Бұл үлгі OSI үлгісіне өте ұқсас: ол да атаулары ұқсас жеті деңгейден тұрады:
1.
физиклық деңгей (Physical Layer) – физикалық қосылысты қамтамасыз етеді.
2.
Деректер байланысын басқару жүйесі (Data Link Control) деректерді түйіндердің арасында береді.
Бұл деңгейде деректерді беру үшін SDLC хаттамасы қолданылады – OSI хаттамалары стегінің HDLC
хаттамасының (OSI үлгісінің арналық деңгейіне сәйкес келеді) ішкі жиынтығы болып таблатын, деректерді
синхронды беру хаттамалары.
3.
Маршрутты басқару (Path Control) – деректердің дестелерін бастауы мен жету түйіні
арасында
маршруттайды (OSI үлгісінің желілік деңгейіне сәйкес келеді). Бұл хаттамада маршруттаудың
дейтаграммалық принципі қолданылады - әрбір хабарлама – бұл тәуелсіз дейтаграмма. Жол көрсетудің екі
әдісі қолданылады: анық және виртуалдық. Анық жол кезінде әрбір түйінде осы жолдардың сипаттамасы
бар маршруттар кестесі жасалады. Анық жолдар динамикалық өзгере алмайды. Виртуалдық жол (логикалық
қосылыс) анық жолдың үстіне салынған қосмша болып табылады және жұп түрінде болады – анық жол және
беру басымдығы (ол сервистің сапасын анықтайды). Әртүрлі виртуалдық жолдарға бір анық жол сәйкес келе
алады.
4.
Беруді басқару (transmission Control) – деректерді алмасу жылдамдығын келістіреді (OSI үлгісінің
көліктік деңгейіне сәйкес келеді)
5.
Деректер ағынын басқару (Data Flow Control) – деректерді алмасуды синхрондайды (OSI үлгісінің
көліктік деңгейіне сәйкес келеді)
6.
Көрсету қызметі (Presentation Services) – деректерді форматтайды (OSI үлгісінің өкілдік деңгейіне
сәйкес келеді)
7.
Транзакция қызметі (Transaction Services) - құжаттарды алмасуды
және таратылған деректер
қорына қол жеткізуді басқарады (OSI үлгісінің сессиялық деңгейіне сәйкес келеді)
SNA желісінде логиклық құрылғылардың арасында өзара әрекеттесу жүреді (Logical Unit - LU):
логикалық құрылғылар соңғы қолданушыларды (бұл жағдайда олар IBM 3270 терминалымен көрсетілген)
немесе қолданбалы бағлардамаларды көрсете алады. Соңғы қолданушылар арасындағы байланыс LU-LU
сеансы деп аталатын сәйкес логикалық құрылғылар арасындағы логикалық байланыс арқылы іске асады.
Желі арқылы өзара әрекеттесуді LU-LU сеансы орнағаннан кейін ғана, және өзара әрекеттесуге қатысатын
логикалық құрылғылардың типі анықтайтын хаттамалар бойынша ғана іске аса алады. Мысалы, LU1
құрылғысы арқылы қолданбалы бағдарламадан қарапайым принтерге және жазу машинкасы түріндегі
терминал пернетақтасына, LU2 және LU3 құрылғылары арқылы – дисплейлерге және сәйкесінше IBM 3270
деректер ағыны бар дисплейлік кешендердің принтеріне қол жеткізуге болады. LU 6.2. түріндегі логикалық
құрылғылар арқылы қолданбалы бағдарламалар арасындағы өзара әрекеттесу жүреді.
SNA стегінде Logical Unit Type 6.2 Advanced Program-to-Program Communications (APPC немесе SNA LU
6.2) деп аталатын LU 6.2 түріндегі екі құрылғылардың арасындағы өзара әрекеттесу хатамасы OSI үлгісінің
желілік деңгейінің хаттамасының ролін атқарады – ол гетерогендік желілерде деректерді беруді
ұйымдастырады.
АРРС хаттамасы Subarea SNA деп аталатын IBM компаниясының желілік сәулетінің бірінші буынына
жатады. Ол туралы 1974 жылы жарияланған болатын.
Subarea SNA сәулетіне сәйкес, желінің негізгі
концентраты мейнфрейм болған, онда Virtual Telecommunications Access Method (VTAM) бағдарламалық
қамтамасыздауы жұмыс істеген. Мейнфрейм желідегі барлық коммуникациялардың орнатылуы үшін жауап
берген. SNA желілік сәулетінің екінші буыны болып APPN – Advanced Peer
to Peer Networking сәулеті
табылады, ол IBM компаниясының желі аралық өзара әрекеттесуінің стратегиясының негізгі компоненті
болып табылады.
APPN сәулеті SNA-ны оларда орта кластағы компьютерлер бір рангтік әрекет етуді қажет ететін
мейнфреймдері жоқ есептеу орталарына арнап кеңейту үшін жасалған.
APPN-нің қосылыстары бір рангтік болып табылады және кез-келген соңғы қолданушыға,
осы процеске
мейнфреймді қоспай кез-келген екінші соңғы қолданушымен жалғасуды бастауға мүмкіндік береді.
APPN желілік әкімшілеуді анықтамалық және маршруттық ақпаратты динамикалық жасаудың есебінен
жеңілдетеді. APPN SNA сессиясының трафигіне басымдық беруді қамтамасыз ететін қызмет ету класын
(Class of Service, COS) енгізеді, ол сервистің қазіргі кезде бар кластарын олрдың соңғы түйіндердің деңгейін
дейін кеңейту жолымен және бөлешектеудің үлкен дәрежесін қамтамасыз ету жолымен жақсартады.
APPN желісі арқылы Dependent LU Requester (DLUR) көмегімен SNA –трафикті беруге болады.
APPN-ді келесі жағдайларда қолдану ұсынылады:
-
соңғы қолданушы басымдық беру ретін жеткіліксіз бөлшектеп анықтаған жағдайда,
мысалы ол
басымдығы төмен қосымшаларды да, басымдығы жоғары қосымшаларды да орындағанда;
-
SNA-трафик трафиктің негізгі бөлігін құрағанда, ал желінің инфрақұрылымы және қызмет
көрсетуші қызметкерлердің тәжірибесі негізінен SNA сәулетіне сәйкес келгенде;
-
AS/400 немесе OS/2 сияқты таратылған платформаларға арналған клиент-сервер сәулетінде LU6.2
қосымшалары көп болғанда;
-
Мейнфрейм арқылы өтпейтін, SNA-трафиктің бір рангтік маршрутталуы қажет болғанда.
SNA трафигі мен NetBIOS–ты TCP/IP (RFC-1434) және frame relay (RFC-1490) дестелеріне
инкапсуляциялау әдістерін анықтайтын екі стандарттар бар. SNA-ны TCP/IP-ге инкапсуляциялау әдісі Data