Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет68/73
Дата21.10.2022
өлшемі1.58 Mb.
#463112
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
кабель

№6 зертханалық жұмыс. 
Өткізгішсіз желілер интерфейсі 
Жұмыс мақсаты: Өткізгішсіз желілердің үш типімен және олардың қолданылуымен, және 
өткізгішсіз желілерде мәліметтерді берудің төрт тәсілімен танысу. Масштабталатын модельдің желісін 
есептеуді автоматизациялау. Типологиясы көрсетілген берілген масштабталатын моделге арналған желінің 
құнын автоматты есептеу бағдарламасын жасау.
Теориялық бөлігі 
Өткізгішсіз желі
«Өткізгішсіз орта» сөз тіркесі желідегі өткізгіштердің мүлдем болмайды дегенді білдірмейді. Әдетте 


өткізгішсіз әрекеттер беру ортасы ретінде кабель пайдаланылатын желімен әрекеттеседі. Мұндай аралас 
компонентті желілер гибридті деп аталады.
Өткізгішсіз ортаның компоненттері: 
- жұмыс істеп тұрған кабельді желіге уақытша қосылуды қамтамасыз етеді; 
- жұмыс істеп тұрған кабельді желіге резервті көшіруді ұйымдастыруға көмектеседі; 
- жылжымалылықтың белгілі деңгейіне кепіл береді
- желінің мыс немесе тіпті оптикалық талшықты кабельдермен салынатын максималды созылуына 
шектеуді жоюға мүмкіндік береді. 
Кабельді орнату қиындығы – бұл өткізгішсіз ортаның артықшылығының факторы. Ол әсіресе келесі 
жағдайларда пайдалы болуы мүмкін: 
- адамдар лық толған ғимараттарда (мысалы, кіре берісте немесе қабылдау бөлмесінде); 
- бір орында жұмыс істемейтін адамдар үшін (мысалы дәрігерлер немесе медбибілер үшін); 
- оқшауланған мекемелермен ғимараттарда; 
- жобалауы жиі өзгеретін мекемелер
- кабельді орнатуға болмайтын құрылыстарда (мысалы, тарих немесе сәулет ескерткіштерінде). 
Өткізгішсіз желілер типтері 
Технологияларына байланысты өткізгішсіз желілерді үш типке бөлуге болады: 
- жергілікті есептеу желілері
- кеңейтілген жергілікті есептеу желілері; 
- жылжымалы желілер (тасымалданатын компьютерлер). 
Осы желі типтерінің арасындағы негізгі айырмашылық – беру параметрлері. Жергілікті және 
кеңейтілген жергілікті есептеу желілері желі жұмыс істеп тұрған ұйымға тиісілі берумен қабылдағышты 
пайдаланады. Тасымалданатын компьютерлер үшін сигналдарды беру ортасы ретінде АТ&Т, MCI, 
жергілікті телефон компаниялары және олардың жалпыға ортақ қызметтері пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет