Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет16/73
Дата21.10.2022
өлшемі1.58 Mb.
#463112
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
кабель

NetBIOS/SMB стегі.
Microsoft және IBM фирмалары дербес компьютерлерге арналған желілік құралдарды жасауда бірлесіп 
жұмыс істеді, сондықтан NetBIOS/SMB хаттамаларының стегі олардың бірлескен еңбегінің нәтижесі болып 
табылады. NetBIOS/SMB құралдары 1984 жылы желілік сервистерді іске асыру үшін SMB (Service Message 
Block) хаттамасын қолданбалы деңгейде қолданған (2.11 сурет) IBM фирмасының PC NetWork желілік 
бағдарламасына арналған IBM PC базалық енгізу/шығару жүйесінің (BIOS) стандарттық функцияларын 
желілік кеңейту ретінде пайда болды.
NetBIOS хаттамасы ашық жүйелердің: желілік, көліктік және сеанстық жүйелердің өзара әрекеттесу 
үлгісінің үш деңгейінде жұмыс істейді. NetBIOS IPX және SPX хаттамаларына қарағанда жоғарырақ 
деңгейдегі сервисті қамтамасыз ете алады, дегенмен, маршруттау қабілеті жоқ. Осылайша, NetBIOS осы 







SAR 
NCP 
SPX 
IPX 
RIP 
NLSP 
Ethernet, Token Ring, FDDI, и другие 


сөздің қатаң мағынасында желілік хаттама болып табылмайды. NetBIOS-те желілік, көліктік және сессиялық 
деңгейге жатқызуға болатын көптеген пайдалы желілік функциялар бар, дегенмен оның көмегімен 
дестелерді маршруттау мүмкін емес, өйткені NetBIOS кадрлармен алмасу хаттамасында желі сияқты түсінік 
енгізілмеген. Бұл NetBIOS хаттамасын ішкі желілерге бөлінбеген жергілікті желілердің қолдануын 
шектейді, бұл оның құрамдас желілерде қолданылуын мүмкін емес етеді. NetBIOS дейтаграммалық 
алмасуды да, қосылыстарды орнататын алмасуды да қолдайды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.11. сурет. NetBIOS/SMB стегі. 
OSI үлгісінің қолданбалы өкілдік деңгейлеріне сәйкес келетін SMB хаттамасы жұмысшы станцияның 
сервермен өзара әрекетін реттейді. SMB функциясына келесі операциялар кіреді:

Сессияны басқару. Жұмысшы станция мен файлдық сервердің желілік ресурстарының арасындағы 
логикалық арнаны жасау және үзу.

Файлдық қолжеткізу. Жұмысшы станция файл-серверге каталогтарды жасауға және өшіруге
файлдарды жасауға, ашуға және жабуға, файлдарға оқуға және жазуға, файлдардың атын өзгертуге және 
өшіруге, файлдарды іздеуге, файл атрибуттарын алуға және орнатуға, жазбаларды бұғаттауға сұраныспен 
жүгіне алады.

Баспа сервисі. Жұмысшы станция файлдарды басып шығару үшін серверде кезекке қоя алады және 
баспа кезегі туралы ақпаратты ала алады.

Хабарламалар сервисі. SMB келесі функциялары бар қарапайым хабарламаларды беруді қолдайды: 
қарапайым хабарлама жіберу, кеңхабарлау хабарламасын жіберу, хабарлама блогының басын жіберу, 
хабарлама блогының мәтінін жіберу, хабарлама блогының соңын жііберу, қолданушының атауын жіберу, 
жіберуден бас тарту, машинаның атын жазу.
NetBIOS ұсынған API функциялары қолданатын қомысшалардың саны көп болғандықтан, көптеген ОЖ-
де бұл функциялар өздерінің көліктік хаттамаларына интерфейс түрінде іске асырылған. NetWare-де IPX 
хаттамасының негізінде NetBIOS-тың фукнцияларын эмуляциялайтын бағдарлама бар. Windows NT және 
TCP/IP стегіне арналған NetBIOS бағдарламалық эмуляторлар бар.
SNA стегі. DECnet стегі. OSI үлгісінің деңгейлеріне коммуникациялық жабдықтардың түрлерінің 
функционалдық сәйкестігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет