалануы зерттейді»



Рейман Барр жазды: «Экономикалық ғылым – бұл ғылым сирек ресурстарды басқару, адамдардың тәртіптік формаларын және оны пайдалану сансыз көп шектелмеген тұтыну қамтамасыз етуде»3

Экономикалық ғылым – бұл білімнің суммасы, қоғамда үстемдік құратын шаруашылық идеологиясының құрамдас базасы және экономикалық ойларды қалыптастырушы.

Қазіргі кезде экономикалық ғылым маңызды әлеуметтік институт экономикалық құбылыстармен процестерді түсіндіріп жән прогноздаушы, экономикалық игілікті пайдалану және жасау тенденциясының заңдылығын қарастырады.

Эколномикалық ғылым құрамдас бөлігі ретінде эконо­ми­калық теорияны қосады. Шаруашылық практикасының тәжірибесін талдау арқылы және экономикадағы табиғи процесті реттеу шаруашылық қызметінің сферасы ретінде қоғам мен индивидиумның тұтынуын қанағаттандыру жағдайында.

Түсінікті нәрсені көзқарас тұрғысынан экономикалық ғылымның және экономикалық пәні және зерттеу әдістемесіндегі түсінік ұқсас.

Дүниежүзілік экономистердің көбі экономикалық теорияны әмбебап теориясы деп шектейді, ресурстарды талдау және адамдардың экономикалық проблемаларын анықтау. Оқу сабағы ретінде экономикалық теория (экономика және политэкономия) қосалқы қорды қайта тапсыруға байланысты өндірілетін және өндірілмейтін болып бөлінеді. Сонымен қосалқы қорды толтырудың көлемі мен деңгейінің шектеуі олардың өзара қарым-қатынасымен сипатталады, игілік сирек категория ретінде қарастырылады.

Қолда бар игілік сол кездегі тұтынуды қанағаттандыруға жетпеуі мүмкін толық көлемінде, ол әр кезде орын алады. Егер елестетсек, аз ғана игілікпен тұтынуды толық қамтамасыз етсек, нақты анық болады, экономикалық субъектілердің бір мезгілде болатын тұтыну сол қаржымен толық қанағаттандырса да, молықтырылған тұтыну, негізінен жетіспеушілік болып қалуы. Мынадай салыстырмалы тұтынудың шектеулі игілігі, жетіспеушілік игілік категориясын құрайды.

Көп жақты тұтынудың шектеулі қаржыда оларды қанағат ету шындығында барлығын толық қанағаттандыру мүмкін болмайды, шындығында толық мөлшерде емес. демек, әрбір экономикалық қимыл нақты жағдайды анықтайды. Қанағаттандыру үшін белгілі бір мезгілде таңдау керек:

- мүмкіншіліктің бір, не бірнеше болу жағдайына байланысты. Осыдан шығатын қорытынды экономикалық проблемасы шешу кезінде, экономикалық тиімді альтернативтік вариантын таңдау керек. мұндай жағдай сол уақытпен мүмкн болады, егер нақты экономикалық субъектілердің бар болуы альтернативтік варианттардың арасындағы мүмкіншілікті таңдау үшін тұтыну тоқталмайды, сондықтан өндірістің айырбастық, бөлу, тұтынудың әруақытта қайталанып, олардың бірлігі мен өзара байланысы ұдайы өндіріс құрайды. Осыған байланысты экономика іргелі даму жағдайында экономикалық айналыс сипат алады. Әрбір экономикалық әрекет тұтынуды оның тануы тиіс.

- Тұтынудың относильдік және уақытша қанағаттандыру осы дәуір шеңберінде болмай қалмайтын өз кезеңінде қайта бастау, ұлғаю, күрделену, тереңдеу жағдайлары әруақытта тұрақты жағдайға айналады. Басқа жағынан біздің қаржы тұтынуды толық қамтамасыз етуге (ресурстар мен технология) практикалық шектелген. Шектеу әртүрлі жағдайда болуы мүмкін.

Ең алдымен игіліктің сан жағынан арақатынасы әртүрлі болуы, табиғи жағдайға байланысты, аз не көп кездесу. Осыдан кейін адамдар жасайтын материалдық игіліктер шектеулі болады. қайта өңдеу мүмкіншілігіне соло жағдайдағы материалдық игіліктің қосалқы қордың шектеулі болуына және оны сол кездегі қайта өңдеу мүмкіндігіне байланысты.

Түйін
1. Экономика – материалдық және материалдық емес игіліктерді өндірумен байланысты ілім.

2. Экономикалық теорияның пәні – ол адамдар қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру үстінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар.

3. Макроэкономика табыстың өсуін, бағаның өзгермейтіндігін және жұмыссыздықтың деңгейін зерттейді. Макроэкономистер болып жатқан оқиғаны түсіндіруге ғана тырысып қоймайды, сонымен бірге экономиканың жұмыс істеуінің жақсаруына бағытталған экономикалық саясатты жасауға да күш салады.

4. Микроэкономика – үй шаруашылықтары мен фирмалардың шешімдерді қалай қабылдаулары туралы, сондай-ақ осы экономикалық агенттердің өзара қалай әрекеттесуі туралы ғылым.

5. Экономикалық теория ғылыми категориялар әдісі – іске қатысты жоқ экономикалық және экономикадан тыс фактыларды экономикалық талдаудан шығарып тастау.

6. Талдау – біртұтас бүтіннің бөлшектерін жекелеп қарау.

7. Синтез – қаралатын біртұтас бүтін құбылыстың жеке бөлшектерден құралуы.

8. Индукция – фактылардан бастап жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

9. Дедукция – жалпыдан нақтылы экономикалық фактыға жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

10. Салыстыру – қаралатын құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

11. Аналогия (үйлестік) – бір немесе қасиеттерді белгілі құбылыстан белгісіз құбылысқа өткеру.

12. «Әртүрлі тең жағдайдағы» долбар дегеніміз – зерттелудегіден өзге барша факторлар долбармен келісім тауып тұрса, олар тұрақты деп қабылданады.

13. Экономикалық-математикалық үлгілеу - әртүрлі экономикалық құбылыстарды математикалық әдістермен формальды сипаттау болып табылады.


Қайталауға арналған сұрақтар


  1. Экономикалық теория нені зерттейді?

  2. Экономикалық зерттеу не үшін керек?

  3. Экономикалық теориядан зерттеу әдістері қолданылады?

  4. Микроэкономика мен макроэкономиканың айырма­сын түсіндіріңіз. Олар қалай өзара байланысқан?

  5. Экономистер неге үлгі (модель) құрады?

  6. Соңғы кезде қандай макроэкономикалық проблема­лар талқылануда?

Ш. Өз білімін бақылауға арналған тестілер
1. Экономикалық заңдар дегеніміз:

а) әлеуеттік-саяси қатынастардың экономикалық нормативтері

б) экономикалық құбылыстардың субъективті-психологиялық

бейнесі;


в) объективті, тұрақты қайталанып отыратын экономикалық

құбылыстардың себеп-салдарлы байланысының моделі

(үлгісі);

г) ғылыми зерттеудің ерекше әдістері.



2. Ғылыми методологияның мәні:

а) қоғам дамуын тарихи-логикалық бірлікте талдау;

б) адамның қоғамдағы рөлін айқындау;

в) ғылыми жүйелерді жасау;

г) жеке ғалымдар ілімі.

2 ТАҚЫРЫП. КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ


Дәрістің жоспары:

кәсіпорын капиталының айналымы мен айналысы;

негізгі және айналыс капиталы;

негізгі капиталдың табиғи және моральдық тозуы;

негізгі айналмалы қорлар.
Тақырыптың мақсаттары:

Тақырып материалымен танысқаннан кейін, сіз мынаны дұрыс түсіндіре аласыз:





Қоғамның мақсаты: шектеулі ресурстарды қолданып, игіліктерді өндіру. Бұл тақырыпта ресурстарды пайдалану мен олардың қозғалысын талдап, қорытынды жасаймыз.

Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бір жағынан ерекшеленген, екінші жағынан жеке ұдайы өндіріс жасай­тын өзара байланыстың формальдық жиынтығы болып табылады.

Жеке ұдайы өндіріс - тауар өндіру және табыс алу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.

І сатысы П сатысы Ш сатысы



ҚЖ

А - Т . . . Ө . . . Т1 - А1

ЖҚ
А - ақша қаражаты; Ө - өндіріс процесі;

Т (ҚЖ) - өндіріс құралдары; Т1 - дайын өнім;

Т (ЖК) - жұмыс күші; А1 - сатылған өнімнен

алынған ақша қаржысы.


Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыс­палы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы фак­торларының үш сатысының әрқайсысы белгілі бір функ­цияны атқарады:

  • біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады;

  • екіншісінде, тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады;

  • үшіншісінде, тауар сатылады және қызмет көрсетеді.

Сонымен бірге кәсіпкерлік іс-әрекет тауарлы өндіріс сферасында система ретінде қарастырылады.

1. (АЖК, содан кейін өндірістік технологиялық процесс (. . .Ө. . . ) және дайын өнім шығарылады (Т1 - А1), сөйтіп, оны сату арқылы тиісті табыс алынады.

Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы - инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйені: өндірістік, ақшалы және тауар формаларын қолдайды.

Айналым мен айналыс бір-бірімен аргономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашқы формасында авансталған құнын қайтарады. Бір бөлігі әрбір айналыстан кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: қолданылған шикі­заттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған құн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс фондасын құрайды.

Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).

Өндірістік капитал деп - томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын айтады.

Өздерінің натуралды - заттай құндарын көшіру тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа - негізгі және айналмалы капиталға бөлінеді.

Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жаб­дықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдер­де пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.

Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады.

Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып амортизациялық (өтелім) қорға айна­луын - амортизация (өтелім) деп атайды.

Амортизациялық мерзім - өндіріс құрал-жабдықтары­ның құнын, бөлінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеу қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.

Амортизациялық қор - негізгі қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты: экономи­ка­лық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, көбейту процесіне бір мезгілде қызмет көрсетеді.

Амортизация (лат. Amoctisatio - орнын толтыру) – не­гізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша қара­жа­ты­ның мақсаты - шоғырландыру және оларды тозған негіз­гі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану, құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бір бөлігі - негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады.

Өндірістің негізгі қорлары - өндірістік процеске тіке­лей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Бұлар еңбек құралдарының экономикалық формасы ретінде өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.

Физикалық тозу - еңбек өндірісі құралдарының бір­тіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.

Материалдық тозу деп - құнның екі себепке, яғни:

1) ұқсас, бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға,

2) өнімділігі жоғары, бірақ бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жойылуын айтады.

Табиғи және материалдық тозуды есептеу үшін амортизация нормасының маңызы зор.

Амортизация нормасы - деп амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың жылдық орташа құнына қатынасын айтады, ол пайызбен анық­та­ла­ды. Ол бірнеше жылдан кейін негізгі капиталдың құны өтелетіндігін көрсетеді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында жабдықтардың қызмет ету мерзімі қысқарады, сондықтан да өтімді жеделдету проблемасы пайда болады. Оны реттеу үкімет құзырында.

Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің жос­парлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлес­тіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.

Айналыс қорлары - өндірістің бір кезеңінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі.

Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аудары­лады. Айналым қорларының негізгі элементтері еңбек зат­тары. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, ыдыстар т.б.) тозатын еңбек құралдары кәсіп­орнының айналым қаражаты есебінен алынады.

Айналым уақыты - өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі бір уақыт кезеңінде ресурстардың жасаған айналым санымен анықталады:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет