217
Сүлеймен қарақшы
Шалпар тоқтар емес. “Қане, қайда мылтық, оқ-дәрiлерiң?”
—
деп арбаның ана шетiне бiр, мына шетiне бiр шығып, шөп
арасына қолын сұғып-сұғып қояды. Бiр кезде қолы Сүлейменнiң
денесiне тиiп кеттi.
— Жұп-жұмсақ бiрдеңе жатыр ғой мұнда, — деп сол тұстың
шөбiн аудара бергенде, Сүлеймен оның екi қолынан шап берiп
өзiне қарай тартып қалды. Шалпардың кiндiк тұсы арбаның
шарабасына оңбай соғылды да, бетiмен шөпке етпеттей құлады.
Үстiндегi шөптi басымен сiлкiп-сiлкiп тұра келген Сүлеймен
оның қолдарын босата салып, алқымына жармасты. Ажан қарап
тұрмай, қанжарын Шалпардың
жауырын астына кiрш еткiзiп
сұқты да, аяқтарын көтерiп, арба үстiне лақтырып жiбердi.
Сүлеймен оның қаба сақалы мен сықсиған көзiн көргенде бар
ашуы
сыртқа атып, алақанында тұрған жуан мойынды тiстене
мытып-мытып жiбердi. Не болғанын түсiнбей де қалған Шалпар
сорлы аяқтарын бiр-екi рет тыпырлатуға ғана шамасы келдi.
— Жап үстiме шөптi. Ендi Исламқұлға тарт!
— Ә-ә, мұның жөнi жүдә оңай келдi. Жатсайшы өзiң. Мұны
қатарыңа жатқыз.
Ажан шөптi екеуiнiң үстiне үйдi. Арба шиқылдай орнынан
қозғалды.
Сүлеймен ол қашан тоқтағанша, шөп астында қырынан жатып
алып, Шалпардың мойнынан қолын босатпады. Шалпардың
алқымын қайта-қайта мыты. “Иттiң
Ажанның қанжарынан тез
өле қалғанын қарашы. Бiраз алысып, айызымды қандырғанымда
болар едi”.
Көп өтпей арба тағы тоқтады.
— Сүлеймен, әзiрше жан-жақта ешкiм жоқ. Шөп астынан тез
шық та, қатарыма отыр. Исламқұлдың үйiне қатар кiремiз.
— Келдiк пе? Қайсы үйi? Сұмырай, үйiн хан қорғанындай қып
қоршапты ғой. Үйiне кiру үшiн не сылтау табамыз?
— Кешегi келiскен сөзiмiздi айтамыз да. Жүр, малай-құлдары
малдарымен әуре болып жатқанда, Исламқұлдың отырған
бөлмесiне кiрiп алайық.
Екеуi арбадан түсiп, қақпаға жақындады.
Оны бiр-екi рет
ұрғанда iш жақтан белiне ұзын қылыш таққан бiр жiгiт есiк ашты.