Клиникалық ағымының ауырлығына байланысты қан құйылғаннан кейінгі өзгерістерді 3 дәрежеге бөледі: жеңіл, орташа және ауыр. - Клиникалық ағымының ауырлығына байланысты қан құйылғаннан кейінгі өзгерістерді 3 дәрежеге бөледі: жеңіл, орташа және ауыр.
- Жеңіл дәрежесі – дене қызуының көтерілуімен, қалтырауымен, кеуде, бел, бас ауыруымен, аяқ -–қол бұлшық еттерінің сырқырап, сыздап ауыруымен сипаталады. Бұл көрсетілген өзгерістер қысқа мерзімді және оларды орнына келтіру үшін арнайы емдік шаралар талап етілмейді.
- Орташа дәрежесі - дене қызуының 1,5 –2º-қа дейін көтерілуі, тоңу, қалтырау күшеюімен, жиірек тамыр соғуымен және тыныс алу жиілеп, ентігу, жүрек соғуы жиірек болады. Бір - қатар жағдайларда есекжем, бөртпе, қышыма пайда болуы мүмкін.
- Ауыр дережесі – қан құйылғаннан кейін дене қызуы 38-39ºС –тан жоғары болуымен, дірілді қалтырау байқалады, еріннің көгеруі, ессіздік, құсу, кеуде, бел аймағындағы ауыру сезімі күшейеді, демікпе, есекжем болуымен, қышыма, бөртпелер кұшеюімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |