Дәрістің түрі: Кіріспе дәріс. Дәрістің мақсаты


Тəрбие процесінің ерекшеліктері



бет2/3
Дата13.02.2022
өлшемі104.5 Kb.
#455335
1   2   3
1 ВФК-16-3к

5 Тəрбие процесінің ерекшеліктері.

Оқу жəне тəрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері əрқилы, дегенмен, бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу əдістері жəне формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.

Тəрбиелік іс-əрекет тəрбиешінің жекеленген əрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей енген (себебі оқу тəрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.

Оқу мен тəрбиенің ортақ белгілері:

- тəрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;

- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс-əрекеттің ұйымдастырылу формасына сəйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тəрбиелік ықпал жасайды;

- оқу жəне тəрбие процестерінде бірдей əдістер (түсіндіру, қадағалау жəне т.б.) пайдаланылады.

Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы принциптік айырмашылық: оқу барысында шəкірт əртүрлі ғылымдар негізін меңгереді, ал тəрбие процесі оқушының тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.

Тəрбие процесіне тəн ерекшеліктер:

- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нəтиже тиімділігінің кепілі);

- мақсаттар бірлігі (тəрбиеші мен тəрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);

- нəтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нəтиже бірден көрінбейді);

- көп жағдаяттылығы (тұлға көп əрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тəрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сəйкес келсе, тəрбие нəтижесі тиімді болады.

- ауыспалылығы (тəрбиеленуші мақсатты, көзделген жəне кездейсоқ əсерлерге бірдей кезігіп отырады).

- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мəртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тəрбие істерінің орнын баса алмайды);

- кешенділігі (тəрбие мақсаты мен міндеттерінің, мазмұн, форма жəне əдістерінің бірлігі);

- баламалылығы (тəрбиеленушілер даралық ерекшеліктері жəне əлеуметтік тəжірибесінің əр түрлілігімен ажыралады. Тəрбие процесінде бұлар ескерілуі шарт, себебі əсері бірдей болғанның өзінде де тəрбиелік нəтиже əрқилы болуы ықтимал);

- екі тараптылығы (тəрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ол ықпалды қабылдаушы - оқушы);

- тəрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;

- тəрбиеші тұлғасы – тəрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тəрбие процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);

- қарама-қайшылықты болуы (қарама-қарсылықтар тəрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).

Тəрбиенің негізгі қайшылықтары оқу-тəрбие процесінде кездесетін келесідей құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа шарттары мен оған дайындауға арналған əдістер мен формалардың ескіруі; адамның табиғи даму мүмкіндіктерінің шексіздігі мен бұл дамудың əлеуметтік жағдайлар бағдарламаларына тəуелді шегерілуі; адамның табиғаттан белсенді, əрекетшең болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта-ықыласы мен өмірлік процеске нақты қатысу үшін қажет тəжірибе, білім, ептілік пен дағдылардың жетіспеуі жəне т.б.

Сонымен, жоғарыда аталғандарды ескерумен келесідей қорытынды шығаруға болады: тəрбие процесі оқу процесімен бір қатар жүріп жатса да, ол бірнеше мəнді ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады.

Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.

Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет