Қан құю кезінде және оған дейінгі жүргізілетін сынақтар - Қан құю кезінде және оған дейінгі жүргізілетін сынақтар
- Әрбір науқасқа қан құю алдында төмендегі шараларды ескеру қажет:
- 1. Қан құюға лайықты болатын көрсеткіштерді салыстыра сынап бағалау.
- 2. Науқастан қан құюдан кейінгі сырқатнама жинау, әйелдерден қан құю кезіндегі немесе гинекологиялық өзгерістермен және резус фактор жүйесімен байланысты ерекшеліктерді ескеріп қан құюдан кейінгі сырқатнама жинау керек.
- 3. Аурудың қан тобына, резус факторына байланысты сақтауға дайындалған сәйкес келетін қанды таңдап алу және сақталу мерзіміне де сәйкес келетінін ескеру қажет.
- 4. Сақталуға дайындалған қанның жарамдылығын көріп, бақылап, анықтау.
- 6. Ауру мен донордың резус – факторы анықталады.
- 7. Сақталуға дайындалған қанды жайлап араластыру, бірақ шайқап, теңселтпеу керек.
- 8. Жеке сәйкестікке сынақ жүргізу. Табақшаға ауру сарысуының үлкен тамшысын алады және донордың қанын 10 есе аз мөлшерде алып араластырады. Егер желімденіп жабысу жоқ болса, онда донордың қаны жарамды сәйкес келеді. Желімдену бар болған кезде қанды құюға болмайды.
- 9. Резус сәйкестікке сынақ жүргізу. Бұл сынақ лайықты жылылықты талап етеді. Петри табақшасына реципиент сарысуын тамызады және донор эритроциттерінің 10 есе аз тамшысын тамызып араластырады. Петри табақшасын су моншасына 42º - 45ºС жылылықта 10 мин. қояды. Желімденіп, жабысу болған жағдайда қанды құюға болмайды және резус – факторы бойынша да сәйкес келмейді. Желімденіп жабысу болмағанда ғана қанды құюға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |